Білім беру бағдарламасы- компьютерлік анимация



бет52/107
Дата03.01.2022
өлшемі0.73 Mb.
#451310
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   107
Компьютерлік анимация УМКД

Кадраралық эффектілер

Flash-те анимацияның екі типі бар: кадрлық және кадраралық. Кадрлық анимацияда жұмыс облысының мазмұны әр кадр сайын өзгереді және бірнеше кілттік кадрлар тізбегінен тұрады.

Аралық бейнемен жүзеге асатын анимация – стационар емес кілттік кадрлармен сипатталады. Бір қабатта орналасқан екі кілттік кадр алынады да, бір жағдайдан екінші жағдайға қарай жұмыс облысының мазмұны біртіндеп өзгертіледі.

Кілттік кадрлар арасындағы айырмашылықты интерполяциялау процедурасы аралық бейнелерді жасау немесе кадрларды толтыру деп аталады.

Қарапайым доптың секіруі қозғалысының анимациясын жасау үшін:


  1. File→New (Ctrl+N) жаңа құжат жасау.

  2. Oval (Овал) инструментін ерекшелеп штрихсіз (No strokes) қызыл бояуды таңдау.

  3. Shift пернесін басып тұрып, жұмыс облысының жоғарғы жағына дөңгелек саламыз.

  4. Дөңгелекті ерекшелеп, оны символға түрлендіреміз (F8-ді басу). Convert to Symbol сұқбаттық терезесінен символға ball атын, Behavior ретінде Graphic (Графика), Registration опциясының ортадағы квадратын шертіп, OK батырмасымен сұқбаттық терезені жабамыз.

  5. Допты қозғалту керек. Ол үшін Timeline-да 12 кадр белгілеп кілттік кадр қою керек. Жұмыс облысында ешетеңенің өзгермеуін қадағалау керек.

  6. Arrow (Стрелка) инструментінің көмегімен дөңгелекті жұмыс облысының төменгі жағына орналастыру керек.

  7. Фильмді Enter-ді басу арқылы жүргізіп көреміз. Ойнату кезінде доп 11 кадр бойы жұмыс облысының жоғары жағында тұрады да, 12-ші кадрда төменге секіреді.

  8. Доптың жұмыс облысының төменгі жағына біртіндеп қозғалуын ұйымдастыру үшін бірінші 12 кадр арасынан кез келген кадрды белгілеп, контексті менюден Create Motion Tween (Аралық қозғалыс эффектісін жасау) бөлігін (Object Inspector-да Tween өрісіне Motion мәнін орнату) таңдау керек.

  9. Фильмді қайта жүргізіп көріңіз. Енді доп барлық 12 кадрда біртіндеп төмен түседі.

  10. Анимацияны ball.fla атымен сақтаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет