Білім беру бағдарламасы 6В01505 Физика-информатика


Әдебиет [1-11] №26 дәріс



бет30/73
Дата15.11.2023
өлшемі2.12 Mb.
#483370
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73
Эл силлабус

Әдебиет [1-11]

26 дәріс


Тақырып: Еріксіз тербелістер
Дәрістің мақсаты:
Дәріс мазмұны:
Еріксіз тербелістер
Еріксіз тербеліс — қандай да бір жүйеде периодты сыртқы күштің әсерінен пайда болатын тербеліс (мысалы, айнымалы магнит өрісі әсерінен болатын телефон мембранасының тербелісі, т.б.). Еріксіз тербелістің сипаты сыртқы күштің табиғаты мен жүйенің өзіне тән қасиеттері арқылы анықталады. Сыртқы күштің болуы — еріксіз тербелістің қозуы мен болуының қажетті шарты. Периодты сыртқы күштің әсерінен еріксіз тербелістің сипаты алғашқы кезде уақытқа байланысты өзгереді. Тек белгілі бір уақыт өткеннен кейін, жүйеде периодты сыртқы күштің периодына тең еріксіз тербеліс қалыптасады (орныққан еріксіз тербеліс). Дербес жағдайда, сыртқы күштің (жиілігі жүйенің меншікті тербеліс жиілігіне жуық) әсерінен сызықтық тербелмелі жүйеде еріксіз тербеліспен бір мезгілде меншікті (еркін) тербеліс пайда болады. Тербелістің бастапқы сәтінде ол тербелістердің амплитудалары бір-біріне тең де, ал фазалары қарама-қарсы болып келеді (суретті қ.). Сөйтіп, меншікті тербеліс біртіндеп өшкен соң, жүйеде тек орныққан еріксіз тербеліс қалады. Сондықтан тербелмелі жүйеде меншікті тербеліс неғұрлым ертерек өшсе, солғұрлым сол жүйеде орныққан еріксіз тербеліс тезірек қалыптасады. Еріксіз тербелістің амплитудасы әсер етуші күштің амплитудасы мен жүйедегі меншікті тербелістің өшу дәрежесіне байланысты анықталады. Егер меншікті тербелістің өшу дәрежесі аз болса, онда еріксіз тербелістің амплитудасыәсер ету күшінің жиілігі мен жүйенің меншікті тербеліс жиілігінің ара қатысына едәуір дәрежеде тәуелді. Сыртқы күштің жиілігі жүйенің меншікті жиілігіне жуықтаған кезде еріксіз тербелістің амплитудасы кенет артып, резонанс құбылысы пайда болады. Сызықтық емес жүйелерде тербелісті меншікті тербеліске және еріксіз тербеліске ажырату әрдайым мүмкін бола бермейді
Электр энергиясын өндіргеннен кейін, оны қашықтағы тұтынушыға тасымалдау мәселесі маңызды. Сым желілерде қуат пайдасыз жаратылады. Осы шығынды азайтып, ПӘК-ті жоғарылату үшін кернеуді жоғары көтеретін жоғарылатқыш трансформаторлар қолданылады. Ал қалаға жеткізілген жоғары кернеуді төмендету үшін төмендеткіш трансформаторлар қолданылады.
Трансформатор: ортақ ферромагнит өзекше арқылы байланысқан екі катушкадан құралған. Жоғарлатқыш трансформатор кернеуді өсірсе, төмендеткіш трансформатор оны азайтады. Катушкалардың орамдар санының қатынасы кернеудің қанша есе азайтып не көбейтетіндігін көрсетеді, сондықтан бұл сан: беріліс коэффициенті деп аталады.
Трансформатор – бір кернеулі айнымалы тоқты екінші басқа кернеулі айнымалы тоққа түрлендіретін электр техникалық құрал.
- трансформатордың трансформация коэффициенті: .
- жоғарылатқыш трансформатор.
- төмендеткіш трансформатор.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары :
- Контурдағы еріксіз тербелістер
- Электр энергиясын қашыққа жеткізу
- Трансформатор


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет