Білім беру бағдарламасы: барлық бб бағытына Петропавл қ. 2021ж. Тақырып


Тақырып 1.4. Шығармашылықтың табиғаты



бет5/16
Дата23.09.2022
өлшемі219.79 Kb.
#461176
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Білім беру ба дарламасы барлы бб ба ытына Петропавл . 2021ж.

Тақырып 1.4. Шығармашылықтың табиғаты.
Шығармашылық үдеріс ретінде.
Мамандықтағы шығармашылық.
Шығармашылық ойлау дегеніміз не деген сұраққа алғаш жауап бергендердің бірі болған ДЖ. Гилфорд болған. Шығармашылыққа арнаған жұмыстарында, ол креативтіліктің даму деңгейін анықтайтын адам ойлауындағы 4 ерекшелікті көрсететін концепциясын ұсынды:
Интеллектуалды жаңалыққа ұмтылу, айтылған ойдың ерекше және оргениалды болуы. Шығармашылыққа қабілетті адам әрқашан және барлық жерде өз шешімін табуға тырысады.
Шығармашылық адам семантикалық иілгіштігімен айрықшаланады, яғни обьектіні жаңа бұрышынан қарай білу, жаңа қолдануды таба білу.
Шығармашылық ойлауда әрқашан образды бейімделген икемділік болады, яғни обьектіні қабылдауды оның жаңа жабық жақтарын көре алатындай өзгерту қабілеті
Шығармашылық ойлауын адам басқа адамға қарағанда түсініксіз жағдайда әртүрлі идеяларды талдай алады.
Л.С.Выготский педагогиканың негізгі міндетін тұжырымдады, ол: «Біздің әрбір ойлау, әрбір қимылымыз жаңа шынайылықты құруға ұмтылу болып табылады», -деп атап өтті. Шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу –мектепке дейінгі білімнен жоғары білім жүйесіне дейінгі қойылатын негізгі талап болып табылады. Бұл жерде жоғары білім жүйесінің рөлі жоғары, себебі осы кезеңде тұлға алдағы жіберген қателіктерін жоя алады. Шығармашылық түрлері өз табиғатына сай әртүрлі – олар көркем суретті, ғылыми, техникалық, педагогикалық шығармашылық болып бөлінеді. «Әлеуметтік қатынастар шығармашылығы», яғни «шығармашылық қабілетті тез және іскер әлеуметтік бағыт» анықтайтын Л.С.Выгодскийдің көзқарасы бойынша комуникативті және адаптивті шығармашылықты бөліп алуға болады. Егер танымдық, когнитивтік іс-әрекет саласына тоқталатын болсақ, онда қазіргі жантану жалпы интеллектуалдық қабілеттер контексінде шығармашылық қаблетті немесе креактивтілікті анықтайды. Креактивтілік әр-түрлі көрінуі мүмкін: тұтас тұлғалық деңгейде(ғылыми, көркемсуреттік, педагогикалық шығармашылық) және танымдық іс-әрекеттің жекелеген құрауыштары ретінде, яғни шығармашылық тұрғыда берілген тапсырмаларды орындау немесе жобаларға қатысу.
Дұрыс ойлауға , тең шешім қабылдауға, жылдамдықты күшейтетін арнайы тапсырмаларды іріктеу арқылы, мұғалім шығармашылық ынтаны дамытуға мыналарды қолданса болады:
Жақсы атмосфера қалыптастыру. Мұғалім тарапынан ізгі ілтипаттар креактивтіліктің дамуына ықпал етуші қоғамның қосылуы.
Жаңа объектілер қосу арқылы білім беруді жаңашаландыру.
Білім алушыларды қызықтыру. Оның сұрақ қоюына мүмкіндік беру. Ойының нақтылығына қарай оны мадақтап отыру.
Мәселені шешуде мұғалімнің өзі мысал келтіру керек. Креактивтіліктің басқа үлгілерінің болуы. Шығармашылыққа еліктеуге, ұмтылуға жағдай жасау.
Шығармашылық ойлау белсенділігін көтеру және дамыту жолдары.
ОАТ технологияларын қолдану қашықтықтан білім беруде мұғалім мен білім алушының қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Шығармашылық процесстің бейнесі, оның нәтижесі электронды конференцияда тыңдалып, электронды оқулықта басылу мүмкін және де білім беру мекемесінің Web-сайтына кірістірілуі мүмкін. Мысалы, университеттер мен қатар, көптеген мектеп, гимназияларда, лицейлерде қолмен толтырылатын тақырыптық журналдардың орнына электронды журналдар пайда болуда. Кез келген оқырман Интернет арқылы ол материалдармен таныса алады.
ОАТ білім беру ортасын әр түрлі бағдарламалармен қатар білім алушыларда креактивтіліктің дамуына ықпал етеді. Осындай бағдарламалар қатарына: модельдеуші бағдарламалар, іздестіру бағлдарламалары, интеллектуалды оқыту, эксперттік жүйелер жатады. Қазіргі заманғы барлық электронды оқулықтарда шығармашылық ойлауды дамытуға көңіл бөлінген. Осы мақсатпен ол электронды оқулықта эверистикалық, шығармашылықты дамытуға мәні бар тапсырмаларды және бір келкі жауап беруге келмейтін сұрақтары бар. Комуникационды технологиялар шығармашылық белсенділікті арттырудың жаңа тәсілдерін дамытуға үлес қосады. Білім алушылар сыныптағы пікір-таластарға қатысып қана қоймай, сонымен қатар виртуалды түрде ғылыми орталықтардың сайтына кіріп те қатыса алады.
ОАТ бағдарламасының қандай түрлері ойлаудың нақтылығын, жылдамдығын, икемділігін нақты анықтайтынын қарастырайық.
Жылдамдық - әр-түрлі көп ойларды, кез келген мәселені ОАТ арқылы тез шешу. Бұл қасиеттің қалыптсуы үшін міндетті түрде көптеген бағдарламалар әсер етеді: уақытпен іскерлік ойындарды өткізу үшін оқытушы және жаттықтырушы бағдарламалар. Ойлаудың жылдамдығын арттыруға мидың штурмасы әсерін тигізеді.ол қысқа уақытта көптеген ойларды тудырады. Коммуникациялық технологиялар бұл тәсілді қашықтықтан білім алушыларға да қолдануға мүмкіндік енеді. Ақпаратты іздеу жүйелерімен және гипертекістік жүйелермен жұмыс жасау ойлаудың жылдамдығын арттыруға жанама әсерін тигізеді.
Икемділік - көптеген оқытушы және моделдеуші бағдарламалар конструктор принципінде құрастырылған. Бұл жерде студент берілген элементтерден – техникалық, экономикалық, саясаттық, физикалық, химиялық және т.б. процесс модельдерін құру арқылы ойлау икемділігін арттыра алады. Кез келген компьютермен жұмыс барысында ойлау икемділігінің дамуы барлық инструменттер мен принциптер алдын ала өте мұқият анықталған. Сондықтан шығармашылық ойлаудың дамуы студентке сұрақ қалай қойылғанына тікелей байланысты. А.В.Хуторской анықтағандай, ашық тапсырмалар (открытые задания) құрылымы және олардың шешімін немесе бөлек элементтердің тек құрылымын сипаттайды. Мұндай тапсырмаларды бағдарламалық құралдармен үйлестіре қолдану бәсекелестік сәтін (соревнавательный) тудырады: қол жетімсіз жерде неғұрлым қызықты нәтиже алу сияқты. Ашық тапсырмалар принципінің тағы бір маңыздысы оның негізінде компьютермен жұмыс жасау қызығушылығын арттырады. Білім алушыларға жеңіл тапсырмалардан бастап, ғылыми зерттеушілік жобаларға дейін берілуі мүмкін:
жарнамалық буклеттерді логатиптерді безендіруде алдын ала анықталған элементтерді пайдаланатын –мәтіндік және графикалық редакторлар;
электронды кестелер – диограмманы дұрыс таңдау;
деректер қорын басқару жүйелері
статистикалық анализдер пакеті.
Сонымен ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс - қатынастарының жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау процесі бір мәселелі жағдайлар пайда болғанда, сол мәселені шешу керектігінде айқын көрінеді. Ойлау сұрақтан басталады да, оның жауабы ойлаудың мақсаты болады. Ойлаудың маңызды ерекшелігі - оның сөзбен байланыстылығы. Қорыта келе, көбінесе шығармашылық іс-әрекет адамның танымдық қабілеттеріне негізделеді: шығармашылықтың құрамдас бөліктері сезімдік елестердің құрамында да, ақыл-ой түсініктері мен бейнелерінде де орын алады. Қазіргі кезде ғылым үшін шешілуі ең қажетті мәселелердің бірі шығармашылық қабілеттерге деген әр түрлі әсер етулер арқылы шығармашылық өнімділігін арттыру.
Шығармашылық ой қалай туады?
Шығармашылық ой қалай туады? Толстой мен Эйнштейн аралығында данышпандарды тізіп айта беруге болады. Бірақ, олардың джанышпан болу себебін анықтамасақ, бұдан бізге не пайда? Ең алдымен, дүние кезген данышпандар даналыққа бастар жолда "Ғажап!" деген бір ауыз сөзді айту қанша арпалысқа түсті екен? Біз оны қайдан білеміз, бүгінгінің адамдары керемет ойлар табан астында жатқандай көреді. "Ғажап!" сөзі айтылар көреген ойдың ертегі екенін біліп жатқандар бар ма?! Кешегі даналардың басына жемісті ой бірден келді десек, кім сенер. Ал егер көк жасыл бояу алған жемісті ойлар мидың мың сан шатпағынан туады десек, ақиқаттан алыстамаймыз. Теңізді тамшыдан құралатыны сияқты, ойдың ойлаудан (ойлар жиынтығынан құралатыны) тұратынына бір негіз.
Мәселен, Альберт Эйнштейн көзге елестету арқылы ойлайтынын тұжырымдап өткен: "Сөз менің ойлау процессімде ешқандай рөл ойнамайды. Ойлар менде белгі немесе образ түрінде туылады. Оларды сосын толық бір бүтін картинаға жинақтаймын".
Ағылшын жазушысы Джессика Митфорд өз шығармаларымен үнемі "диалогта" болып отырған: "Ең біріншісі, менің жасауым тиіс нәрсе - кешегі күнгі жазғанымды оқу және түзетулер енгізу. Сосын барып қана, одан арғы жүрісімді бағдарлаймын".
Ал суретші Бен Шан болса, шығармашылық процессті "ой мен обаз аралығындағы арқан тартысы" деп есептеген.
Ақын Мэй Сартон жазуынша: "Біз өлең жазғанда, өлеңнен көп нәрсені үйренеміз. Жазылып қойған нәрсені қайта қараудан өткен жалығарлық іс жоқ". Шығармашылық процесс ешқашан тура әрі жұмсақ өтпейді. Шығармашылықта толассыз табысқа жетіп жүрген жандар, ең алдымен, ұлы ойларды жүзеге асыруға керек болатын алғашқы бастама тетіктерді жасап қояды екен. Бір қызық: керемет ойлардың душта келіп тұратын сәттері болады. Сол себепті, душқа түсерде өзіңізбен бірге қойын дәптер алып кірген абзал.
- Шығармашылық нұрға бөлену өздігінен келеді деп күтпеңіз.
- Барлық ойларды жазып алып отырыңыз. (Данышпандардың көбі өздерімен бірге қойын дәптер алып жүрген).
- Ескірмеген ойларды есептен шығарып тастамаңыз. Егер олармен азды-көпті жұмыс жасасаңыз, барлық ой бір қажетке жарайды,
- Басқа бірінші келген ойды ұстанып, тұрақтап қалмаңыз. Іске асыруда жарамсыз болуы мүмкін.
- Асықпаңыз. Уақытты бекітуден сіздің ой ұшқырлығыңыз артпайды. - Ойлармен ойнап көріңіз: жеке бөліктерге бөлу; асты-үстіне төңкеру; бір-бірімен салыстыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет