Практикалық сабақтың тақырыбы: : Жер кадастрын жүргізудің ұйымдастырушылық аспектілері
Сабақтың жоспары:
1. Жер кадастрын жүргізу
2. Жер ресурстары
Сабақтың мақсаты: Жер кадастрлық жұмыстарды жүргізу ережелері.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастры мемлекеттік органдарды, азаматтар мен заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында "Жер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.
Кадастрды жүргізу кезінде координаттардың, биіктіктердің, картографиялық проекциялардың бірыңғай мемлекеттік жүйесін, бірыңғай жіктеуіштерді, кодтарды, кіріс және шығыс форматтарын қолдануға негізделген ақпараттың өзара үйлесімділік қағидаты қамтамасыз етіледі.
Кадастрдың деректерін есепке алу және сақтау бірлігі тұйық шекарада бөлінген, белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітілген жер учаскесі болып табылады.
Кадастрда әрбір жер учаскесі үшін оны кеңістікте бір мәнді бөлуге, мөлшері мен орналасқан жерін айқындауға мүмкіндік беретін физикалық сипаттамалар, сондай-ақ құндық бағалау (жердің бағасына мөлшерлес) тіркеледі.
Жер учаскелері туралы мәліметтер жер-кадастрлық карталармен салыстырылады, онда осы учаскеге бекітілген нөмір, орналасқан жері, шекаралары және мәтіндік сипаттамалары көрсетіледі.
Кадастрдың мәліметтерін қалыптастыру кадастрды жүргізу мақсатында орындалатын топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру, түгендеу, топырақ, геоботаникалық, бағалау және өзге де зерттеулер мен іздестірулер жүргізумен қамтамасыз етіледі.
Деректерді жинақтау жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, жеке немесе заңды тұлғаның - жер учаскесіне құқық субъектісінің атауы, атқарушы органдардың актілері және заңнамада көзделген өзге де құжаттар, жер учаскесінің орналасқан жері мен мөлшері, бағалау құны және жер пайдалану құқығы, нысаналы мақсаты, бөлінетіндігі және бөлінбейтіндігі, жер учаскесіне сервитуттар, сондай-ақ атқарушы органдар белгілеген оны пайдалану жөніндегі шектеулер туралы ақпарат тіркелетін және сақталатын тиісті әкімшілік аудандар деңгейінде жүргізіледі.
Көрсетілген деректер аудан, облыс, республикалық маңызы бар қала және тұтастай Қазақстан Республикасы бойынша оларды өзара салыстыруға мүмкіндік беретін меншік нысандары, жер санаттары бойынша жүйелендіріледі.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды орталық уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі және оның аумақтық органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және оның аумақтық органдары қалыптастыратын мемлекеттік тапсырыс негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Тіркеу мақсаттары үшін жер учаскелерін есепке алу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тапсырыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жер кадастрын жүргізу жөніндегі жұмыстарды мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі:
кадастр жүргізу, кадастрлық құжаттаманы қалыптастыру және жаңарту мақсатында жүзеге асырылатын жобалау-іздестіру, аэроғарыштық, жерге орналастыру, түгендеу, топырақ, геоботаникалық, бағалау жұмыстарын және өзге де іздестірулер мен тексерулер жүргізуді ұйымдастырады;;
барлық министрліктер, заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылатын кадастр жүргізу үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар мен нұсқаулықтарды, нормативтер мен құжаттама стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
кадастр және жер мониторингі деректері негізінде мүдделі министрліктер мен ведомстволарға жыл сайын Қазақстан Республикасы жерлерінің жай-күйі мен пайдаланылуы туралы жиынтық талдамалық есеп ұсынады;
басқа мемлекеттік кадастрлардың мәліметтерімен осы кадастр деректерінің үйлесімділігін сақтауды қамтамасыз етеді;
жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитеттердің кадастр жүргізуді ұйымдастыруын бақылауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының аумағында кадастр деректерін алудың, өңдеудің және сақтаудың автоматтандырылған әдістеріне кезең-кезеңмен көшу бойынша жұмыстар жүргізуді қамтамасыз етеді;
республикалық деңгейде ақпараттың жаңартылуын, сақталуын, қорғалуын және оған қол жеткізу құқығын іске асырады және қамтамасыз етеді;;
жер туралы деректерді жүйелеуді, зерделеуді және сақтауды, сондай-ақ жариялануға тиіс кадастр материалдарын басып шығаруды жүзеге асырады, мәліметтерді мүдделі министрліктер мен ведомстволарға, азаматтар мен заңды тұлғаларға ұсынады.
Облыстардың және Республикалық маңызы бар қаланың жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттері:
тиісінше облыс және Республикалық маңызы бар қала бойынша Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігіне жыл сайын жердің бар- жоғы және пайдаланылуы туралы есеп береді;
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитеттердің кадастр жүргізуді ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді;
кадастр деректерін алудың, өңдеудің және сақтаудың автоматтандырылған әдістеріне кезең-кезеңмен көшу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
автоматтандырылған режимде ақпаратты жаңартуды, сақталуын, қорғалуын және оған қол жеткізу құқығын іске асырады және қамтамасыз етеді;
аумақтық комитеттер Жер ресурстарын басқару жөніндегі картографиялық негіздерді, бағдарламалық әзірлемелерді, материалдық-техникалық құралдарды қамтамасыз етеді.;
аудандық (қалалық) деңгейдегі мамандарды оқытады және олар орындайтын жұмыстардың сапасын бақылайды;
тиісті облыс орталықтарында және Республикалық маңызы бар қалада жер учаскелерінің есебін жүргізеді, жер учаскелеріне құқықты куәландыратын құжаттарды ресімдейді және береді;
кадастрдан мәліметтерді мүдделі облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қаланың) басқару органдарына, азаматтар мен заңды тұлғаларға ұсынады.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитеттер:
жер учаскелерінің жаңаларын қалыптастыруды және қолданыстағыларын қайта ұйымдастыруды жүзеге асырады;
жер телімдерін есепке алу, жер телімдеріне құқықты куәландыратын құжаттарды ресімдеу және беру жұмыстарын жүргізеді;
жыл сайын облыстық жер ресурстарын басқару комитетіне аудан жерінің бар-жоғы және пайдаланылуы туралы есеп береді;
кадастрдан мәліметтерді мүдделі аудандық басқару органдарына, азаматтар мен заңды тұлғаларға ұсынады;
аудандық деңгейде автоматтандырылған режимде ақпаратты жаңарту, сақтау және қорғауды, сондай-ақ оған қол жеткізу құқығын жүзеге асырады және қамтамасыз етеді.
№ 25 Практикалық сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |