Білім беру бағдарламасы Анатомия Anat 1203 6ВМ10109 «Mедицина» Оқытушылар



бет2/8
Дата24.01.2024
өлшемі345.39 Kb.
#489800
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
sillabus meditsina 2023 kaz

Студенттер анатомиялық «театрда» өзін-өзі ұстаудың этикалық нормаларын ұстау керек, тірі адам қадірі үшін адам мүшелеріне сыйластық пен ұқыптылық таныту керек. Студенттердің анатомиялық залдарда, дәлізде және дәріс залдарында әңгімелесуі тыныш болуы және кафедрадағы оқу үрдісіне кедергі келтірмеуі керек.

  • Кафедрада адам денсін үш өлшемді бейнеде зерттеуге мүмкіндік беретін 3D «Anatomage» үстелімен жабдықталған. «Anatomage» жұмыс кезінде студенттер ұқыптылық танытулары керек, құрылғының сенсорлық экранына абайлап саусақпен өткізу, зақымдалудан сақтану үшін пинцет пен қалам қолдану тыйым салынады.

  • Кафедрада «Анатом» студенттік үйірме жұмыс жасайды. Бұл үйірмеде студенттер түрлі бағытта жұмыс жасай алады, мысалы студенттік ғылыми жұмыс, мұражай препараттаын реставрациялау және препараттау.

  • Өз бетімен жұмыс жасау мүмкіндіктері: кафедрада күнде сағат 16.00 ден 18.30 ға дейін, сенбі күндері 9.00 ден 14.00 ке дейін студенттер үшін өзіндік дайындық жұмыс жасайды. Практикалық сабақтағыдай студенттер препараттарды студенттік билет көмегімен алады. Студенттер үшін өзіндік дайындық практикалық сабаққа дайындалуға мүмкіндік береді. Өзіндік дайындық кезінде студенттер кезекші оқытушыдан консультация сурауларына болады.

  • Қойылатын талаптар: сабақтарға жүйелі дайындық, СӨЖ тапсырмаларын міндетті түрде орындау (суденттердің өзіндік жұмысы), практикалық сабақ кезінде мәселелерді талқылауға белсенді қатысу, бақылау түрлерінің барлық талаптарын мүлтіксіз орындау (ағымдағы, аралық).

    Айыптық шаралар:

    • Кафедра құрылғыларын және препараттарын зақымдаған жайғдайда студентке айыппұл санкциялары қолданылады. Студент зақымдаған препараттын толық құнын өтейді немесе жана препарат сатып алады.

    • Практикалық сабақты жіберген жағдайда студенттер болмаған сабағын жетекші оқытушыға бейсенбі күні 16.00 ден 18.00-ге өтейді. Себепсіз жіберілген сабақтарға өтем жасалмайды. Дәледді себеппен сабақ жіберген (деканатқа ауырып тұрғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде тапсырылған, студенттік дәрігермен расталған медициналық анықтамалар, сондай-ақ құжаттармен расталған форс-мажорлық жағдайлар) білім алушы растаушы құжатты ұсынып, деканнан рұқсатнама немесе өтем сағаттары көрсетілген жеке кесте алуы тиіс.








    1. Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет