Білім беру бағдарламасы: 6В05203 «География және табиғатты пайдалану»



бет2/2
Дата28.09.2023
өлшемі0.91 Mb.
#479025
түріБілім беру бағдарламасы
1   2
Гип-22к Кокшетау

Табиғат кешендері
Бұқпа тауы

Зеренді көлі
Ақмола облысының Зеренді ауданы жерінде орналасқан. Көлдің табиғаты өте әсем, оны қалың қарағайлы аласа таулар қоршаған. Оңтүстік-батыс жағасында демалыс үйлері, жазғы оқушылар дем алатын лагерьлер орналасқан.

Қорытынды
Қортындылай келе 05.06.23 күні біз далалық практикаға Көкшетау қаласына жол жүрген болатынбыз. Осылайша біз Көкшетау қаласымен танысып экскурсия жүргізген болатынбыз, жер бедерінің және климатының ерекшеліктерін байқадық. Сонымен қатар біз бірнеше мұражайларға бардық. Біріншіден Ақмола облысының тарихи-өлкетану мұражайы, Ақмола облысының тарихын көне заманнан бастап қазірге дейінгі бейнесін көрдік. Бұл музей Көкшетау қаласының орталық алаңына жақын жердегі ғимаратта орналасқан. Ал келесі күні кеңес одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткерi Мәлiк Ғабдуллин мұражайымен таныстық. Бұл мұражайдың негізгі мақсаты қоғам қайраткерi М.Ғабдуллиннiң тұлғасы арқылы өскелең ұрпаққа Отан қорғау жауапкершiлiгiн ұқтыру, батыр бабаларымыздың ерлiк дәстүрiн насихаттау және жаңа қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру болып табылады.
Ал 08.06.23 күні біз Зерендіге жол жүрген болатынбыз.Жер бедері аласа таулы, ұсақ шоқылы, ойлы-белесті жазық екенін көрдік. Табиғаты өте көркем, көрсе көз тоймайтындай. Зеренді өңірінде қылқан жапырақты орман, Кіші Түкті өңірінде қайыңды, теректі ормандар өседі. Жануарлар мен өсімдіктердін де көптеген түрлері кездеседі.
Сонымен бұл практика бізге пайдалы болды және біздің болашақта жақсы маман иесі болуға да септігін тигізді. Практика кезеңінде алған білім, іскерліктер мен дағдылар болашақ мамандықты меңгерудегі белсенді еңбекке ынталандыру болды, теориялық тұрғыдан зерделенген сәттерді іс жүзінде де жүзеге асыруға, өз мамандығым бойынша алғашқы кәсіби тәжірибені алуға және қалыптастыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар практиканың ерекшеліктері туралы жалпы терең түсінік берді.


Осылайша практиканың барлық мақсат міндеттерін орындадық. Ұйымдастыру өте жақсы әрі қызықты тәжірибие болды бірақ мерзімі қысқа болды және зерттеу объектілері де аз болды, тағы бірнеше объектілер қосса жақсы болатын еді Мысалы: Бурабай, Шалқар т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет