Пәнді оқытудың мақсаты:«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының негіздерімен таныстыру,болашақ педагог тұлғасының рухани-адамгершілік өзгеруіне, ішкі әлеуетінің ашылуына ықпал ету.
Пәнді оқытудың міндеттері:
1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ғылыми-теориялық негіздерін меңгерту.
2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының түйінді идеяларына сәйкес, студенттердің біртұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастыру біліктіліктерін қалыптастыру.
3. Жалпыадамзаттық құндылықтарды жете түсінуге, өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын дамытуға ықпал ету.
4. Болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерін, яғни ізгілік, ой, сөз және істің бірлігінде өмір сүруге ұмтылу, балаларға сүйіспеншілік, мәңгілік пен уақытшаны, ақиқат пен жалғанды ажырату, жағымды ойлауқабілетіне тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |