Қозғалысты аралық бейнелеу
Аралық бейнелеудің екі түрі бар: форма және қозғалыс. Қозғалысты аралық бейнелеуде орналасу орнының өзгеруі, масштаб, айналу, түс, бейненің мөлдірлігі интерполяцияланады. Форманы аралық бейнелеуде бірінен екіншісіне жаймен ауысу интерполяцияланады. Аралық бейнелеу тек бір қабат көлемінде ғана жасалынады. Аралық бейнелеу үшін объектінің бір қабатта орналасқаны және олардың символдар немесе группа болғаны керек. Объектілерді символдарға түрлендірмей аралық бейнелеу жасайтын болсақ, уақыт шкаласындағы кілттік кадрлардың арасында пунктирлі түзу пайда болғанда қасиеттер инспекторы панелінде ескерту белгісі шығады.
Бұл белгілер аралық бейнелеудің аяқталмағандығын сипаттайды және анимацияны ойнатуда аралық бейнелеудің жүзеге аспағандығы көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |