3. Жағдайлық есептер:
1. Тәжірибе жүзінде итке сол жақ күре тамырына арнайы зонд енгізу және қолқа қақпағының бір жапқышын зақымдау жолдарымен қолқа қақпақтарының жеткіліксіздігі алынған. Операциядан кейін жүректің соғу көлемі жоғарлаған. Жүрек жұмысының бұл өзгеруінің негізінде компенсацияның қандай механизмі жатыр?
А. тоногендік дилятация
Б. миогендік дилятация
2. Кардиосклерозбен және жүрек жеткіліксіздігімен науқаста альтернирленген пульс пайда болды. Аритмияның осы типінің дамуы кезінде жүрек бұлшықетінің қандай қызметінің бұзылуы туындады?
А. өткізгіштік
Б. жиырылғыштық
3. 63 жасар науқас жүрек соғысына, физикалық күш түсу кезіндегі ентігуге шағымданады. Тексерген кезде жүректің тұйық тондарын, бауыр шекараларының ұлғаюын және аяқтарында айқын ісінулер байқаған. Жүректік ісінулердің аяқта орналасуын қалай түсіндіруге болады?
А. Жүре алатын науқастың аяқтарында веналық гиперемия көрінісі анағұрлым айқын, яғни тамырлардан судың тіндерге сорылуын қабілеттендіреді.
Б. Аяқтарда тіндік қысымға қарсы тұру анағұрлым айқын төмендеген, яғни тамырлардан судың тіндерге сорылуын қабілеттендіреді.
4. Ауруханаға қолқалық стеноз және жүрек жетіспеушілігі симптомдарымен науқас түскен. Науқаста ентігу, тері мен кілегей қабаттарының бозаруы, қақырығында қан байқалған. Науқаста жүрек жетіспеушілігінің қандай түрі дамыған?
А. оң жақ қарыншалық
Б. сол жақ қарыншалық
Достарыңызбен бөлісу: |