Қозғалысты бағыттаушы
Қозғалысты аралық бейнелеуде Flash екі кілттік кадрдағы объектілердің орналасу орнына дейінгі ең аза аралықты жүргізеді. Қозғалыстың дұрыс траекториясын алу үшін қозғалысты бағыттаушы жасау керек. Ол үшін:
Ball.fla файлын ашамыз.
Доптың жерге құлап, қайта секіру иллюзиясын жасау үшін доптың жерге тиетін нүктені жылжыту керек. Timeline-нан 12-ші кадрды ерекшелейміз.
Arrow инструментімен допты жұмыс облысының оң жағына қарай жылжытамыз.
Анимацияны жүргізіп көреміз.
Доп орналасқан қабатты ерекшелеп Insert→Motion Guide командасын орындаймыз. Қозғалысқа бағыттаушы қабат қосылады.
Pen (Перо) инструментін алып, жұмыс облысында жоғарыдан төменге қарай доптың шынайы құлау траекториясын сызамыз.
Доп орналасқан қабаттан бірінші кадрды шертіп қасиеттер инспекторындағы Snap (Байланыстыру) опциясының қосылуын қадағалаймыз. Бұл кезде объектіні аралық бейнелеуді тіркеу нүктесі қозғалысты бағыттаушы траекторияға байланыстырылады, нәтижесінде доп бағыттаушының шеткі нүктесіне байланысады.
Доп қабатында он екінші кадрды шертіп, Arrow инструментінің көмегімен доп траекториясының соңғы нүктесіне байланыстырылғанға дейін жылжытамыз.
Анимацияны жүргіземіз. Файлды ball2.fla атымен сақтаймыз. Бұндай схема объектілер қозғалысты бағыттаушы траекториясының бастапқы және соңғы нүктесіне байланыстырылған болса ғана жұмыс істейді. Жарияланатын фильмде бағыттаушы траектория көрінбейтін болғандықтан оның түсі маңызды емес.
Реттеу
Flash фильмінің кадрларды ауыстыру жиілігі тұрақты шама болып табылады. Объектінің орын алмастыруын аралық бейнелеуде кілттік кадрлар арасындағы кадрлар санына сәйкес болады. Алайда бұл кезде қозғалыстың табиғилығы сақталмауы мүмкін. Әдетте барлық қозғалыс біртіндеп басталып, біртіндеп аяқталады. Алайда бұл сыртқы әсер болмағанда ғана орындалады. Сыртқы күш (мысалы: доптың ауырлық күшінің әсерінен құлауы) әсер еткенде жылдамдықтың ауытқуын имитациялау үшін аралық кадрлар арасындағы өзгеру жылдамдығын коррекциялайтын реттеу параметрін жөндеу керек. Параметрдің теріс мәндері ( ) бастапқыда жылдамдықтың жоғары болып кейіннен азаюына, ал оң мәні ( ) бастапқыда жылдамдықтың аз болып кейіннен артуына сай келеді.
Құлап бара жатқан доп анимациясын реттеу үшін:
ball2.fla файлын ашу.
доп қабатында шертіп, қозғалыстың аралық кадрын ерекшелейміз.
Timeline панелінде Onion Skin (калькирование, калькілеу) батырмасын шертеміз. Onion Marker (калькілеу маркері) батырмасын шертіп, ашылмалы тізімнен Onion All (Барлығын калькілеу) бөлімін таңдаймыз.
Қасиеттер инспекторы панелінде Ease (Реттеу) (мысалы: 30) жүгіртпесін жоғары қарай тартамыз, бұл құлау анимациясының төменгі облыста тезірек жүруін қамтамасыз етеді. Калькілеу режимі қосылып тұрғанда жылдамдық өзгерісі әртүрлі кадрлардағы объектілердің арақашықтығы арқылы көрсетіледі.
Файлды ball3.fla атымен сақтаймыз. Control→Test Movie (Басқару→Фильмді тестілеу) командасымен фильмнің ойнатылуын тексереміз.
Калькілеу
Негізінде жұмыс облысында тек ағымдағы бір ғана кадр көрініп тұрады. Алайда калькілеу режимін қосу арқылы бірнеше кадрды бір мезетте көруге болады. Аралық бейнелеуді жасауда калькілеу режимі туралау және реттеуді тексеру үшін пайдаланылады.
Калькілеу бейнені уақыт өтуіне жіктеуді түзету үшін тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |