Білім беру бағдарламасы Қарағанды 20 Тақырып Кіріспе. Машиналардың жобалау туралы жалпы мәліметтер



бет1/16
Дата03.12.2023
өлшемі0.61 Mb.
#485258
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Конспект лекций каз



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК техниКАЛЫҚ университетІ
Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік кафедрасы

Бигалиева А.З.




ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ


KTKhN 3211 Көлік техникасының конструкция негіздері пәні


Meh 05 Механика модулі


6В07106 Көлік, көлік техника және технологиялар
білім беру бағдарламасы
Қарағанды 20__
Тақырып 1 . Кіріспе. Машиналардың жобалау туралы жалпы мәліметтер.
Физикалық негіз және есептеуді тұрғызудың жалпы принципі мен олардың құрастырумен байланысының мәні жоғарылай түседі.
Механизм деп бір немесе бірнеше денелер қозғалысы талап етілетін басқа денелер қозғалысына айналуға арналған қатты денелер жүйесін айтады (редуктор, беріліс жәшігі және т.б.).
Машина деп адамның физикалық немесе ақыл-ой еңбегін айырбастау немесе жеңілдету және оның өндірісін жоғарылату мақсатымен энергия, материал немесе информацияның өзгеруіне арналған механикалық қозғалысты атқаратын механизм немесе құрылысты айтады.
Әрбір машина бөлшектерден тұрады.
Бөлшек – жинақталу операциясыз дайындалатын машина бөлігі. Бөлшектер қарапайым (винт, шпонка) немесе күрделі (коленчатый вал, станок станинасы) болуы мүмкін. Бір жерге жиналған бірнеше бөлшектер жинақталу бірлігін немесе түйінді түзейді. Көптеген алуан түрлі бөлшек пен түйіннің арасынан әр түрлі машинада қолданылатын түрлерін бөлуге болады: бекіту винты, тісті дөңгелектер, валдар, домалау подшипниктері, муфталар. Бұл бөлшектер (түйіндер) жалпы машина жасауда қолданылатын бөлшектер (түйіндер) деп аталады және «Көлік техникасын жобалау негіздері» курсында оқытылады.
Басқа бөлшектер – поршень, гребтік винт, турбина лопаткалары және т.б.- бір немесе бірнеше машина түрінде қолданылады. Оларды арнайы бөлшектерге жатқызып, сәйкес курстарда оқытады.
Жалпы машина жасау қолданысындағы бөлшек пен түйіндерді жыл сайын көптеген мөлшерде дайындайды (бір жеңіл автомобильде бес мыңнан астам бөлшек түрі, отыздан астам подшипниктер бар), сондықтан негізгі есептеу тәсілді, жобалаудың ережесі мен нормасын, статистикамен расталған эксплуатацияны білу конструкторлық дайындыққа өте қажет.
Құрастырудың жалпы ережесі ішінен келесі үшеуін атап көрсетуге болады.
Бірінші. Жобалауда эксплуатацияның нормальды шартын есептейді. Егер велосипед бөлшектерін аса алмайтын белеске өткендегі қирап қалмау шарты бойынша есептегенде, эксплуатацияда қиын болатын ауырлатылған конструкция түзіледі.
Екінші. Оптималды компромисты шешімді іздеу құрастыру болып табылады. Көп жағдайда жобалау жасағанда қарсылықты талаптар орындалуы тиіс. Қарсыласу ұшағы пилот кабинасының жеткілікті бронировкасымен (масса көбеюін талап етеді) және ұшудың қажетті ұзақтығы мен жылдамдығымен (масса азаюын талап етеді) қамтылуы қажет.
Үшінші. Құрастыру кезінде тең орнықтылық шарты орындалуы қажет. Машинаның бөлек элементтерін басқа элементтердің қирап қалуы немесе бөлініп қалуы салдарынан конструкцияның келіспеушілігімен байланысты өндіріле алмайтын талабы бар артық қормен құрастыруға болмайды.
«Көлік техникасын жобалау негіздері» курсында оқытылатын обьектілер:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет