Дәріс мазмұны: Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын
дамытады. Ақпаратты іздеу және ӛңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, ӛз
жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең
ауқымын пайдаланады.
АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша
дағдыларының
дамуына
жәрдемдеседі.
Оқу
үдерісіне
жаңа
педагогикалық
технологияларды ендіруді жүзеге асыруда тӛмендегі жайттарды ұмытпау керек:
1 Ең алдымен оқу орнының үдерісін технологияландыруда таңдап алынған
мәселенің жағдайын тереңдеп зерттеу.
2
Ендірілетін технологияның теориясы мен әдістемесін зерттеу
3
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру.
4
Жаңа педагогикалық технологияға негізделген оқу бағдарламалық базаны
қамтамсыз ету.
5
Жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің
материалдық-техникалық
базасын құру.
Білімді ақпараттандыруды үйрену ақпараттық технологиялардың әртүрлі тұрғыда
білім саласына енуін танысуды қамтуы қажет. Жеке алғанда, білімде қолданылатын
ақпараттандырудың техникалық құралдары,
бағдарламалық құралдары, олардың
мазмұндық толтырулары нақты қарастырылуы тиіс. Кӛп жылдар бойы оқытудың
техникалық құралдарына әртүрлі диапроекторлар мен фонографтар, графопроекторлар
мен электрофондар, кинопроекторлар мен телевизорлар, магнитофондар мен CD-плеерлер
сияқты аппаратураның ӛзін,
сонымен қатар диафильмдер, диапозитивті сериялар,
пластинкалар, кассеталар мен компакт дисктер сияқты арнайы құрылған дидактикалық
материалдар мен кӛрнекі құралдарын жатқызды.
Жүз жыл бұрын, танымал американдық ойлап шығарушы Т.А.Эдисон бірінші
дыбысжазатын құрылғы – фонографты ойлап шығарған соң, дыбысты жазу, сақтау және
дыбысты
шығару
мүмкіндіктерінің
пайда
болуына
байланысты
білімдегі
барлық мәселелер шешілді деп мәлімдеді.
Қазіргі кезде оқу орындарында тӛмендегі құралдарды кездестіруге болады:
· дыбысты жазуға және дыбысты шығаруға арналған құралдар (электрофондар,
магнитофондар, CD-ойнатқыштар),
·
телефондық, телеграфтық және радиобайланыс құралдармен жүйелері (телефон
аппараттары, факсимальді аппараттар, телетайптар, телефон станциялары, радиобайланыс
жүйелері),
· теледидар, радиомен хабар тарату құралдары мен жүйелері (теле және
радиоқабылдағыштар, оқу теледидары мен радио, DVD-ойнатқыштар),
· оптикалық және проекциялық киномен фотоаппараттар (фотоаппараттар,
кинокамералар, диапроекторлар, кинопроекторлар, эпидиаскоптар),
· ақпаратты кӛбейтуге және құжаттауға арналған баспалық, кӛшірмелік, кӛбейткіш
және басқа да техникалар (ротопринттер, ксерокстер, ризографтар, микрофильмдеу
жүйелері),
· ақпаратты сақтау мен ӛңдеуге, электронды түрде
ұсынуды қамтамасыз ететін
компьютерлік құралдар (компьютерлер, принтерлер, сканерлер, графатұрғызғыштар
(графопостроителдер),
· ақпаратты байланыс арналары бойынша тасымалдауды қамтамасыз ететін
телекомуникациялық жүйелер (модемдер, ӛткізгіш,
спутниктік, оптоволокондық,
радиорелейлік желілер.
Достарыңызбен бөлісу: