«Атом және атом ядросының физикасы»курсы бойынша емтиханға дайындық сұрақтары(емтихан материалының құрылымы).
11. Курстық жұмыстар жазу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар (бар болса) қарастырылмаған.
12. Бағалау критерийлері:
Пән бойынша қорытынды баға келесі формула бойынша пайызбен анықталады::
Қ% = 1Р(30%) +2Р(30%) +Е(40%)
түсіндірме:
1Р – 1-ші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші;
2Р – 2-ші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші;
Е – емтихан бағасының пайыздық көрсеткіші.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІНІҢ ҮЛГІСІ
(БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖӘНЕ ПӘН МАЗМҰНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН)
Аудиториялық жұмысты бағалау критерийлері
90-100
|
Атом және атом ядросының физикасы курсының іргелі заңдарын (атом туралы кванттық түсініктер, атом ядросының физикасы, ядролық реакциялардың физикасы, қарапайым бөлшектер физикасы) толық талдайды, жинақтау, бағалай алады. Теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда, шығармашық деңгейдегі эксперименттерге еркін қолдана алады. Оқытушы мен басқа студенттердің атом және атом ядросының физикасы курсы бойынша сұрақтарына талдаулар жасай отырып, толық және дұрыс жауап бере алады, оптиканың арнайы терминологияларын еркін меңгерген, студент материалды қорытындылай отырып, мысалдар келтіре алады, өз пікірін толық тұжырымдай алады.Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
|
Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.
|
70-89
|
Атом және атом ядросының физикасы курсының іргелі заңдарын толық түсінеді және қолдана ала отырып, талдайды алады. Теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда, эксперименттерге жақсы қолдана алады. Оқытушы мен басқа студенттердің атом және атом ядросының физикасы курсы бойынша сұрақтарына жартылай талдаулар жасай отырып, дұрыс жауап бере алады, атом және атом ядросының физикасы арнайы терминологияларын меңгерген, студент материалды қорытындылай отырып, мысалдар келтіре алады, өз пікірін тұжырымдай алады. Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
|
Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.
|
50-69
|
Атом және атом ядросының физикасы курсының іргелі заңдарын біледі, қолдана алады., бірақ талдаулар жасауда қиналады. Теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда, эксперименттерге қолдануда қосымша көмек беруді қажет етеді. Атом және атом ядросының физикасы арнайы терминологияларын меңгеруі орташа деңгейде. Қойылған сұрақтарға жауап береді, дәлелдеп талдауларға атом және атом ядросының физикасы заңдарымен дәлелді жауап беруге қиналады.Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
|
Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, иллюстрациялық мысалдар келтірмейді, зерттеліп отырған мәселе бойынша өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды.
|
0-49
|
Практикалық жұмыстарда есептердің болмауы немесе сапасының төмен болуы. Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе оның жауаптарында қателіктер бар.
|
Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе оның жауаптарында қателіктер бар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |