Line инструменті. Түзу сызықтарға арналған негізгі инструмент. Сызу барысында Shift-ті басып тұру арқылы түзуді горизонталь, вертикаль немесе диагональ бойынша орналастыруға болады. Инструментті тұйық контурлар салу үшін пайдалануға болады.
Pencil инструменті. Дұрыс емес формадағы бейнелер мен түзулерді салады. Options параметрі арқылы түзуді түзету, тегістеу немесе бүдір-бүдір етіп салуды баптауға болады.
Oval және Rectangle инструменті. Қарапайым фигураларды салу үшін пайдаланылады. Дұрыс шеңбер немесе квадрат салу үшін Shift пернесін пайдалану керек. Сонымен қатар доғалданған тіктөртбұрыш салуға Rectangle-дың Round Rectangle Radius параметрін пайдалану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |