Білім беру бағдарламасы- компьютерлік анимация



бет65/107
Дата03.01.2022
өлшемі0.73 Mb.
#451310
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   107
Компьютерлік анимация УМКД

Дыбыстарды синхрондау

Дыбыс анимация секілді кадрларда емес уақыт өтуімен жүзеге асырылады. Оның бүтіндігін сақтау үшін дыбыс бір қалыпты жылдамдықпен бріледі. Ойнату жылдамдығын өзгерткенде оның жиілігі өзгереді де, мүлде басқа дыбыс шығады. Онымен салыстырғанда анимацияны жүргізуге, тоқтатуға немесе кадрлардан кадрларға өтуге болады.

Өкінішке орай кинофильмге ендірілген дыбыс жолағы сияқталған, дыбыс пен суретті абсолютті дәл синхрондау әдісі жоқ. Сондықтан дыбысты керекті жерге орналастырып, оны жеткізуді (ойнатуды) оптимизациялау керек.

Flash-те фильмге дыбыс қосудың екі әдісі бар, олар фильмде ненің дыбыс немесе анимация бірінші болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Оқиғалық дыбыстар анимацияға тәуелді (немесе екінші ретті) болып келеді. Бұл кезде дыбыстың ойнатылуы қандай да бір оқиғадан (мысалы: батырманың үстіне тышқан көрсеткішін апару немесе оны шерту, уақыт шкаласындағы қандай да бір кадрлардың ойнатылуы т.с.с.) байланысты болады. Ойнатылу басталғаннан кейін оқиғалық дыбыстар уақыт шкаласына тәуелсіз ойнатыла береді. Тіпті фильмнің ойнатылуы тоқтаса да, оқиғалық дыбыстың ойнатылуы кезінде өздігінен иницияланған оқиға қайталанса, бірінші дыбыстың ойнатылуы жалғаса береді де, онымен бір мезетте екінші дыбыс онатылады.

Оқиғалық дыбыстар оларды пайдалануды бастамай тұрып, толығымен жүктеп болуы керек. Егер оқиғалық дыбыс фильмнің бірінші кадрында болса, пайдалану үшін оның аяқталуын күтуге тура келеді.

Синхрондаудың екінші әдісі дыбыстық ағындарды пайдалану болып табылады. Ағындық дыбыстар дыбыстық жолақтарға ұқсайды. Бұл кезде дыбыс негізгі болады да, қажет болған жағдайда Flash анимацияның кадрын алып тастауы мүмкін. Ағындық дыбыс уақыт шкаласына байланған. Фильмді жүргізу немесе тоқтату кезінде мұндай дыбыс ойнатылады немесе тоқтатылады, егер уақыт шкаласында дыбыс мазмұнынан аз кадр болса, уақыт шкаласының соңғы кадры ойнатылып болған соң дыбыс ойнатылуы тоқтатылады. Ағындық дыбыс әдетте жүктеу басталысымен ойнатылады, сондықтан оны фондық үздіксіз дыбыс ретінде пайдалану ыңғайлы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет