Білім беру бағдарламасы 6В01200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет28/57
Дата15.02.2024
өлшемі1.22 Mb.
#491985
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ

№24 дәрістің тақырыбы: Морфологияны оқыту әдістемесі. Сӛз таптары. 
Дәріс мазмұны: 
Морфологияны ӛткен кезде ең бірінші сӛз құрамы, сонымен байланысты түбір, 
түбірлі сӛздерге ерекше назар аударылады. Сӛз құрамын схема арқылы меңгерткен 
ыңғайлы. «Сӛз құрамындағы бӛлшектерін: негізін, түбірін, жалғауын, жұрнағын 
ажыратып үйренбейінше – оқушылар сӛз таптарын орфографиялық ережелерді кӛп 
сӛздерді мағыналарын түсіне алмайды. 
Морфология  сӛздерді жеке – жеке қарастырмайды, оларды белгілі топқа бӛліп, сол 
топтардың әрқайсысына ортақ грамматикалық белгілерін және ӛзіне тән ерекшеліктерін 
анықтап, сол жӛнінде анықтама жасайды. 
Морфология - сӛз және оның грамматикалық кӛрсеткіштері туралы ілім. 
Морфология бӛлімінің объектілірі ғылыми тұрғыдан жан - жақты зерттеліп, 
нақтыланған. Морфология – грамматиканың кӛп қолданылатын және оның барлық 
саласымен ұштасты, оларды қолдануға дәнекері сияқты қызмет атқаратын ең бір тармақты 
саласы. Морфология – сӛз және оның формалары туралы ілім. Сӛйлеу дағдысында әр сӛз 
сӛйлем ішіндегі ӛзге сӛздермен белгілі заң бойынша әр қилы қарым-қатынасқа түседі де, 
әлденеше қилы ӛзгерістерге ұшырап, әр алуан қызмет атқарады. Морфология осындай 
сӛздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сӛз атаулыны алып, оларды белгілі-белгілі топтарға 
бӛліп, сол топ-топтың әрқайсысына тән жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. 
Соның арқасында сӛздердің әр тобының ӛзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары, 
жалпы грамматикалық формалары айқындалады; сӛз таптары ажыратылады; әр сӛз табына 
тән категориялардың сыр-сипаттары ашылады. Осындай талдаулардың нәтижесінде 
сӛздің жасалу, түрлену, ӛзгеру жүйелері, сӛздің бӛлшектенуі және олардың әрқайсысының 
грамматикалық мағыналары мен қызметтері анықталады. 
Сӛздер семантикалық сипаттарының, түрлену жүйесінің, синтаксистік қызметтерінің 
ортақтығына қарай топталады. Әдетте қазақ тіліндегі сӛз топтары атаушы немесе 
мағыналы сӛздер, кӛмекші сӛздер болып, кейде оған үшінші топ – одағай сӛздер қосылып 
жүр. Атаушы сӛздер деп ақиқат ӛмірде ұшырасатын ұғымдарды я тікелей, я жанай 
білдіріп, олардың атаулары ретінде қабылданатын, ӛздеріне тән толық материалдық 
мағыналары бар, қалыптасқан дыбыстық құрамдары мен белгілі дауыс екпіні бар дербес 
сӛздерді айтамыз. Атаушы сӛздердің ӛздеріне тән лексикалық та, грамматикалық та 
мағыналары бар, ретіне қарай олардың үстеріне әр қилы қосымша реңдер жамап алып
ӛзге сӛздермен әр алуан қарым-қатысқа түсе алатын дербес сӛздер. Кӛмекші сӛздер деп 
ӛз алдына тұрып жеке ұғымдарды тікелей д, жанай да білдіре алмайтын, тек атаушы 
сӛздердің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіру үшін я олардың мазмұнына әр 
түрлі дәрежеде айқындық, дәлдік қосу үшін жұмсалатын, мағыналық дербестігі я 
солғындаған, я жоғалған, дыбыстық құрамы да, екпіні де тұрақсыз жәрдемші сӛздерді 
айтамыз. Кӛмекші сӛздер мағыналық дербестігі болмайтындықтан, тек контексте атаушы 
сӛздермен селбесіп қана жұмсалады да, ӛз алдына дербес сӛз ретінде қолданылмайды. 
Осыған сәйкес, олар түрленсін мейлі, түрленбесін мейлі, сӛйлемде ӛз алдына мүше бола 
алмайды, тек атаушы сӛз арқылы жасалған мүшенің құрамына енеді де, сол мүшелерді 
ӛзара жалғастыруға дәнекер болады. Одағай сӛздер деп ешқандай да ақиқат ұғымдарды 
білдірмейтін, тек адамның әр алуан кӛңіл күйі мен әр қилы сезім райларын білдіру үшін 
қолданылатын сӛздерді айтамыз. Одағайлар шығу тегі мен қалыптасу табиғатының 
ерекшелігіне қарай ӛзге сӛздермен ешқандай да грамматикалық қарым-қатынасқа 


түспейді. Тілдің барлық (дыбыстық, лексикалық, грамматикалық) жақтары бір-бірімен 
байланысты болатыны сияқты, бұл аталған үш топ сӛздер де ӛзара бір-бірімен 
байланысты.
Сӛз таптары сӛздердің белгілі жүйе негізінде қалыптасқан грамматикалық сипаттары 
мен белгілері негіз болады. Сӛздерді сӛз таптарына бӛліп қарау әр сӛзге байланысты әр 
түрлі белгілер арқылы айқындалмай, сӛз таптарына қатысты тұрақты белгілерінің 
негізінде жан-жақты жіктеу үшін жүйелі принциптер негізге алынуы керек. Ол 
принциптер сӛздердің грамматикалық сипаттарына негізделуі тиіс. 
Сӛздерді грамматикалық топтарға, яғни сӛз таптарына жіктеуде, топтастыруда 
ұстанатын басты принцип – семантикалы принцип. Екіншіден, осындай грамматикалық 
топтарға белгілі-белгілі ӛзіндік түрлену жүйесі, ӛзгеру, тұлғалық парадигмасы немесе 
бұған қарама-қайшы түрленбеу, тұлғалық ӛзгеріске түспеу тән болып келеді. Сондықтан 
түрлену жүйесіне негізделген категориялық грамматикалық мағына жүйесі мен 
грамматикалық категорияларының болу-болмауы сӛздерді таптастырудың екінші негізгі 
(морфологиялық) принципі, яғни сӛздердің түрлену жүйесі болып табылады.Мысалы, зат 
атауын, заттық ұғымды білдіретін сӛздерге кӛптелу, септелу, тәуелдену тән де, қимыл, іс-
әрекетті білдіретін сӛздерге жіктелу, шақты білдіру тән болып келеді. Сӛздерді 
таптастырудың үшінші синтаксистік принципі сӛздердің сӛйлемде ӛзіне тән белгілі 
қызмет атқаруымен және сол сӛздердің тіркесу сипатымен, яғни қандай топтағы 
сӛздермен қалай тіркесе алуымен байланысты. Мысалы, зат атауын білдіретін сӛздер атау 
тұлғада тұрып, қимыл, іс-әрекеттің иесі бастауыш, табыс септігінде келіп, тура 
толықтауыш, жіктеліп келіп, баяндауыш, ілік септікте және екінші затпен қатыстық 
қатынаста келіп анықтауыш, кӛлемдік септіктерде келіп, пысықтауыш қызметтерін 
атқарады. Осы кӛрсетілген принциптердің негізінде атаушы сӛздерді мынадай сӛз 
таптарына бӛліп қарауға болады: зат атауын білдіретін – зат есім, заттың әр түрлі сынын, 
қатыстық белгісін білдіретін – сын есім, заттың сандық мӛлшерін білдіретін – сан есім, 
есім сӛздердің орнына жүретін орынбасар сӛздер есімдік, қимыл, іс-әрекетті білдіретін – 
етістік, қимыл, іс-әрекеттің түрлі сипатын (амалын, мекенін, мезгілін, мақсатын, себебін) 
білдіретін – үстеу, әр түрлі дыбыстарға, қимыл қозғалыстарға еліктеп аталатын – еліктеу 
сӛздер болып бӛлінеді. Осы атаушы сӛздерден басқа кӛмеші сӛздердің бір түрі шылаулар 
және одағай сӛздер мен модаль сӛздер де жеке-жеке сӛз табы болып қаралады. Ӛйткені 
олардың жеке лексикалық мағынаары болмаса да, ӛзі қатысты сӛзге я сӛйлемге қосымша 
грамматикалық мән үстейді немесе ойға қатысты мәндер қосады.
Сӛз таптарын лексика-грамматикалық категорияға жатқызатындар сӛздер ӛзіне тән 
белгілері, атап айтқанда, семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілері бойынша 
топталып, соған сәйкес белгілі бі сӛз табына телінеді деп түсіндіреді. 
Сӛз табы деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей 
ортақ болып келетін сӛздердің тобын айтамыз. 
Сӛйтіп, қазақ тілінде мынадай сӛз таптарын кӛрсетуге болады: 1. Зат есім; 2. Сын 
есім; 3. Сан есім; 4. Есімдік; 5. Етістік; 6. Үстеу; 7. Еліктеу сӛздер. 8. Шылаулар. 9. 
Одағай; 10. Модаль сӛздер. Аталған он сӛз табының тілімізде сӛйлеу процесінде алатын 
орын, атқаратын қызметі бірдей, біркелкі емес. Олардың әрқайсысының ұқсас топтардан 
айқындылығы, ажыратылу шегі, түрлену жүйесі, жетілу дәрежесі де бірдей емес. Сӛз 
таптарының шығуын, қалыптасуын бірсыпыра ғалымдар сӛйлем мүшелерімен 
байланыстырады. Негізгі сӛз таптары сӛйлеу процесінде сӛздердің белгілі сӛйлем 
мүшелері қызметінде жұмсалуы барысында біртіндеп жасалып қалыптасқандығын 
кӛрсетеді. Сӛз жоқ, ең алдымен саралана бастаған – есімдер тобы мен етістіктер. Бұл 
топтардың ӛзі сӛйлеуде қызметтері, орын тәртібі арқылы ажырап отырған. Есімдер 
субъект, объект есебінде сӛйлемнің соңындағы сӛздер предикат қызметінде жұмсалып, 
кӛпшілік жағдайда бір сӛздің ӛзі әрі есім ұғымында, әрі қимылдық ұғымда орын тәртібіне 
қарай білдіріп жұмсала берген. Тілімізде қазір омоним деп танылып жүрген, түркі 
синкретизмі деп аталатын құбылыс, яғни есім-етістік бір буынды негізгі түбірлер осының 


айғағы болса керек: кӛш (керуен) – кӛш (бір жаққа кӛшу), той (думан) – той (тойып тамақ 
ішу), т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет