Білім беру бағдарламасы 6В01505 Физика-информатика



бет27/73
Дата15.11.2023
өлшемі2.12 Mb.
#483370
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73
Эл силлабус

Әдебиет[1-11]
21дәріс
Тақырып: Заттардың магниттік қасиеттері
Дәріс мақсаты: Диа- , пара- , және ферромагниттік қасиеттер жөнінде ұғым қалыптастыру
Дәріс мазмұны:
Магнетиктердегі магнит өрісі

Магнит өрісіне қойылған кез-келген зат магнит индукциясын өзгертуі мүмкін. Оларды магнетик деп атайды. Магнит өрісінің әсерінен магнетиктерде индукция векторының өсімі магниттелгіштік деп атайды. Ферромагнетиктерден басқа денелерде бұл шама сыртқы өріс кернеулігіне пропорционал, ал пропорционалдық коэффициенті - χмагниттік алғырлық деп аталады. Заттағы магнит индукция қанша есе өсетіндігін көрсететін шама - магниттік өтімділік деп аталады. Осы шамалардың мәндері бойынша магнетиктер: диамагнетик , парамагнетик және ферромагнетик деп бөлінеді.


Диамагнетиктерде электрондардың магниттік моментінің прецессиясы салдарынан пайда болатын атомдардың, молекулалардың өзіндік магниттік өрісі қосылып, сыртқы магнит өрісін әлсіретеді. Парамагнетиктерде электрондардың магниттік моменттері сыртқы өріс болмасада бірін-бірі теңгермейді. Сондықтан атомдардың магниттік моменттері ешқашанда теңгерілмейді. Ал сыртқы магнит өрісі түсірілгенде бірыңғай бағытталып, өз өрісімен сыртқы өрісті күшейтеді.


Ферромагнетиктердің табиғаты

Ферромагнетиктер өте күшті магниттеледі. Сонымен бірге ферромагнетиктерге магниттік гистерезис құбылысы тән. Мұның себебі: ферромагнетиктерде бірыңғай магниттік моменттерімен сипатталатын домендердің болуы. Сыртқы магнит өрісі әсерінен домендердің магниттік моменттері сыртқы өріс бағытына біртіндеп бұрылатындығында.


Өткізгіштерде өтетін кез келген магнетик ерекше күйге келеді – осыны магниттелу дейді.
Магнит өтімділігі - парамагнитті,
магнит өтімділігі - диамагнитті,
магнит өтімділігі - ферромагнитті заттар деп аталады.
Барлық магнетиктер таңбалары және магнит қабылдағыштықтарына қарай үш топқа бөлінеді:

1) Парамагнетизм


;
2) Диамагнетизм
;
3) Ферромагнетизм ;
Ферромагнетиктер күшті магниттелетін заттар болып табылады.
Ферромагнетизмнің қолданылуы
Ферромагнетиктердің қолданылуы: магнит катушкалардың өзекшелері ретінде, өндірісте-электрмагниттердің, трансформаторлардың өзекшелері ретінде және тұрақты магниттер етіп қолданылады.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  • Магнит өрісіндегі зат. Магнетик ұғымы

  • Магнетик болғандағы магнит өрісі

  • Магнетиктерді магнит өрісіндегі күйіне және өзіндік магниттік өрісті туғызуына қарай классификациясы

  • Магнетиктердің магниттелуі, магниттелу векторы, магниттік өтімділік, магниттік алғырлық

  • Диа- және парамагнетиктердің табиғаты

  • Ферромагнетиктердің ерекшеліктері. Магниттік гистерезис

  • Кюри нүктесі

  • Тұрақты магниттер

  • Электромагниттер және оларды қолдану



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет