Білім беру бағдарламасы 7М01103- педагогика және психология, 7М01503-Химия, 7М01501-Биология, 7М01505-География, 7М01601-Тарих, 7М01501-Математика, 7М01509-Информатика, 7М02303- шетел филологиясы, 7М02302-пд, 7М02201-Тарих гуман, 7М03201-Журналистика


Оқыту әдістері мен технологиялары



бет4/21
Дата22.09.2023
өлшемі178.42 Kb.
#478316
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
каз Силлабус Жоғары мектеп педагогогикасы 1 к магистратура

Оқыту әдістері мен технологиялары:
Инновациялық лекция, проблемалық оқыту, сыни ойлау технологиялары, диалогтық оқыту, топтық-ұжымдық оқыту, жоба әдісі, белсенді оқыту технологиялары, АКТ, пікір - талас, эссе, графикалық сызба және кестелер, таныстырылым.
2 Пәннің мазмұны
Модуль 1 Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру жүйесі және заманауи жоғары білім беру парадигмасы
1. Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы. Қазақстандағы жоғары кәсіби білім беру жүйесі
Тақырып мазмұны: Білім берудің негізгі парадигмалары: жүйелілілік құрылымдық, құзыреттілік, студент жастарға бағытталуы, жеке тұлғаға бағыттылық. Қазіргі білім берудегі мегаұстанымдары, оларды ЖОО оқу орнында қолдану жолдары. Әлемдік білім беру кеңістігі. Болон үдерісінің негізгі тенденциялары мен қағидалары: гуманизация и демократизация, ақпараттандыру, диверсификация, компьютеризация, халықаралық, жаhандану т.б.
Қоғамдық білім құру контекстіндегі жоғары білім беру мәселелері. Педагогикалық әдістанымдық бағыттары: тұлғалық – әрекеттік, мәдениеттанымдық, аксиологиялық, синергетикалық.
Жоғары білім берудегі әлемдік тәжірибе, қиындықтар және сындарлы озық тәжірибелер. Қазақстандағы білім берудің және кәсіптік білім беру жүйесінің даму тарихы. Болон процесінің тарихи шолуы және негізгі принциптері. Қазақстандағы білім берудің кредиттік жүйесі – тәжірибе және енгізу мәселелері. Қазақстан жоғары мектебіндегі кредиттік технологиямен оқыту жүйесі. Қазақстандағы жоғары кәсіптік білім беру жүйесі: түрлері, формалары, дамуының негізгі бағыттары. Әлемдегі жоғары білім мен ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі; салыстырмалы талдау, жоғары оқу орындарында ортақ және әртүрлі.
Педагогикалық мұрасы және Қазақстандағы білім беру саласының дамуына педагогтардың қосқан үлесі (Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, т.б.)
Қазақстандағы жоғары білімді трансформациялау және реформалау жолдары: Қазақстан Республикасындағы жоғары кәсіби білім берудің кезеңдері, қалыптасуы, жаңаруы және модернизациясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет