Білім беру бағдарламасы: 6 ects алматы, 2021


СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ



бет22/24
Дата25.01.2022
өлшемі41.21 Kb.
#454783
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Оқу бағдарламасы ӨӨТ

СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

  1. Қазақтың Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов,М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Торайғыров және т.б. ақындар мен жыраулардың, ағартушылардыңөмірбаяндары мен шығармашылықтарын, еңбектерін, дереккөздерін зерделеу. Белгілі бір қазақ ағартушысының өкілін таңдап, оның рухани-адамгершілік идеяларымен сәйкес өмірлерінен мысалдар мен шығармашылығы туралы эссе жазу және қазақ халқының адамгершілік идеалдары туралы белгілі бір өлеңін таңдап, жаттау.

  2. Ж. Баласағұнидың «Құтты білік» еңбегі мен Баласағұнидың «Құтты білік» еңбегіндегі шынайы көшбасшының қасиеттері», Баласағұнидың «Құтты білік» еңбегіндегі ақиқаттың маңыздылығы» тақырыптарына арналған эссе жазу. Кітаптағы белгілі бір ұнаған жерлерін жаттау.

  3. Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» оқу. «Абай шығармаларындағы тылсым дүниенің мәңгілік идеясы», «Абай шығармаларындағы мәңгілік пен уақытша дүние арасындағы ажырату идеясы», «Абай шығармаларындағы рухани сүйіспеншілік пен тән құмарлығы арасындағы ажырату идеясы», «Абай шығармаларындағы мәңгілік ақиқат идеясы» тақырыптарының біріне эссе жазу.

  4. Ш. Құдайбердиевтің шығармаларын оқу. Ұнаған өлеңнің үзіндісін жаттау. Ш. Құдайбердиевтің «Үш анық» еңбегін оқу. «Ш. Құдайбердиевтің іліміндегі ар-ұждан мен жан туралы ойлары», «Оқығандығы туралы ой-пікірлер» тақырыптарының бірінен эссе жазу.

  5. Платонның «Сократ диалогтары» және Сократ туралы т.б. еңбектерін оқу. «Сократ және Абай», «Сократ және қазіргі уақыт», «Өзін-өзі тану сабақтарында Сократтың әңгімелеу өнерін қалай қолдануға болады?» тақырыптарының біріне эссе жазу.

  6. «Әр адамның бойында барлығына бірдей адамгершілік заңы бар деген Канттың пайымдауы дұрыс па?» тақырыбына эссе жазу.

  7. М. Монтеннің «Тәжірибелер» еңбегін оқу,«Тәрбие туралы» бөліміне арналған «Адамгершілік - әсем және пайдалы нәрсе»,«Кітаптан жаттап алынған ілім – аянышты ілім», «Рух күші шектен тыс азапқа салынушылыққа және шектен тыс ляззат алушылыққа қарсылық көрсетуі тиіс...» тақырыптардың біріне эссе жазу.

  8. Я.А. Коменскийдің «Ұлы Дидактика» еңбегімен танысу, Я.А. Коменскийдің тәрбие мен білім берудің негізгі қағидаларын көрсету. «Я.А. Коменскийдің рухани-адамгершілік білім туралы ойлары» тақырыбына эссе жазу.

  9. Л.Н. Толстойдың педагогикалық еңбектерімен танысу. «Индусқа хат», «Өмір туралы» еңбектеріне сүйене отырып «Л.Н. Толстой педагогикасындағы сүйіспеншілік» тақырыбына эссе жазу немесе «Тәрбие туралы ойлары» (1985-1902 жж. хаттар мен күнделіктерден), «Бейтаныс адамнан хаттар 1984 жылдың 5 наурызы» және т.б. еңбектеріне сүйене отырып «Мұғалім үшін жалпы ескертулер» тақырыбына эссе жазу немесе «Әл-Фараби мен Л.Н. Толстойдың өмірлері мен шығармашылықтарын біріктіретін негіздер» тақырыбына реферат жазу.

  10. С.А. Назарбаеваның «Өмір әдебі» еңбегін зерделеу және «Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің өзектілігі» тақырыбына эссе жазу.

  11. А. Дистервег, Д.И. Менделеев, Я.А. Коменский, Л.Н. Толстой,К.Д. Ушинский, Я. Корчак, В.А. Сухомлинский және т.б. педагог-гуманистердің біреуін таңдап, еңбектерінің рухани-адамгершілік қырлары негіздеріне сүйене отырып, өмірлерімен танысу, «Ой, сөз, істің бірлігінде өмір сүру» тақырыбына баяндама жазу. (Абдыбай А., Оспанова А.)

  12. Қазақстандағы М.Х. Дулати, М.Ж. Көпейұлы, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров және т.б. еңбектерінің рухани-адамгершілік қырлары негіздеріне сүйене отырып, өмірлерімен танысу, «Ой, сөз, істің бірлігінде өмір сүру» тақырыбына баяндама жазу.

  13. Педагог-гуманист Ш.А. Амонашвилидің (2000 жылдан басталған) соңғы жарияланған еңбектерінің біреуіне эссе-пікір жазу.

  14. «Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы» тақырыбында эссе жазу.

  15. «Рухани-адамгершілік білім берудегі мұғалімнің рөлі» тақырыбында ой-толғаныс эссе жазу.

  16. «Психологиядағы руханилықтың қайта жаңғыруы» немесе«Гуманист-психологтардың теориялары «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының әдіснамалық негіздері ретінде» тақырыбына конференция ұйымдастыру. К.Г. Юнг, А. Маслоу, К. Роджерс, В. Франкл және т.б. психолог-гуманистердің белгілі бір еңбектерін зерделеу. Баяндама және презентация дайындау

  17. Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығаратын белгілі бір өсиет-әңгіме құрастыру.

  18. Гуманитарлық циклдегі пәндерге өзін-өзі тануды интеграциялаудың екі мысалын және жаратылыстану циклдегі пәндерге өзін-өзі тануды интеграциялаудың үш мысалын әзірлеу.

  19. «Жақсылық жолымен» тақырыбында әлеуметтік өзара әрекеттесу қағидасы негізінде қайырымдылық акция өткізу жобасын жасау.

  20. «Баланың рухани-адамгершілік дамуындағы ата-ананың рөлі» тақырыбында баяндама және презентация дайындау.

  21. «Ақиқат біреу, бірақ ойшылдар оны әр түрлі атаулармен атайды», «Ақпаратты қалай дұрыс қабылдау керек», «Жағымды ойлаудың пайдасы», «Өзіңнің эмоцияларыңды қалай басқару керек», «Ажыратып ойлауды дамытудың маңыздылығы», «Интуиция дегеніміз не, және оны қалай дамыту керек», «Қалаулар шегін қалай белгілеу керек», «Өз-өзіңе деген қиянат жасамау ережелері», «Күнделікті өмірде табиғатқа қиянат жасамаудың мысалдары», «Бақыт ережелері», «Ару - ел мәдениетінің рухани тірегі», «Шынайы жігіттің қасиеттері».

  22. Өз өміріңде жалпыадамзаттық құндылықтарды тәжірибеде пайдалану туралы курстық жұмыс жазу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет