Білім беру бағдарламасы 6В01505 Физика-информатика


Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет71/73
Дата15.11.2023
өлшемі2.12 Mb.
#483370
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Эл силлабус

10. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Электрмагнетизм теориясының пайда болуы және дамуы.

  1. Электр заряды, оның қасиеттері. Кулон заңы.

  2. Электр өрісінің негізгі сипаттамалары қандай? Электростатикалық өрістің негізгі қасиеттерін айтыңыз.

  3. Остроградский- Гаусс теоремасы.

  4. Өріскүшінің зарядтарды тасымалдау барысында атқаратын жұмысы және кернеулік векторының тұйық контур бойымен циркуляциясы. Электр өрісінің потенциалы дегеніміз не?

  5. Өткізгіштегі зарядтың бөлінуі қандай? Өткізгіштің бетіндегі электр өрісі және оның зарядтардың беттік тығыздығымен байланыстыратын формуланы жаз.

  6. Әсерлесу арқылы электрлену. Электростатикалық қорғау. Ван-де Граафтың электростатикалық генераторы.

  7. Электр сиымдылығы дегеніміз қандай шама? Конденсаторлар дегеніміз не? Оның түрлері қандай? Әртүрлі әдістермен жалғанған конденсаторлар батареясының электр сиымдылығын қалай табады?

  8. Диэлектриктердегі өрісті сипаттаңыз. Оны қандай шамалармен сипаттайды?

  9. Диэлектриктердегі өріске арналған Остроградский-Гаусс теоремасы, Пуассон теңдеуі.

  10. Сегнетоэлектриктер, пъезоэлектриктер, электреттер дегеніміз не?

  11. Зарядталған өткізгіштің және зарядталған конденсатордың энергиясын қалай табады?

  12. Электрстатикалық өрістің энергиясы мен энергия тығыздығы қалай есептеледі?

  13. Электр тогы заңдарын айтыңыз. Ом заңының қандай түрлерін білесіз?

  14. Тармақталған тізбектер үшін Кирхгоф ережелерін айтыңыз.

  15. Джоуль-Ленц заңы және оның дифференциалдық үлгісі.

  16. Металдардағы токтың табиғаты қандай? Толмен және Стьюарт тәжірибелері. Мандельштам және Папалекси тәжірибелері.

  17. Металдардың өткізгіштігінің классикалық теориясы. Электр кедергінің себебі не?

  18. Асқын өткізгіштік дегеніміз не?

  19. Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігінің түрлері және қасиеттері қандай?

  20. Қоспалы шала өткізгіштік. Донорлар мен акцепторлар.

  21. Зеебек, Пельтье және Томсон эффектілері, олардың іс жүзіндегі құндылығы.

  22. Жартылай өткізгіш диод және транзистор.

  23. Термоэлектрондық эмиссия және оның іс жүзінде қолданылуы.

  24. Металл емес қатты денелердің электрондық, иондық және аралас өткізгіштік түрлері.

  25. Контактылық потенциалдар айырымы. Вольта заңы. Термоэлектрлік құбылыстар.

  26. Электролиттердегі электр тоғының заңдары қандай?

  27. Электролиз. Фарадей заңдары. Ионның зарядын анықтау. Электролиздің техникада қолданылуы.

  28. Гальвани элементтері. Аккумуляторлар.

  29. Газдардағы электр тоғы. Газдағы разрядтардың түрлері және техникада қолданылуы. Катодтық сәулелер.

  30. Магнит өрісінің индукциясы және кернеулігі. Ампер және Био – Савар – Лаплас заңдары.

  31. Магнит өрісі негізгі қасиеттері.

  32. Магнит өрісіндегі электр тогына әсер етуші күш. Магнит өрісіндегі тоғы бар өткізгіш орам.

  33. Лоренц күші.

  34. Магнит өрісіндегі тоғы бар өткізгіштің қозғалысы кезінде істелетін жұмыс. Магниттік ағын.

  35. Магнетиктердің магнит өрісі. Диа- және парамагнетизмнің табиғаты. Ферромагнетиктердің табиғаты.

  36. Электр магниттік индукция құбылысы.Фарадей және Ленц заңдары.

  37. Өзіндік және өзара индукция құбылысы.Индуктивтілік.

  38. Магнит өрісінің энергиясы және энергия тығыздығы.Құйынды токтар.Скин-эффект.

  39. Электр магниттік өрістің негізгі теңдеулері. Ығысу тоғы жайындағы Максвеллболжамы.Максвелл теңдеулері.

  40. Электр магниттік өріс энергиясының сақталу заңы. Энергия ағынының тығыздығы. Умов-Пойнтинг векторы.

  41. Электрмагниттік толқындарды шығару.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет