Білім беру бағдарламасы білім алушыларына ш ымкент, 2023 Мазмұны


Практикалық сабақтың тақырыбы: Тіркеу мақсатында жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер берудің бірыңғай жүйесін жүргізу жөніндегі жұмыстардың әдістемесі мен өндірісі



бет23/39
Дата02.09.2024
өлшемі439.92 Kb.
#503302
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
практикалықЖер және жылжымайтын мүлікті сандық және сапалық есепке алу(3)

Практикалық сабақтың тақырыбы: Тіркеу мақсатында жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер берудің бірыңғай жүйесін жүргізу жөніндегі жұмыстардың әдістемесі мен өндірісі
Сабақтың жоспары:
1. Жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру жүйесі
2. Тіркеу жұмыстарының әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік тіркеу кезіндегі іс-қимылдардың реттілігі.

Жаңа жағдайларда меншік құқығын және жерді пайдалану құқығын қорғауды күшейту үшін, жер учаскелерімен операциялар жүргізу кезінде, жерді мемлекеттік қажеттіліктен алып қою жағдайларында, жер дауларын шешу кезінде және т. б. тіркеу деректерінің маңызы өлшеусіз өсті.


Тіркеу мақсатында жер учаскелерін есепке алуды жүргізу кезінде олар туралы және жеке меншікке берілген жер пайдаланушылар мен жер учаскелерінің иелері туралы барлық деректер компьютерлік деректер банкіне енгізіледі, яғни ауданның (қаланың) мемлекеттік жер-кадастрлық кітабына енгізілгендер толығымен магниттік ақпарат тасығыштарға енгізіледі. Осылайша, жер учаскесін тіркеу және есепке алу кезінде барлық құжаттармен бірге жер-кадастрлық іс қалыптасады, сонымен қатар тиісті бағдарлама бойынша жер учаскесі туралы барлық ақпарат компьютерге енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 154-бабына сәйкес, тіркеу мақсаттары үшін жер учаскелерін және оларда тұрған жылжымайтын мүлікті есепке алу меншік құқықтарын және басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ететін қажетті шарт болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу кезінде жер учаскелеріне берілген нөмірлер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеуші органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін пайдаланылатыны анықталды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет