Білім беру бағдарламасы 6В01303 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі


Педагогикалық мамандықтың құндылықтары



Pdf көрінісі
бет15/76
Дата22.11.2023
өлшемі2.91 Mb.
#484150
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76
бастауыш бағдарламасы

Педагогикалық мамандықтың құндылықтары 
Педагог еңбегінің күрделілігі оның "адам-адам"мамандығы түріне жатуымен 
байланысты. Педагогикалық іс-әрекет-бұл бір адамның екіншісіне тікелей әсер етуі емес, 
олардың өзара іс-қимылы. Сондықтан педагог қызметінің объектісі педагогикалық 
процесс болып табылады,ал әсер ету объектісінен оқушы қызмет субъектісінің 
позициясына көшеді. Осы негізде педагогикалық мамандықтың құндылықтары 
анықталды: 

білім алушының тұлғасына, оның құқықтары мен бостандықтарына деген құрмет; 

бейбітшілік пен әдет-ғұрыптарға басқа наным-сенімдерге, көзқарасқа төзімділік; 

мәдени әралуандыққа ашықтық; 



икемділік, адаптация, эмпатияға қабілеттілік; 

тұлға құндылықтарын, тіл мен коммуникацияны түсіну; 

өзін-өзі оқыту, аналитикалық және сыни ойлау дағдылары; 

коммуникативтік және тілдік дағдылар; 

ынтымақтастық дағдылары, жанжалдарды шеше білу 
6В01303"Бастауыш 
оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" білім беру 
бағдарламасы бойынша күндізгі оқу нысаны үшін меңгеру мерзімі 4 жылды құрайды. 
Білім беру бағдарламасының ережелері аталған мамандық бойынша кәсіптік 
бакалаврларды даярлауды жүзеге асыратын, олардың ведомстволық бағыныстылығына, 
ұйымдық-құқықтық нысандары мен оқыту нысандарына қарамастан, Қазақстан 
Республикасының жоғары оқу орындарының қолдануы және сақтауы үшін ұсынылады.
Мамандық шеңберіндегі білім беру бағдарламаларының тізбесін жоғары оқу 
орнының Ғылыми Кеңесі Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген Дублин 
дескрипторларына сәйкес дербес белгілейді. 
1.3Білім беру бағдарламасы бойынша күтілетін мамандықтар тізімі 
6В01303 – "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша 
жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды 
аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға 6В01303 – "Бастауыш оқытудың 
педагогикасы мен әдістемесі"мамандығы бойынша білім бакалавры біліктілігі мен 
академиялық дәрежесі беріледі. 
Біліктілігі мен лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау министрлігінің 25.11.2010 ж. № 385 бұйрығымен бекітілген "Басшылардың, 
мамандардың 
және 
басқа 
да 
қызметшілер 
лауазымдарының 
біліктілік 
анықтамалығына" және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 
13.07.2009 ж. №338 бұйрығымен бекітілген "Педагог қызметкерлер мен оларға 
теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына" және 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.06.2011 ж. № 338 
бұйрығымен бекітілген " Педагог қызметкерлер мен 
6В01303 - "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша 
білім бакалавры келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады::
6В01303 "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша 
білім бакалавры келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:: 
- диагностикалық-оқушы тұлғасын, "оқыту, тәрбиелеу және дамыту" нәтижелерін 
зерттеу; 
- ұйымдастырушылық-технологиялық (педагогикалық технологиялар негізінде оқыту 
және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру); 
-басқарушылық-педагогикалық ("субъект-субъект" өзара іс-қимылы, білім берудегі 
менеджмент); 
- жобалық (бастауыш мектепте білім беруді модельдеу); 
- ғылыми-зерттеу (білім беру мәселелерін шешуде шығармашылық ізденіс, 
педагогикалық тәжірибені зерттеу, рефлексия). 
Негізінен бакалавр дайындалатын кәсіптік қызметтің нақты түрлерін жоғары оқу орны 
білім алушылармен, жоғары оқу орнының ғылыми-педагогикалық қызметкерлерімен 
және жұмыс берушілер бірлестіктерімен бірлесіп анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет