ВИДЕО (БЕЙНЕ) НЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ
Flash-тегі видео
Flash – ке импортталған кез келген объектінің сапасы секілді Flash – гі видео сапасы импортталған видео сапасына байланысты болады. Сондықтан оның Flash – те атқаратын қызметін ескере отырып, алдын – ала өңдеп алған дұрыс.
Видеоны импорттау
Компьютерде Quick Time 4 немесе Direct X7 орнатылған болса, Flash келесі кестеде көрсетілген видеоформаттарды қолдай алады.
Файл типі
|
Қажетті драйверлер
|
Платформа
|
Audio Video Inter/ eaved (.ari)
|
QT4, DirectX7 немесе одан жоғары
|
Macintosh, Windows
|
Digital Video (.dv)
|
QT4
|
Macintosh, Windows
|
Motion Picture Experts Group (.mpg, .mpeg)
|
QT4, DicectX7 немесе одан жоғары
|
Macintosh, Windows
|
Quick Time Movie (.mov)
|
QT4
|
Macintosh, Windows
|
Windows Media File
(.wmv, .ast)
|
DicectX7 немесе одан жоғары
|
Windows
|
1-кесте импортталатын видеофайлдар форматтары
Sorenson Spark қосымшасының көмегімен Macromedia Flash video (.flv) формат QT немесе DicectX–сіз ақ импорттала беріледі. Flash–те видеоны импорттау, экспорттау Sorenson Spark кодегінің көмегімен жүзеге асырылады. Кодек – кодер–декодер, яғни берілгендер компрессор–декомпрессоры. Видеоны сығу видео берілгендерді көрсетуге қажетті биттер санмен азайту арқылы жүзеге асады.
Видео берілгендерді 2 әдіспен сығуға болады, кеңістікке және уақытқа қатысты. Кеңістіктік немесе кадрішілік сығуда берілгендер басқа аралық сығуда тізбекті кадрлардағы мазмұн салыстырылады да, тек олардың арасындағы айырмашылық ғана сақталады. Sorenson Spark кодегі 2 әдістердің де тиімді жақтарын пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |