Білім беру бағдарламасы : Кредит саны (ects): 3 Семестр: 5-6 Пререквизиттер: Физика, математика, химия



бет17/17
Дата31.01.2024
өлшемі108.52 Kb.
#490394
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
ОТ Лек жинагы 2023

Өндірістік жарақат – еңбекті қорғау талаптарын сақтамаудан туындайтын, өндірістегі жазатайым оқиғаның салдарынан жұмысшының немесе қызметшінің денсаулығына залал келтірілу.
Заманауи өнеркәсіптің дамуы жағдайларында өндірістік жарақаттанушылық профилактикасының үш нұсқасы бар:
1. Барлығын «қалай болса, солай етіп» сақтау, ешқандай жаңалықты қабылдамау.
2. Өндіріс процесінде қауіпті жағдаяттың пайда болу мүмкіндігін барынша азайтатын ғылыми зерттеулер жүргізуге, жаңа технологияларды енгізуге жағдай жасау.
3. Қызметкерлердің еңбектің жаңа жағдайларына бейімделуін, олардың өндірістік қауіптілікті, өндірістік жарақаттанушылықтың «өзіндік профилактикасын» түсінуі мен ұғынуын дамыту.
Барлығын «қалай болса, солай етіп " сақтау – қабылдауға болмайтын шешім болып табылады, өйткені жазатайым оқиға – бұл жұмыскердің еңбекке қабілеттілігін орнықты немесе уақытша жоғалтуына әкелетін жай ғана оқиға емес, қоғам дамуымен тұрақты өзгеретін бірнеше құрамдастардың (технологиялық, ұйымдық, экономикалық және басқалар) өзара әрекеттестігі күрделі процесінің нәтижесі-де. Бұл жағдайда кәсіпорынның шығындары айыппұлдардан, жабдықтардың тоқтауларынан және басқалардан оның кірістерінен асып кетеді.
Технологиялық процестерді жетілдіруге, заманауи технологиялық жабдықтарды енгізуге бағытталған ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізудің маңызы зор. Мұны тұрақты өзгеретін өндіріс процестері, еңбек өнімділігі мен сапасын арттыру, еңбексыйымдылығын төмендету қажеттігі талап етеді. Бұған салынған қаражат уақыт өте келе бірнеше есе шығынын өтеп, өз жемісін әкеледі. Өндірістік жарақаттану профилактикасындағы бұл әдістің негізгі кемшілігі – шешімдердің баяу әзірленуі.
Заманауи жағдайларда алдыңғы қатарға жұмыскерлердің еңбектің жаңа жағдайларына, қоғамдағы өзгеруші әлеуметтік қатынастарға бейімделуін дамыту шығады. Жұмыс істеушілерді жұмыс орнында қауіпті жағдаяттардың пайда болу мүмкіндігімен таныстыру, үгіттеу және түсіндіру жұмысы, кәсіпорынның барлық жұмыскерлерін жұмыстың қауіпсіз әдістеріне үйрету, өндірістік жарақаттанушылықтың «өзіндік профилактикасы» кәсіпорындағы жарақаттанушылық деңгейін әлденеше есе төмендетуге мүмкіндік береді. Қоғамға өнеркәсіптік технологиялар қажет, ол тәуекелсіз қоғам туралы утопиялық мифке ұқсас, өркениет жемістерінсіз өмір сүре алмайды. Осылайша, өндірістік жарақаттанушылық проблемасы әрқашанда орын алатын болады, бірақ оны шешу оның пайда болу себептерін бұрынғыдан да терең түсінуді, осыған орай, оның алдын алудың неғұрлым жетілдірілген әдістерін талап етеді.
Жарақаттанушылықты төмендету үшін мынаны қабылдаған жөн:

  • тұлғалардың бұл тобында кездесетін зақымданулардың жиілігі мен ауырлығын анықтау және жоғары тәуекел топтарын және (немесе) жағдаяттарын айқындау;

  • жарақат себебін айқындау және егер мүмкін болса, болашақта зақымдануларға әкелуі мүмкін жағдаяттарды болғызбау;

  • барлық талап етілетін іс-шаралардың орындалуын бақылау тексерулерін жоспарлау;

  • осы іс-шараларды жүзеге асыру;

  • олардың тиімділігін бағалау.

Өндірістік жарақаттанушылық сияқты құбылыстың негізгі элементтерін қарастыра отырып, өндірістік салада жарақаттанушылықты болдырмау жөніндегі белсенді қызметтің мәнділігін тағы да бір атап өту қажет.
Еңбекті қорғау саласындағы саясаттың негізгі қағидаттары – олардың өндірістік қызметінің өн бойында жұмыскерлер өмірі мен денсаулығының басымдығы, жұмыскерлердің еңбекті қорғау құқығына кепілдіктерді қамтамасыз ету.
Еңбек жағдайларын жақсарту кезінде өндірістегі технологиялық процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыру маңызды кезеңдер болып табылады.
Өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік ауруға шалдығушылықты төмендету, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру еңбекшілердің кәсіптік белсенділігіне, өндіріс кезіндегі шығындардың қысқаруына әкеледі.
Сондықтан, жарақаттар алу тәуекелін төмендету бойынша іс-шараларды әзірлеу және енгізу жолымен қауіпті жағдаяттар пайда болу ықтималдылығын барынша азайтуға ұмтылу қажет.
Өз қызметінде алдын ала болжағыш, ойластырып шешуші болу қажет, өйткені бұл қасиеттердің жоқ болуы өндіріс процесінде жарақат алу себептерінің біріне айналуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет