Кілттік кадрларды басқару
Қабат көлемінде кез келген жерге кілттік кадрлар орналастыруға болады. Кілттік кадр өзіне дейінгі кілттік кадрдың мазмұнын қайталайды, бірақ оны өзгертуге болады. Сонымен қатар бұған дейінгі кілттік кадр мазмұнын қайталамайтын бос кілттік кадрлар орналастыруға болады. Ол үшін кадрдың контекстік менюінен Insert→Blank Keyframe (F7) орындау керек. Уақыт шкаласындағы кадрларды кілттік немесе бос кілттік кадрларға түрлендіруге болады, ол үшін кадрдың контекстік менюінен Convert to Keyframe (кілттік кадрға түрлендіру) немесе Convert to Blank Keyframe (бос кілттік кадрға түрлендіру) командасының бірін орындау керек.
Уақыт шкаласындағы кадрлардың орнын ауыстыру үшін оны ерекшелеп алып, жаңа орнына (басқа қабатқа да) тартып орналастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |