білімін толықтыратын, ӛз беттерімен үй тапсырмасын орындағанда жетекшілік атқаратын
негізгі құрал. Оқулықтағы басты кӛңіл бӛлетін мәселе – тіл дамыту мен байланыстырып
сӛйлеуге
арнайы мәтіндер беріліп, олардың үйретілетін грамматикалық тақырыптармен
байланысы ескерілуі жӛн.
Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) «
білім алуды үйрету»
ұстанымын негізге алады, ол ұстаным бойынша ӛз бетімен білім алуға
ұмтылатын,
ынталы, қызығушылығы жоғары, ӛзіне сенімді, жауапкершілігі
мол және зияткерлік
тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру кӛзделеді.
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі
технологиялар мен әдіс-тәсілдер қолданады деп күтіледі, олар:
зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені білдім»
тұрғысынан ӛз әрекетін талдауға үйренеді);
әрекеттік тәсілдеме (оқушылар оқу әрекетінде меңгерген жаңа білімінің
болашақта қажеттілігін түсінеді);
дамыта оқыту (оқушылар ӛзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын
үйренеді);
уәждеу, қызықтыра оқыту (оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін
«оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау жасау);
оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру
(оқушылар бірін-бірі ӛзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға,
пікір алмасуға, т.б. үйренеді);
саралай
оқыту
(оқушыларды
деңгейіне,
мүмкіндігіне
қарай
оқыту,
қалыптастырушы баға арқылы қолдау).
Қазіргі «Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен
әдістері:
- мұғалім мен оқушының «субъект-субъектілік» дидактикалық қатынаста білім іздеу
үдерісіне бірдей енуі;
- оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасқан
шығармашылық ізденіс әдістерін қодану: оқу проблемаларын шешудің әдіс-
тәсілдерін оқушыларға дамыта оқыту ұстанымына сай жолмен құру және кӛрсету;
- оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен
қалыптасқан түсініктерін әрі
қарай дамыту;
- ойын әдісі;
- «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» арқылы қолдау жасау;
- Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
- Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы
оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушлылығын арттыру;
- Тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттеріне (түрлі шығармашылық жұмыстар
жасау) ынталандыру;
- Оқушылардың білімін жүйелілікпен мониторингілеу;
- Оқушыларды зерттеушілік әрекетке және зерттеушілікке
негізделген белсенді
оқуға ынталандыру;
- Оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің үлгісін қолдану
(мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді);
- Оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру
(оқушылар бірін-бірі ӛзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға, т.б.
үйренеді);
- Оқыту барысында «не білемін? нені білгім келеді? нені үйрендім» түріндегі кері
байланысты жүзеге асыру. Басты назар білімге емес, сол білімді қолдану үдерісіне
аударылады. Оқытудың мақсаты оқушының адамзат тәжірибесін игеруінде.
Оқыту әдісі
мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсіл, ал мақсатқа жету мұғалімнің
шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне оқушылардың даярлық
дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділігі педагогикалық ынтымақтастыққа
байланысты.Оқыту процесінің нәтижесі ең алдымен, оқушылардың
оқыту әдістердің
ұйымдастыруға тәуелді. Сондықтан, мұғалімдер оқыту әдістерін жетілдіру үшін әртүрлі
тәсілдер колданылады. Оқыту әдістері арнайы зерттеу негізінде топтарға бӛлінді. Оқыту
әдістерін әртүрлі белгімен топтастыруға болады. Мысалы, оқыту кезеңіне байланысты
жіктеуге болады.
- білім алудың алғашқы кезеңіндегі әдістер;
- білімді бекіту кезеңіндегі әдістер;
- дамыту әдістері.
Арнайы педагогиканың дидактикасы, жалпы педагогиканың
әдістерін қолдана
отырып , ӛзінің арнайы әдістерін ажыратады. Олар:
- логикалық әдістер – бұл индукция, дедукция жолымен оқыту.
- гностикалық әдістер – іздеуге байланыстырылған әдістер,
- репродуктивті әдістер – еске түсіру, қайталау әдісі.
Оқыту әдістерін зерттеуші ғалымдар, жалпы алғанда, былайша топтайды:
1) балалардын оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері;
2) оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері;
3) оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері.
Бұлардың әрқайсысына бірнеше жекелеген әдіс енеді. Мысалы, І топқа сӛздік,
кӛрнекілік және практикалық әдістер (олар қабылдау мен есте сақтауға негізделеді);
индуктивтік, дедуктивтік әдістер (логикалық ойлауға негізделеді), ӛздегінен орындау,
мұғалімнің басшылығымен орындау әдістері (қиялға, ерікке негізделеді). Ал
II топқа
балалардың қызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік
туғызу әдістері; III топқа ауызша тексеру, жазуша тексеру, лабораториялық-практикалық
тексеру және ӛзін-ӛзі тексеру әдістері енеді. Ана тілін оқыту барысында бұл әдістердің
қайсысының, қай кезде тиімді екенін мұғалімнің ӛзі айқындап алып, іріктеп қолданады.
Бұл әдістер жалпы мектепте дербестілік жолымен болса, арнайы мектепте тек мұғалімнің
жетекшілігімен ғана іске асырылуы мүмкін. Арнайы оқыту әдістерінің жіктелуі жалпы
педагогиканың әдістерінің жіктелуімен бірдей. Ол жіктеу бойынша әдістер үш топқа
бӛлінеді: сӛздік әдістер тобы; кӛрнекілік әдістер тобы; практикалық әдістер тобы.
Бұлай топқа бӛлудің білім алуда негізгі танымдық іс-әрекеттің жетекші жолы
ретінде қарау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: