Білім беру бағдарламасы 6В01200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»


-  әр сабақтың кезеңінде оқушының дайындығын анықтау;  -



Pdf көрінісі
бет36/57
Дата15.02.2024
өлшемі1.22 Mb.
#491985
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ


әр сабақтың кезеңінде оқушының дайындығын анықтау; 

бағдарлама бойынша ұзақ мерзімге бағытталған оқу мақсаттарын
орындау;

оқыту кезіндегі оқушылардың жіберген қателіктерін айқындау;

жұмыс барысындағы бағалаудың әділдігіне кӛз жеткізу;

оқу үрдісінде мұғалім-оқушы-ата-ана үштігінің арасындағы кері
байланысты 
орнату.
Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін:

сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;

ӛз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер
алуға;

сабақ берудің сапасын арттыруға;

оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға
арналған 
ауқымын жоспарлауға;

бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:

танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін 
пайдалануға; 

табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;



ӛзін және ӛзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;

сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, ӛзінің білімін кӛрсетуге
Ата-аналар үшін:

баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға; 

оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;

оқуына қолдау кӛрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:

мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік 
береді; 

оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға 
мүмкіндік береді;

ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен 
қамтамасыз етіледі. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тӛрт дағдымен қатар, білу, 
түсіну, қолдану, сыни ойлану, жинақтау, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, тілдік 
дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу 
дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет