Білім беру бағдарламасы «6В01505 Физика-информатика»



бет8/41
Дата15.11.2023
өлшемі2.7 Mb.
#483368
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Атом умкд

Қосымша əдебиеттер
8. Н. В. Савельев. Курс общей физики. - Москва: «Высшая школа»,2004.
9. Ж. Абдулаев. Жалпы физика курсы. - Алматы: «Ана тілі», 1991.
10. Э. В. Шпольский. Атомная физика. т. I-II. -Москва: «Наука», 1984.
11. К. Н. Мухин. Экспериментальная ядерная физика. Физика атомного ядро. - Москва: «Энергоатомиздат», 1993.
12. К. Н. Мухин. Введения ядерную физику. -Москва: «Атомиздат», 1965.
13. К. В. Шалимова. Физика полупроводников. -Москва: «Энергия»,1971.
14. Ч. Уэрт, Р. Томсон. Физика твердого тело. -Москва: «Мир», 1969.
15. Т. Н. Трофимов. Курс физики. -Москва: «Высшая школа», 2004.
16. И. Е. Иродов, И. В. Савельев, И. О. Залина. «Сборник задач по общей физике». - Москва: «Наука», 1989.
17. И. Е. Иродов. Сборник задач по атомной и ядерной физике. -Москва: «Энергоатомиздат», 1984.
18. М. С. Цедрик. Сборник задач по курсу общей физики. - Москва: «Просвещения», 1989.
19. В. Л. Гинзбург, Л. М. Левич и.т. «Сборник задач по общему курсу физики». Часть II.-Москва: «Наука», 1964.
20. В. С. Волькенштейн. Жалпы физика курсының есептер жинағы. - Алматы: «Мектеп», 1974.
21. П. Полатбеков. Оптика. - Алматы: «Мектеп», 1981.
22. Цедрик М.С. Сборник задач по курсу общей физики. М.: Просвещение, 1989.
23. Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы. Алматы: Мектеп, 1974.


6. Дәрістер кешені.


1-апта
1. Тақырып: Атом құрылысының күрделігін растайтын құбылыстар
Дәрістің мазмұны: Жарық туралы ілімнің даму тарихы туралы мәлімет беру.
«Атом» грекше бөлінбейтін деген мағынаны білдіреді. Атомның бөлінбейтіндігі жөніндегі түсінік ХІХ ғ. аяғына дейін дерлік болып келді.
Ал физиканың одан әрі дамуы бұл түсінікке көзқарасты бүтіндей өзгертті. ХІХ ғ. басында эллектромагниттік құбылыстардың зерттеулері атомның күрделі екенін көрсетті. Атом оң және теріс электр заряды бар бөлшектерден құрылады. Басында теріс зарядталған уақ (элементар) бөлшектер – электрондар бар екені, одан кейін атом құрылымында оң зарядталған элементар бөлшектер - протондар ашылды.
Әсіресе атом жөніндегі ілімнің дамуына ХІХ ғ. аяғында француз ғалымы Беккерель ашқан радиоактивтік құбылыстың маңызы өте зор болды. Беккерель уран тұзын фотопленканың үстіне қойып қараңғы жерге орналастырған, бірнеше уақыттан кейін фотопленкада уран тұзының кескіні қалған. Жаңадан ашылған сәулелер рентген сәулелері сияқты түрлі заттардан, соның ішінде жұқа металдан өтетін болған. Беккерельден көп кешікпей осындай «урандық» сәулелер сияқты ерекше сәулелер басқа заттардан шығатыны табылған. Бұндай сәулерді шығаратын заттарды радиоактивті заттар деп, ал осындай сәулелер шығару қасиетін радиоактивтілік деп атаған. Радиоактивтікті жан-жақты зерттеген Мария және Пьер Кюрилер.
Резерфорд радиоактивті сәулелер ,,-сәулелер түрінде шығатынын тәжірибе жүзінде көрсетті. Көптеген тәжірибелердің нәтижелерін талдай келіп, Резерфорд 1911ж. атомның өз моделін ұсынған. Бұл модель бойынша атом оң зарядталған ядродан құрылады және ядро атомының өте кішкентай бөлігін алып тұрады. Ядроның диаметрі 10-13 - 10-12 см, атом диаметрі 10-8 см. Және бұл модель бойынша ядроның айналасында электрондар орналасқан. Атомның мұндай моделін планетарлық модель деп атайды.
Классикалық электродинамиканың заңдылықтары бойынша зарадталған бөлшек қозғалған кезде зарадтың электромагниттік өрісі өзгереді. Яғни үдемелі қозғалыстағы электр заряды электромагниттік толқын шығарады. Электрон да ядроны айналып тұрғанда электромагниттік толқындар шығарады. Сол кезде атом энергиясы жойылады, электронның айналу радиусы азайып, ядроға құлау керек. Бұдан атом моделі тұрақсыз деуге болады. Бірақ көптеген тәжірибелерден атом орнықты екені көрінеді.
1913ж. Дания физигі Н.Бор бұны былай жориды. Атом белгілі бір стационарлы күйде болады және осы станционар күйде болғанда атом энергия шығармайды да жұтпайды. Осы күйлердің біреуінде тұрған электрондар стационар орбтитасымен айналады. Сонда электрон электромагниттік толқын шығармайды. Сәулелердің шығуы мен жұтылуы 1-ші стацинар орбитадан көшкен кезде болады. Мұндай көшу кезінде электромагниттік энергиясы бар фотон шығады және жұтылады.


Е 2 Һ Е 2 - Е1 ;

Е1


Е0
Е0 - атомның негізгі стационарлық күйі. Атом энергиясы Е0 тең болса атом тұрақты болады. Егер Е0 –ден артық болса атом қозған күйде болады.
1923ж. Д.Д.Иваненко мен В.Гейзенберг ядроның протон мен нейтрон моделін ұсынған. Протон мен нейтрондарды нуклондар деп атайды. Элементтің белгілеуі zXA , А - нуклондар саны, N=A-Z - нейтрон саны, Z - протондар саны.
Физикалық шамалардың масштабтары.
Кванттық механика - микордүние деп аталатын, атомдар мен молекулалар дүниесінде заңдылықтар барын, және ол заңдылықтар бізге бірден байқалатын денелер дүниесіндегі макродүниедегі заңдылықтардан өзгеше екенін көрсетеді. Осы заңдылықтардың өзгешілігі микродүниедегі өлшемдердің, жылдамдықтардың, энергиялардың және тағы басқа физикалық шамалардыңмасштабтары өзгеше болуына байланысты. Сондықтан осы элементар бөлшектер дүниесіндегі масштабтарды қарастырайық.
Ядро диаметрі - 10-13см.
Атом диаметрі - 10-8 см.
Энергия Е=1эВ=1,6*10-19 Дж.=1,6*10-12эрг.
Ядродағы протон мен нейтрон арасындағы байланыс энергияның шамасы Е=8*106 Дж.
Жылдамдық - барлық элементар бөлшектердің жылдамыдығы жарық жылдамдығына тең 3*108 м/с.
Уақыт - егерде бөлшектер ядро диаметрінен өтетін болса (10-13см - 10-15м.) t=10-15м/3*108 м/с=3*1024 c.
Масса - элементар бөлшектердің бірлік масса ретінде электрон массасы алынады. me=9*10-31кг.
Фундаментал өзара әсерлесулердің түрлері.
Табиғатта негізгі фундаменталдық әсерлесулердің 4 түрі бар:
1. Гравитациялық әсерлесу
2. Элетромагниттік әсерлесу.
3. Күшті әсерлесу
4. Әлсіз әсерлесу



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет