Дыбысты редакциялау
Дыбысты фильмге орнатқаннан кейін Flash оны редакциялауға (өңдеуге) мүмкіндік береді. Дыбысты толықтай өңдеу мүмкін болмағанымен, дыбысты ойнату әдісін өзгертуге болады. Ол үшін қасиеттер инспекторындағы Effect (эффект) тізімі пайдаланылады, ол дыбыстың дауысын (громкость) реттеуге (Fade In(күшщейту, өсіру), Fade Out (өшіру) опциясы) мүмкіндік береді.
None (жоқ) опциясы (үнсіз келісім бойынша) таңдалса дыбысқа ешқандай эффект қолданылмайды. Left Channel (сол жақ канал) және Right Channel (оң жақ канал) параметрі дыбыстық каналдың тек бірін ғана ойнатуға мүмкіндік береді. Fade Left to Right (солдан оңға қарай өшу) және Fade Right to Left (оңнан солға қарай өшу) параметрі ойнатылу кезінде бір каналдан екінші каналға қарай ығысуды жүзеге асырады да, панорамалау эффектісін тудырады.
Custom (Баптау) немесе Edit (өңдеу) батырмасының бірін шерткенде Edit Envelope (огибающая-жанаманы өңдеу) деп аталатын дыбыс даусын басқаруға арналған күрделі элементтерден тұратын терезе шығады.
Дыбыс толқынындағы дыбыстың ойнатылу басын алу үшін Time In (ойнатылу уақыты) жүгіртпесін қажетті жерге қою керек. Time Out (Аяқтау уақыты) жүгіртпесі арқылы дыбыстың ойнатылып өтетін уақытын анықтауға болады. Осы параметрлер арқылы дыбыстың тек белгілі бір бірлігін ғана ойнатуға болады.
Дыбыс каналдарында орналасқан огибающая жанама маркерлері сол каналдағы дыбыс даусын реттеуге мүмкіндік береді. Әрбір каналда терезе ашылған сәттен бастап бір маркерден болады. Дыбыстың толығымен даусын өзгерту үшін маркерді жоғары немесе төмен жылжыту керек. Дыбыстың жекелеген бөліктерінің дыбыс дауысын реттеу үшін жанама қатарында шертіп, қосымша маркерлер (жалпы саны 8-ден аспау керек) қосып, оларды керекті жаққа қарай жылжыту керек.
Zoom In (масштабты үлкейту) және Zoom Out (масштабты кішірейту) батырмасы дыбыстық файл бөліктерін үлкейту үшін немесе дыбыс толқынын толығымен көрсету үшін пайдаланылады. Seconds (секундтар) немесе Frames (кадрлар) батырмасы дыбысты уақытқа немесе кадрларға сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Play (ойнату) және Stop (Тоқтату) батырмасы енгізілген өзгерістерді алдын алатыңдау үшін пайдаланылады.
Дыбысты циклдік ойнатуға болады. Ол үшін дыбыс экземплярын ерекшелеп, қасиеттер инспекторындағы Loop (цикл) өрісіне қажетті санды енгізу керек. Дыбыстың үздіксіз болуын қамтамасыз ету үшін оған үлкен мән берген дұрыс.
Дыбысты басқару
Дыбыс ойнатылуының басы мен аяғын уақыт шкаласындағы кілттік кадрлар арқылы реттеуге немесе ActionScript көмегімен Sound (Дыбыс) объектісіне қол жеткізу арқылы дыбысты басқаруға болады. Дыбыстың уақыт өтуімен жүзеге асатынына қарамастан оны кілттік кадрларды пайдалану арқылы кадрлардың мазмұнына байланыстыруға болады. Sound объектісі дыбыс ойнатылуын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктерін береді.
Кілттік кадрлар
Дыбысты анимациямен синхрондауда дыбыстың ойнатылу басы мен аяғын белгілеу үшін кілттік кадрлар пайдаланылады. Анимацияға дыбыс қосу үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
Дыбысқа арналған жаңа қабат жасап, дыбыс ойнатылуы басталатын жерде кілттік кадр әзірлеу керек.
Дыбыс қабатындағы кілттік кадрды ерекшелеп, библиотекадан дыбыс экземплярын жұмыс облысына орналастырамыз, нәтижесінде дыбыс уақыт шкаласына байланыстырылады.
Дыбыс аяқталуы керек жерге кілттік кадр орнату.
Қасиеттер инспекторында дыбысты синхрондау әдісін және алдын ала тыңдау режимін қосып, Enter пернесін басу.
Достарыңызбен бөлісу: |