Әдебиет: [1-11]
Орындалу уақыты: 1 апта
9. Аралық бақылау тапсырмалары (1 және 2)
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
Электрмагнетизм теориясына негіз болған тәжірибелерді ата.
Электр және магнит өрістерінің өзара байланысты екендігін тәжірибе жүзінде көрсеткен қай ғалым?
Электрмагнетизм теориясының негізгі теңдеулерін қорытқан қай ғалым?
Электрмагниттік толқындардың болатындығын болжаған қай ғалым?
Электр заряды, оның қасиеттері. Кулон заңы.
Электр өрісінің негізгі сипаттамалары қандай? Электростатикалық өрістің негізгі қасиеттерін айтыңыз.
Остроградский- Гаусс теоремасы.
Өріскүшінің зарядтарды тасымалдау барысында атқаратын жұмысы және кернеулік векторының тұйық контур бойымен циркуляциясы. Электр өрісінің потенциалы дегеніміз не?
Өткізгіштегі зарядтың бөлінуі қандай? Өткізгіштің бетіндегі электр өрісі және оның зарядтардың беттік тығыздығымен байланыстыратын формуланы жаз.
Әсерлесу арқылы электрлену. Электростатикалық қорғау. Ван-де Граафтың электростатикалық генераторы.
Электр сиымдылығы дегеніміз қандай шама? Конденсаторлар дегеніміз не? Оның түрлері қандай? Әртүрлі әдістермен жалғанған конденсаторлар батареясының электр сиымдылығын қалай табады?
Диэлектриктердегі өрісті сипаттаңыз. Оны қандай шамалармен сипаттайды?
Диэлектриктердегі өріске арналған Остроградский-Гаусс теоремасын жазып бер.
Сегнетоэлектриктер, пъезоэлектриктер, электреттер дегеніміз не?
Зарядталған өткізгіштің және зарядталған конденсатордың энергиясын қалай табады?
Электрстатикалық өрістің энергиясы мен энергия тығыздығы қалай есептеледі?
Электр тогы заңдарын айтыңыз. Ом заңының қандай түрлерін білесіз?
Тармақталған тізбектер үшін Кирхгоф ережелерін айтыңыз.
Джоуль-Ленц заңы және оның дифференциалдық үлгісі.
Металдардағы токтың табиғаты қандай? Толмен және Стьюарт тәжірибелері. Мандельштам және Папалекси тәжірибелері.
Металдардың өткізгіштігінің классикалық теориясы. Электр кедергінің себебі не?
Асқын өткізгіштік дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |