Білім беру бағдарламасы білім беру саласындағы коды және атауы 6В03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат


Ф-19-06/07 1.4. Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқыту нәтижелері мен сипаттамалары



бет6/7
Дата26.02.2023
өлшемі204.58 Kb.
#470071
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
21-22-3 (2)

Ф-19-06/07
1.4. Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқыту нәтижелері мен сипаттамалары



Пәннің атауы

Сипаттама

Оқыту нәтижелерінің
коды

KКZТ 1101


Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Қазақстанның қазіргі заман тарихы - тарихи кезеңдер туралы шынайы, толық білім беру, мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, ондағы тарихи-мәдени үдерістердің үздіксіздігі мен сабақтастығы, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттердің эволюциясына, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасауға білім алушылардың назарынаудару.

ON1
ON2
ON3
ON5

Shт (Е) 1102


Шетел тілі

Шетел тілін үйрену, ең алдымен, қалыптасқан шеттілдік коммуникативті құзыреттілікті студенттің бейінді бағытының және өзін-өзі анықтаудың құралы ретінде шет тілін қолдануды қамтамасыз ететін оның барлық құрауыштарының бірлігінде тілдік, сөйлеу, мәдени-әлеуметтік, оқу-танымдық құзыреттіліктерді әрі қарай дамыту және жетілдіруге бағытталған.

ON 1
ON4
ON 6



K(O)T 1103


Қазақ (орыс) тілі

Болашақ мамандардың орыс тілі бойынша коммуникативтік құзыреттіктерін қалыптастыру, ғылыми саладағы нақты сөйлеу жағдайларында нақты коммуникативтік тапсырмаларға қол жеткізудің лингвистикалық құралдарын пайдалана білу, базалық деңгейдегі білім беру процесінде студенттердің тілдік емес мамандықтардың мәдениетаралық және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру.

ON 1
ON4
ON 6



DSh 1(2)104


Денешынықтыру

Денсаулықты сақтау, нығайтуды қамтамасыз ететін студенттердің әлеуметтік-жеке тұлғалық құзыреттіліктерін және дене шынықтырудың құралдары мен әдістерін мақсатты түрде пайдалану қабілеттерін қалыптастыру. Дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік-мәдени тәжірибесі мен әлеуметтік-мәдени құндылықтарын дамыту бойынша әртүрлі дағдылар мен қабілеттерге ие болуды қамтамасызетеді

ON 2
ON 3
ON4



Alm, saya 2105


Саясаттану-әлеуметтану негіздері

«Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мән-мәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру, негізгі әлеуметтік- саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдердімеңгеру болыптабылады.

ON 2
ON 4
ON 6



Mad, psi 2106


Мәдениеттану, психология



Студенттерге мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігін, мәдениетті аксиологиялық, өркениеттік, құрылымдық, антропологиялық, экономикалық мәдени бағыттарын түсіндіру. Психологиялық құбылыстарды жүйелі талдау іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру негізінде олардың психологиялық ойлауын дамытуды, сонымен қатар, болашақ мұғалімдердің психологиялық даярлығын күшейтуге мүмкіндік береді.

ON 4
ON6



АКT 2107
Ақпараттық-комуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)



Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әр-түрлі салалардағы кәсіби қызметте, ғылыми және тәжірибелік жұмыс үшін, өздігінен білім алу және басқа да мақсаттарда пайдалануда студенттердің кәсіби және тұлғалық құзыреттіліктерін игеруге мүмкіндік береді.Кәсіби білімдерін кеңейту үшін электрондық оқытудың түрлі нысандарын пайдалануға, ақпараттарды іздеу және ӛңдеуге арналған ақпараттықтелекоммуникациялық технологияларды қолдануға машықтанады.

ON 1
ON2
ON4
ON 6



Fil 2108
Философия



Студенттердің дүниені танып-білудің ерекше формасы ретінде түсінуін қалыптастырып, қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясында білім алушылардың философиялық көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерінигеру арқылы философиялық рефлексияны, өзін-өзі сараптау және адамгершіліктік қасиеттерді реттеу болып табылады.

ON1
ON3
ON5

Img 2109
Имиджелогия

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың заманауи әдістері туралы теориялық және практикалық білімдерді қалыптастыра отырып, экономиканы, кәсіпкерлік іс-әрекеттерді, кәсіпкерлік қызметтің түрлерін, экологиялық білім, білік пен дағдыларды қоршаған ортамен қалыптастырудың теориялық негіздерін оқып үйрену. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтығын жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлық саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру

ON1
ON3
ON5



KD 2109
Кәсіпкерлік дағдылар негіздері

Тактикалық әдістерді, стратегияны, кәсіпкерлік бәсекелестікті, тәуекелдер мен іскерлік білімді, құрылымды, бизнес-жоспардың мазмұнын және кәсіпкерліктің теориялық, әдістемелік және практикалық негіздерін ұйымдастыру және ұлттық экономика салаларында бәсекелестіктің күшеюі жағдайында бизнес-жоспар құру.



ON1
ON3
ON5



ZhZhN 2109
Жеке жетістіктер
негіздері

Оқу және жеке жетістіктер деңгейінің салыстырмалы сипаттамаларын алу, білім беру мазмұнының сәйкестігін бағалау және оның мақсаты - өміршең тұлғаны дамыту беріледі. Адамға өзінің өмірлік мәселелерін шешу үшін білімдерін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жобалық-бағытталған ойлауды қалыптастыру; тұлғааралық, мәдениаралық, мемлекетаралық деңгейде жағымды қарым-қатынасқа қабілеттілік пен дайындықты, сондай-ақ өзіне, жақын қоршаған ортаға, қоғамға, мемлекетке, адамзатқа, табиғатқа деген әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру.

ON1
ON3
ON5



AT 1201Әлеуметтану тарихы

Әлеуметтану тарихы ғылым ретінде қарастырылып, негізгі мектептер және әлеуметтанулық ойдың даму бағыттарын, социологияның қалыптасуы мен оның даму кезеңдерін талдай отырып, әлеуметтанулық теориялар мен тәсілдер туралы түсінік қалыптастыруға бағытталған. Әлеуметтік білімнің онтологиялық, эпистемологиялық және этикалық критерийлерін, теорияларды аналитикалық ұғыну тарихындағы парадигмаларды меңгеруге негізделеді.

ON 3
ON 6
ON11

KSZhOM 1202 Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері


Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары, рухани жаңғыру бастаулары мен алғышарттары, қазіргі ұлттық сана мәні, сипаты, ерекшеліктері, Қазақстандық сананы жаңғырту бағыттары, прагматизм мен бәсекелік қабілет, ұлттық бірегейлік және ұлттық код, эволюциялық даму тәжірибесі мен келешегі, қазақ халқының ұлттық мәдениеті, туған жер-мемлекет негізі, қазақ халқының этнографиялық ерекшеліктерін оқытады.

ON 3
ON 6
ON11



AKAS 1203 Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация

Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеудегі теориялық және методологиялық негіздері, қоғамның әлеуметтік құрылымын сараптау әдіснамасы, оның табиғатына және болмысына деген негізгі теоретикалық көзқарастар, әлеуметтік мәдени үрдістерді зерттеудің арнайы әдістері оқытылады.



ON10
ON11
ON14

AAA 1204 Әлеуметтанудағы әдістеме мен әдістер

Әлеуметтік процестер мен құбылыстарды әлеуметтанулық зерттеу әдістемесін сипаттайды. Әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі кезеңдерімен, әлеуметтік зерттеу бағдарламасын құрастырудың негізгі принциптерімен, әлеуметтік деректерді жинау үшін әдістемелік құралдарды әзірлеумен танысады.



ON9
ON 5
ON 6
ON8

OP 1205 Оқу практикасы

Робототехникалық жүйелердің макеттерін құрастыру, өлшеу деректерін өңдеу және робототехникалық жүйелердің сипаттамаларын бақылауды ұйымдастыру бойынша теориялық білімді меңгеру және практикалық дағдыларды тереңдету қабілетін қалыптастыру

ON 7
ON 8
ON 5
ON9



АТ 2206 Әлеуметтанулық теориялар



Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте , кейінгі кезең. (Карл Маркс, Эмиль Дюркгейм, Макс Вебер, Георг Зиммель).Құрылымдық функционализм, жүйелер және конфликт теориялары, неомарксистік теориясының әралуандығы, символикалық интеракционизм, этноәдіснама, айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары, қазіргі феминистік теория, микро, макро және агенттік құрылымдық интеграция, модернизмнің замануи теориялары, нәсіл және отаршылдық теориялары, жаһандану теориясы, структурализм, постструктурализмжәне постмодерндік әлеуметтік теория мен ХХІ ғасырдағы теорияларды оқып таниды.



ON 11
ON 14
ON 10



AEA 2207 Әлеуметтік және экономикалық антропология

Әлеуметтік-экономикалық антропологияның теориясы мен концепцияларын, мәдениет пен өркениеттің шығу жағдайы туралы ғылыми көзқарастарды әлеуметтік-мәдени мәселелерді антропологиялық тұрғыдан зерттейді және талдайды. Әлеуметтік-экономикалық антропологияның негізгі принциптерімен, зерттеу әдістерімен таныстырылады.



ON3
ON6
ON11



DAS 2208Демография және әлеуметтік статистика

Демографияның негізгі түсініктері және әдістерімен таныстырады. Демографияны әлеуметтік статистикамен байланыстағы жеке ғылым ретінде жалпылама қабылдау әлеуметтанулық зерттеулерде демографиялық талдау әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Демография, халық барлық қоғамдық өмірдің негізі және субъектісі болып табылатындықтан, қоғамдық процестерді басқаруға ықпал етеді. Демографиялық зерттеулерде статистикалық, математикалық, сонымен қатар әлеуметтанулық әдістер қолданылады.



ON 9
ON10
ON11

КТОМ 3209 Қазақстан тұрғындарының өзекті мәселелері



ҚР тұрғындарының қазіргі кезеңдегі саяси, экономикалық, құқықтық, медициналық және әлеуметтік салалары бойынша зерттеледі. Тұрғындардың өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, зейнетақымен қамтамасыз ету, демографиялық жағдай, әлеуметтік теңсіздік және т. б. модернизациялық жаңару мәселелері қарастырылады.



ON 14
ON 11
ON10

BAKA 3210 Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтануы

«Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтануы» пәні әлеуметтік көзқарастармен, қазіргі қоғамдағы БАҚ функцияларымен таныстыру, осы саладағы эмпирикалық әлеуметтік зерттеулердің бағыттары мен нәтижелерін талдау, ақпараттың сенімділігін қамтамасыз етеді. Пәннің мазмұны мен құрылымы студенттерге заманауи қоғамдағы саяси процестерді ақпараттық қолдаудың маңыздылығын және олардың әлеуметтік талдау әдістерін толық бейнелеуге мүмкіндік береді.



ON 10
ON 14
ON6

Etn 3211 Этноәлеуметтану

Этноәлеуметтану туралы ғылым, этностардың қалыптасуының қазіргі заманғы теориялары, этностық қатынастардың ерекшелігі туралы біртұтас білім жүйесін қарастырады. Этносоциологияның пәндік саласын және проблемаларын зерттейді және сыни талдайды.Ұлттар мен ұлтшылдықтың негізгі тұжырымдамаларын, негізгі категорияларын, сондай-ақ қазіргі этноәлеуметтік тәжірибені әлеуметтанулық түсіндірудің негізгі дағдыларын қалыптастырады.



ON 9
ON 10
ON 11



TA 3212 Тұлға әлеуметтануы

"Тұлға әлеуметтануы" жеке тұлға әлеуметтануының объектісі мен пәнін зерделеуді; әлеуметтану, әлеуметтік психология, психология және философиядағы жеке тұлға туралы негізгі теориялық түсініктерді қамтиды; Тұлғаның тұжырымдамасы мен типологиясы; тұлғаның құрылымы; тұлғаның әлеуметтенуі; тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын реттеу; әлеуметтанудағы тұлғаны зерттейді.



ON 3
ON 5
ON 8



AMT 1213 Әлем мәдениетінің тарихы

Түрлі мәдениеттанулық мектептердің идеяларын, олардың бағыттарын талдайды. Қоғам мәдениетінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарын мәдениеттанулық тұрғыдан сипаттайды, оларға тиісті баға бере отырып болашағын болжамдайды. Отандық мәдениет тарихын, оның қазіргі мәселелерін және даму болашағын зерделейді.



ON 3
ON 6
ON 11

Est 1213 Эстетика

Әр түрлі мәдени мектептердің идеяларын, олардың бағыттарын талдайды. Қоғам мәдениетін дамытудың қазіргі жағдайы мен бағыттарын мәдени тұрғыдан сипаттайды, олардың болашағын тиісті бағамен болжайды. Отандық мәдениеттің тарихын, оның заманауи мәселелері мен даму перспективаларын зерттейді.



Eti 1213 Этика

Дін, улитаризм, деонтология, табиғи құқық, қайырымдылық және феминистік этика, сонымен қатар қазіргі кезде жиі талқыға түсіп, қызу пікірталастарға негіз болған эвантазия, мораль, соғыс пен зорлық-зомбылық және жаһандану этикасы кең талқыланады. Этикалық теориялар мен қазіргі моральдік пікірталастардың негізгі аспектілерін зерделеп, зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңдегі жаһандық мәселелердің этикалық негізін танып біледі.

AIU 2214 Әлеуметтік институттар және ұйымдар

Пәннің мақсаты: қазіргі заманғы қоғамның негізгі әлеуметтік институттары мен процестерін, оларды қалыптастырудың ерекшеліктері мен ерекшеліктері, қазіргі заманғы қоғамдағы рөлін терең зерттеу. Зерттелетін әлеуметтік құрылымдарды, институттар мен процестерді зерттеу әдіснамасын үйретеді.Қоғам және әлеуметтік институттар көзқарасы, жіктелуі, құрылымы, типологиясы қызметінің заңдылықтарын оқытады.



ON 14
ON 10
ON 9

MSAID 2214 Мемлекеттік саясат және әлеуметтік институттардың дамуы

Мемлекеттік саясатты зерттеу, саясаткер және оның ортасы, саясатты қалыптастыру, саяси шешім қабылдау, бюджетті қалыптастыру және мемлекеттік саясат, саясатты іске асыру, саясаттың әсері, оны бағалау және және өзгертулерді оқып таниды. Негізгі ұғымдар мен идеялар қарастырылып, олардың қалай қолданылатыны нақты мысалдар негізінде талданады.



Soz 2214 Социометрия

Социометрияның негізгі теориялық және әдіснамалық ережелерін ашып көрсетеді және социометриялық зерттеу әдісін практикалық қолдану салаларын зерделейді..Социометрияның қалыптасу тарихын, социометриядағы зерттеулер, социометрия әдістері, социометрия саласындағы қазіргі заманғы зерттеулердің проблемалық аспектілері туралы сипаттайды.



AP 3215 Әлеуметтік психология

Қоршаған орта ерекшеліктерін есепке ала отырып тұлға әлеуметтенуінің психологиялық факторлары мен механизмдерін, дамуы мен қалыптасу ерекшеліктерін, үлкен және шағын әлеуметтік топтардың қалыптасуы мен қызмет етуін, әлеуметтік топқа қосылу фактілеріне негізделген адамдардың өзара әрекеттестігі мен қарым-қатынасын зерттеп қарастырады.



ON5
ON8
ON 9

AS 3215 Әлеуметтік саясат



«Әлеуметтік саясат" пәнінің мазмұны тұлға мен әлеуметтік жүйе арасындағы өзіндік қатынасын кеңейтеді, Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі тенденцияларының білімдерін қалыптастырады және халықтың аз қамтылған топтарының негізгі мәселелерін, әлеуметтік қызмет көрсету типтері мен механизмдерін игеруге септігін тигізеді.



AE 3215 Әлеуметтік экология.



Әлеуметтік экологияның пайда болу тарихы және даму заңдылықтары, ғылым ретіндегі негізгі ұғымы, экологиялық мәселелер, қоршаған орта, оның негізгі элементтері және олардың сипаттамалары туралы түсіндіріледі.Экологиялық дағдарыстың себептері мен салдары, қоршаған орта мен халық денсаулығының өзара байланысы , экологиялық қауіпсіздік принциптерін қарастырады.



DMKA 3216 Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы

« Девианттық мінез-құлықты әлеуметтанулық зерттеудің теориялық негіздерін оқып біледі, девианттық мінез-құлық әлеуметтанулық зерттеудің пәні ретінде қарастыра отырып, девианттық мінез-құлықтың негізгі концепцияларына талдау жасап, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс жасауының арту себептерін анықтайды. Қазіргі қоғамда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтенуінің негізгі әлеуметтік институттарының өзгеруіне талдау жасайды.



ON 2
ON 5
ON 9

NA 3216 Нарық әлеуметтануы

Нарық әлеуметтануын талдаудың обьектісі ретінде нарықты ұйымдастыру жүйесі , нарықтың және бюджеттік басқарылатын экономика, Қазақстандағы нарықтың қатынастардың дамуы, құрылымы, жеке меншік пен жекешелендірудің әлеуметтік мәселелері, посткеңестік қоғамдағы биоттық трансформациясын оқытады.

МA 3216 Медицина әлеуметтануы

Медицина институтының дамуы, қазіргі күйі, қатысушылар мен ұстанымдар қарастырылады. Ғылыми медицина мен медициналық статистиканың адамдардың күнделікті өміріне енуі мен салалуатты өмір салтының қалыптасуы мен денсаулық сақтаудың өзара байланысы талданады.



КА 3217 Көшбасшылық әлеуметтануы

Көшбасшылық әлеуметтану теорияларын кәсіби және ғылыми тұрғыдан терең талдап, оларды нақты ситуацияларда қалай қолдануға болатынын зерделейді. Тың кейс-стадилер мен сауалнамалар көшбасшылық әдістері жайында түсінік қалыптастырып, жеке басшылық стилін анықтауға көмектеседі.



ON 1
ON 5
ON 8



АА 3217 Әлеуметтік әріптестік

Халықаралық және аймақтық деңгейдегі қолданыстағы заңнама шеңберінде әлеуметтік әріптестікті жүзеге асыру механизмдері болатын өзара байланысты қызмет жүйесі ретінде әлеуметтік әріптестіктің мәні туралы түсініктерді қалыптастыру. Қазақстандық қоғамдағы этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, іскерлік, мәдени құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым-қатынастағы әртүрлі жағдайларды сараптау.



OKZhTK 3217 Өтпелі кезең жағдайындағы тұлға және қоғам



Өтпелі уақыт жағдайында Қазақстанның модернизациялық өзгерістердің ерекшелігін айқындау.Нарықтық қатынастар жағдайындағы тұлға туралы түсінік қалыптастыру. Қазақстан да, әлемде маргиналды тұлғалар көбеюі туралы түсінік береді. Қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістермен нарықтық қатынастар жағдайындағы тұлғаның жалпы сипаттамасын анықтайды. Әлеуметтік ауыспалылықтың жекелік, тігінен болуға бағыт алады

DA 3218Дін әлеуметтануы

Пәннің мақсаты қоғамдағы діннің қызмет етуі, діни кешеннің құрылымы, элементтері, діни ұйымдардың типологиясы, қазіргі діни жағдай, қазіргі заманғы діндердің даму тенденциялары туралы түсінік қалыптастыру. Негізгі аспектілер: шығу тегінің, қызмет етуінің әлеуметтік заңдылықтары; дін әлеуметтік-мәдени жүйе және әлеуметтік институт ретінде; қоғам діншілігінің өзекті мәселелерін әлеуметтанулық зерттеу; әлеуметтік білімнің түрлі салаларын дамытудағы діннің байланысын анықтау

ON10
ON 11
ON14

HEK 3218 Халықтың этникалық құрылымы

«Этнос», «Халық», «Ұлт», және өзге әлеуметтік-этникалық категориялар және олардың мағынасын зерттей отырып, этникалық құрылым әлеуметтік құрылымның бір бөлігі ретінде этникалық құрылымның өзге әлеуметтік элементтермен, соның ішіндк таптық, әлеуметтік-топтық құрылымдармен өзара әрекетін анықтайды. Қазақстанның көп ұлттық құрылымы. Этностар арасындағы қарым-қатынастарды басқару мәселелері мен ұлтаралық шиеленістер оның себептері мен алдын алу жолдары түсіндіріледі. Этникалық мобильділік-әлеуметтік мобильділіктің бір түрі ретінде айқындау.

ShAT 3218 Шетел әлеуметтануының тарихы

Әлеуметтанудағы көрнекті ғалымдарының көзқарастарына шолу жасайды. Спенсер, Конт, Дюркгейм, Вебер, Зиммель Теннис, Сорокин, Парето, Парсонс, Лебон және т.б. ғылымдар мен әлеуметтік құбылыстардың көптеген мәселелері талқыланады.Шетел әлеуметтанудың тұжырымдамалары мен бағыттарына қызықтыра білу керек. Адамдардың әрекеттерін, оларды сол әрекеттерді жасауға итермелеп тұрған жалпы қоғамдық контексті түсінуге мүмкіндік беретін құралдарды ұсынады. Студенттердің шетел әлеуметтану тұрғысынан ойлау қабілетін арттырып, осы сияқты проблемаларды жете түсініп, оларды шешуге құлшынысын арттыруды көздейді.

SA 4219 Саяси әлеуметтану

Саяси процестердің базалық әлеуметтік концепциялары туралы, социологиялық талдаудың қазіргі әдістері - билік пен қоғам қарым-қатынасы, азаматтық қоғамның қалыптасуы, қазіргі мемлекеттің даму заңдылықтарын білу, саяси қатынастардың табиғатын түсіну. Бұл пән саяси идеологияның қалыптасуының, дамуының және құрылымының жалпы заңдылықтарын халықаралық қатынастардың маңызды акторлары ретінде әлеуметтік қауымдастықтардың іс-әрекетін ұзақ мерзімді бағдарламалау және өзін-өзі жазу құралы ретінде зерттейді. Студенттерді мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының маңызды факторы ретінде саяси идеология туралы ғылымның пәнімен, әдісімен, категориялық құрамымен және проблематикасымен таныстыру болып табылады.

ON9
ON10
ON 11
ON14



SК 4219 Социологиялық қиял



Күнделікті және әлеуметтанулық білімдер, рациональды таңдау теориялары мен әлеуметтік әрекеттің экономикалық теориялары туралы, топтар теориялары мен ұжымдық іс-әрекет мәселелері, әлеуметтанулық қиял, оның әлеуметтану тәжірибесінде жүзеге асырылуы, әлеуметтік факт және институт тәжірибесінде жүзеге асыру туралы, өмірлік жағдайларды күнделікті бақылау туралы, әлеуметтік тапсырыстар және зерттеу объектісін таңдау туралы түсініктерді қалыптастырады.



KA 4219 Құқық әлеуметтануы



Пәнді игерудің мақсаты құқық әлеуметтануының негізгі ұғымдары мен тұжырымдамаларымен, қазіргі заманғы әлеуметтік-құқықтық процестер мен құбылыстарды ғылыми талдау әдістерімен танысу, құқық әлеуметтануының мәні, тарихи эволюциясы және мазмұны туралы білімді қалыптастыру, қазіргі қоғам мен мемлекеттің құқықтық саласының дамуына социологиялық талдау жасай білу болып табылады.

OA 4220 Отбасы әлеуметтануы

Отбасының әлеуметтік концепциялары, неке мен отбасының әлеуметтік институттарын трансформациялау; отбасы, бала, бала туу саласындағы отбасылық және әлеуметтік саясаттың қазіргі жағдайы, алғышарттары мен мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптастыру. «Отбасы әлеуметтануы" пәнін оқытудың мақсаты студенттерде әлеуметтік өзгерістердің белсенді агенті ретінде әлеуметтік институттар мен институционалдық өзара байланыс арасындағы отбасы жағдайын белгілеу, отбасының өмірлік циклінің әлеуметтік маңызы бар көріністерін және отбасы ішіндегі өзара іс-қимылдарды анықтау болып табылады.

ON 8
ON 9
ON10
ON11
ON14

KAS 4220 Қала мен ауыл социологиясы

"Қала мен ауылдың әлеуметтануы" оқу пәнінің мақсаты - қала мен ауылдың қазіргі социологиясы саласындағы бастапқы білімді игеру, болашақ шығармашылық қызметке қатысты социологиялық ойлауды қалыптастыру. Әлеуметтік зерттеулер жүргізу үшін қажетті білім алу. бұл қалалар мен ауылдарды жобалау, қалалық социумның дамуын басқару кезінде негізгі бастапқы көрсеткіштер болып табылады.

SA 4220 Салыстырмалы әлеуметтану



Mәдениет пен қоғам эволюциясының негізгі факторлары мен себептері туралы жүйелендірілген түсінік қалыптастыру, қоғамның рационализациясының нәтижесі ретінде ұйымның дамуын оқып үйрену. Курс салыстырмалы талдаудың сандық және сапалық-бағытталған әдіснамасын түсінуді қалыптастырады; социумды зерттеудегі жүйелі, тарихи, салыстырмалы тәсілдерді қолдану ерекшеліктері; халықаралық әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси үдерістерді, жүйелер мен құрылымдарды салыстырмалы әлеуметтанулық талдау

MA 4221 Мәдениет әлеуметтануы

«Мәдениеттану әлеуметтануы» курсы әлеуметтiк теория тұрғысынан әлеуметтiк өмір нысандарының мәдени мазмұнына және қазіргі заманғы мәдениеттiң мәселелерiн қарауға арналған. Әлеуметтік өмірдің мәдени өлшемі, социологиялық теориядағы ең маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Бұл курстың негізгі мақсаты - адамдардың өмірінің әлеуметтік формалары негізінен қазіргі қоғамдардағы әлеуметтік институттардың жүйесін құрайтын мәдени құндылықтар, нормалар, мінез-құлық үлгілері, әдет-ғұрыптар, және т.б. реттеліп, заңды түрде реттелетінін және реттелуін көрсету болып табылады.

ON 3
ON4
ON9
ON12



SМ 4221 Саяси медиация

Саяси саладағы медиация рәсімдері қарастырылады, медиация тарихы туралы теориялық ақпарат ұсынылады, келісу технологияларының ерекшеліктері анықталады, медиатор ретінде медиация рәсіміне қатысудың практикалық дағдылары игеріледі.

KASK 4221 Қазіргі әлеуметтік-саяси қозғалыстар

Заманауи әлеуметтік-саяси қозғалыстар зерттеледі, (феминизм, неофашизм, антиг лобализация және т.б.) Қарастырылатын болады: заманауи әлеуметтік-саяси қозғалыстардың типологиясы; заманауи әлеуметтік-саяси қозғалыстардың саяси шешімдерді қабылдауға әсер етуін зерттейді.




ZhA 4220 Жастар әлеуметтануы

Жастардың әлеуметтануы жастар сияқты әлеуметтік топты, сондай-ақ оның қоғам сатысындағы орны мен рөлін, жастар жасындағы шекараларды, жастардың қажеттіліктерін, топтың ерекшелігін, оның әлеуметтенуінің ерекшеліктерін, жас ерекшеліктерін зерттейді. Жас-тардың әлеуметтануы ғылым ретінде жастарға қатысы бар, яғни жастардың тіршілік әрекетінің қандай да бір саласында көрініс табатын немесе жастарға әсер ететін жалпы әлеуметтік проблемалармен айналысады."Жастар мәселесі" тарихы және әлеуметтанудың ғылыми көзқарастарын дамыту, жастар күнделікті жағдайын талдау, жаңа жастар тәжірибесі мен қоғамдағы мәртебесі, қазіргі заманғы мәдени жастар көріністері, жастар мәдениеті, қозғалыстары мен ынтымақтастығы,сабақтастық механизмдері, азаматтық және патриотизм, әлемдік нарық, білім туралы, бәсекеге қабілеттілік және мемлекеттік жастар саясаты туралы түсініктерді қалыптастырады.

ON 8
ON9
ON14

EA 4220 Еңбек әлеуметтану

Еңбек әлеуметтануы" пәнінің мақсаты:сыртқы және ішкі еңбек нарықтарының жұмыс істеуінің әлеуметтік теорияларын, сондай-ақеңбек социологиясының әдіснамасы, әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен қазіргі заманғықоғамтуралы түсінік және дағдыларды меңгеруді болжайды

ZhAZh 4220 Жастармен әлеуметтік жұмыс

Қоғамдық үдерістердегі жастардың әлеуметтік орны мен рөліндегі өзгерістерге байланысты қазіргі әлеуметтану ғылым жастар мәселесіне ерекше көңіл аудару. Жастар әлемі ерекше әлем, оны ғылыми білімінің әр саласындағы ғылымдар біліп-тануға ұмтылу; қазіргі кезде өзінің дамуында жастар әлеуметтануы серпіліс беру; Қарқынды әлеуметтік өзгерістер дәуірінде жастардың рөлінің артуынан пайда болуы. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың әлеуметтік мәселелерін реттеп талдау жасайды.

ASZhU 1301 Әлеуметтік зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру

Әлеуметтанулық мәліметтер жинау әдістеріне жалпы шолу. Эпирикалық зерттеуді жоспарлау мен басқару. Зерттеу құрудың кешенді жоспары, әдістерді таңдау, іріктеуді констукциялау және оны негіздеу. Әлеуметтанулық зерттеулерді ұйымдастырудың және әдістемесінің аспектілері. Әлеуметтанулық зерттеу құралдарын қолдана алу.

ON 7
ON 12
ON13



AZh 3302 Әлеуметтік жұмыстағы жобалық іскерлік

"Әлеуметтік жұмыстағы жобалық іскерлік" пәнін оқыту пәні – қоғамның және оның сегменттерінің әлеуметтік қажеттіліктерін болжауға және болжауға, әлеуметтік саладағы проблемаларды талдауға, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудан күтілетін салдарларға негізделген халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік жұмыстың ерекше саласы ретінде әлеуметтік-жобалық қызмет. Курстың мақсаты – студенттердің әлеуметтік жұмыстың қажетті тәжірибесі ретінде жобалаудың ерекшелігі туралы түсініктерін қалыптастыру, әлеуметтік-жобалық қызметті ұйымдастыру бойынша практикалық іскерліктері мен дағдыларын дамыту.

ON 7
ON 9
ON14

KАІТ 3303 Қолданбалы әлеуметтанудағы IT

Математикалық әдістерді қолдану арқылы әлеуметтанулық ақпараттарды өңдеумен талдаудың теориялық негіздері. Әлеуметтік ақпараттарды өңдеу және талдау әдістері SPSS негізінде. SPSS-пен жұмыс істеу дайындығы және бағдарламаның негізгі ерекшеліктері. Бағдарламаның құрылымы. SPSS-ті ендіру. Әлеуметтік мәліметтерді талдаудың стандартты процедуралары және SPSS-та мәліметтерді бақылау кезеңінің ерекшеліктері. Сипаттамалық статистика мен есептер. Microsoft, Excel, Stata және басқа компьютерлік бағдарламаларды ақпараттарды статистикалық өңдеу. Контент-талдауды жүргізу үшін пайдаланылатын компьютерлік бағдарламаларға шолу.

ON 2
ON 6
ON 7

ОР 2 (3) 304 Өндірістік практика (үзіліссіз)

Оқу барысында алған білімдерін қолдану және практикалық қолдану; студенттердің әлеуметтанушы ретіндегі болашақ қызметіне байланысты дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру

ON 8
ON 12
ON 13



ОР 4305 Өндірістік практика /Дипломалды практика -

Өндірістік практика теориялық білімді бекіту және тереңдету; оқылатын мамандық бойынша практикалық дағдыларды меңгеру; мамандыққа заманауи компьютерлік технологиялар мен эксперименталдық әдістемелерді пайдалану дағдыларын меңгеру; практика базасы болып табылатын ұйымдардың өндірістік қызметімен танысу; кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру, технологиямен, жабдықтармен танысу, мамандық бойынша практикалық дағдылар мен ұйымдастырушылық жұмыстарды меңгеру болып табылады.

ON 8
ON 12
ON 13



EA 3306 Экономикалық әлеуметтану

Экономикалық әлеуметтанудың әдіснамалық және категориялық негіздері, өндіріс салаларын зерттеудің социологиялық аспектілері, бөлу, алмасу және тұтыну, экономика саласындағы әлеуметтік процестер мен институттар, индивидтердің және топтардың, экономикалық құрылымдардың, ұйымдар мен институттардың экономикалық мінез-құлқын қазіргі заманғы зерттеулер туралы түсінік қалыптастыру. Эмпирикалық деректерді алу үшін, экономикадағы сияқты статистикалық деректерді қайталама талдау қолданылады

ON 9
ON12
ON 14



TA 3306 Тұтыну әлеуметтануы.

Тұтыну әлеуметтік талдау құбылысы ретінде, маркетингтегі жеке тұтыну мәселелері, тұтыну мәдениеті, адамның тұтынушлқ әлеуметтенуі туралы түсінік қалыптастыру; Әлеуметтік-экономикалық топтар және жіктердің тұтынуы, тұтыну әлеуметтануының категориялық аппараты және тұтыну мәдениетінің әлеуметтік қырларын ашу. Т.Вебленнің тұтыну теориясы. Әртүрлі әлеуметтік топтардың тұтынуының ерекшеліктері мен жарнаманың адамдардың тұтынушылық мінез-құлқына әсер ету.

ESTA 3306 Экономикалық социологияның тарихы мен әдістемесі



Экономикалық әлеуметтанулық әлеуметтану ғылымында пайдаланылатын барлық бай және әртүрлі әдістердің жиынтығын пайдаланады, соның ішінде теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері мен білімнің өсуі. Біріншісі - синтез, салыстыру, қорыту, жіктеу, типология, тарихи-генетикалық талдау, сондай-ақ тұжырымдарды құруға арналған индуктивті әдіс. Эмпирикалық деректерді алу үшін, экономикадағы сияқты статистикалық деректерді қайталама талдау қолданылады.

BBA 4307 Білім беру әлеуметтануы

Пәнді игерудің мақсаты белгілі әлеуметтанушылардың теорияларын зерттеу және сыни талдау, білім беруді әлеуметтік феномен ретінде зерттеуде әдіснамалық тәсілдерді меңгеру, алғашқы-мәтіндермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру; өзекті білім беру мәселелерін зерттеу бойынша білім алу. Білім беруге, мәдени капиталға қол жеткізу , жоғары білім беру саласындағы пікірталастар,қазіргі әлемдегі университеттер туралы, әлеуметтік дискурс; жоғары білімді коммерцияландыру және интернационалдандыру, Болон процесі; жоғары білім беру, әлеуметтік білім беру институтының теорияларын, концепцияларын, зерттеулерін біріктіретін социологияның тәртіптік саласының теориялық негіздері қалыптасады.

ON 1
ON 2
ON 3

GA 4307 Ғылым әлеуметтануы

Ғылымды әлеуметтік институт ретінде қарастыра отырып, қоғамның дамуындағы ғылым рөлінің дамуын, қоғамның өндіргіш күштері ретінде ғылымның қалыптасуын, ғылыми-техникалық прогресс және қоғамдық дамудың уақыт пен кеңістігін, қазіргі қоғамдағы ғылым дамуының заңдарын, принциптерін оқытады.



VA 4307 Визуалды әлеуметтану

Әлеуметтанулық ойлауын дамытуға арналған және қоршаған ортаны талдау үшін визуалды құралдарды барынша толық пайдалануға үйретуді мақсат етеді. Визуалды ақпаратты пайдалана отырып, әлеуметтанушы әлеуметтік қиялдың көмегімен қоршаған әлеуметтік әлемнің құбылыстары мен процестерінің мәніне кіре алады.Болашақ әлеуметтанушылар сол немесе басқа құбылыстардың сыртқы белгілерін фотофиксациялаудың көмегімен қоғам өмірінің терең тенденцияларын қалай тануды үйренеді.

MA 4308
Менеджмент әлеуметтануы

Менеджменттің әдіснамасы мен әдістерін, әлеуметтік менеджменттің негіздері мен принциптерін, менеджмент функцияларын жүзеге асыру алгоритмін ғылыми негіздей отырып, менеджментті жүзеге асырудың мемлекеттік тетіктерін, әлеуметтік қайшылықтарды реттеу менеджментін үйренеді.Басқарудың жалпы теориясындағы социологиялық тәсілдің ерекшелігі, басқарушылық шешімдер қабылдау дағдылары туралы тұтас түсінік қалыптастырады.



ON6
ON 7
ON 8



OA 4308 Өнер әлеуметтануы



Қоғам өміріндегі өнердің өзіндік ерекшеліктерін анықтау мен сақталу, даму мәселелерін әлеуметтанулық тұрғыдан талдау; қазақ өнерінің әлемдік мәдениет аясына кең ауқымда және қарқынды түрде ену үдерісін Өнер әлеуметтануының қолданыстағы түрін талдайды.



AA 4308 Аймақ әлеуметтануы

Аймақтық әлеуметтік-экономикалық процестердің ерекшеліктері мен механизмдері туралы ақпараттандыру, аймақтың қазіргі заманғы дамуының үстемдігін анықтау, аймақтық дамудың типтік жағдайлары мен проблемаларын талдау; аумақтық әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасу ерекшеліктерін, аймақтың әлеуметтік құрылымын, аймақтың экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму ерекшеліктерін зерттеу; Қазіргі аймақтық саясаттың ерекшеліктерін анықтау; аймақтық басқару органдарының әлеуметтік-экономикалық саясатының қалыптасуы мен жұмыс істеуін талдау; аймақ әлеуметтануының негізгі теориялық ережелерімен, практикалық ұсыныстармен танысады.



1 траектория: Әлеуметтік зерттеулер

AATKOA (SPSS) 4309Әлеуметтік ақпаратты талдау және қайта өңдеу әдістері (SPSS базасында)

Әлеуметтік деректермен жұмыс істеу негіздерін, SPSS тарихын, SPSS модульдерін оқып, Windows үшін SPSS іске қосуды, SPSS басты терезелер және стандартты құралдар тақтасын пайдалануды оқытады. Деректерді өңдеудегі негізгі қадамдарды жасап, сауалнаманы өңдеуге дайындау, зерттеу нәтижесінің сандық көрсеткішіне анализ жасайды.



ON 9
ON 12
ON 13



AZSpA 4309 Әлеуметтанулық зертеудегі сапалық әдістер



Сапалы әдістер-сұхбат, фокус топтары және байқаулар арқылы әлеуметтік зерттеулерді жоспарлау және жүргізудің негізгі ережелермен таныстырады. Жоғары сапалы әлеуметтанулық ақпаратты өңдеу және талдау ерекшеліктеріне арналған бөлек тақырыптар оқытылады.



AZSnA 4309 Әлеуметтанулық зерттеудегі сандық әдістер



Әлеуметтік мәліметтерді сандық әлеуметтік зерттеу шеңберінде жинақтаудың, талдаудың және ұсынудың процедуралық ерекшеліктері, сонымен қатар, әлеуметтік және маркетингтік зерттеудегі еңбек нарығында ең аса үлкен сұранысқа ие арнайы әдістерді тәжірибе жүзінде қолдануы қарастырылады.



AZMT 4310 Әлеуметтанулық зерттеулердегі математикалық талдау

Әлеуметтік зерттеулер жүргізу бағдарламасын құрастырудағы негізгі әдістерді анықтайды.Бұл бағдарламалардың қолданылу аясына сипаттама береді.Әлеуметтік зерттеулерді ғылымда пайдалана білу мен зерттеудің іріктеу әдісін қарастырады.Әлеуметтік зерттеулердің әдістері мен техникасын меңгереді.Әлеуметтік зерттеулердегі практикалық іс-әрекеттермен танысады.

ON 6
ON 7
ON9



ADZA 4310 Әлеуметтанудағы далалық зерттеулер әдістемесі

Деректерді талдаудың көп өлшемді әдістері туралы түсінік қалыптастыру, математикалық статистиканы және әлеуметтік ғылымдарда деректерді статистикалық талдаудың базалық әдістерін практикалық қолдану, деректерді статистикалық талдау үшін қолданылатын компьютерлік бағдарламаларды (SPSS пакеті) тәжірибелік меңгеру.Респонденттің өзіне ұсынылған объектілерді қабылдау кеңістігін талдау проблемасы, формализмнің негізгі элементтері, жеке Көп өлшемді шкалалау процестерін ұғындырады

SZEAZhA 4310 Социологиялық зерттеулерде эмпирикалық ақпаратты жинау әдістері

Таңдау әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру, олардың танымдық мүмкіндіктері мен шектеулері, әлеуметтік зерттеулерге қатысты іріктеуді практикалық жүзеге асыру процедуралары. Іріктемелі әдістер мен шектеулердің танымдық мүмкіндіктерінің теориялық-әдіснамалық негізі; логикалық негіздер; іріктемелі әдістердің математикалық-статистикалық негіздері, кешенді әлеуметтік-экономикалық және маркетингтік зерттеулер үшін жарамды іріктеулерді құруға теориялық көзқарастарды бейімдейді.




2 траектория: Әлеуметтік педагогика

КМВРМ 4309 Қазіргі мектептегі басқарудың педагогикалық менеджменті

Басқарушылық процесті ұйымдастыру заңдылықтарын және осы процесс кезіндегі адамдар арасындағы пайда болған қатынастарды зерттеп, басқару процесінің әдістемелік негізін анықтай отырып психологиялық құбылыстарды анықтап, оларды жүйеге келтіру, заңдылықтарын ашып, олардың арасындағы байланыс себептерін тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды жасауды анықтау.



ON 9
ON 10
ON14
ON12

OBAZh 4309 Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс



Отбасы және балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс” және әдістемелерінің теориялық негіздерін студентердің тоқталып толық түсініктерді меңгереді. Отбасымен әлеуметтік жұмыстын шетелдік тәжірибедегі әдістемелер мен әдістік аспектілері. Отбасымен әлеуметтік жұмыс гылым ретінде. «Отбасымен әлеуметтік жұмыс» пәнін оқып, үйрену. Адам қоғамы тарихындағы отбасының эволюциясы.

AZhAZhN 4309 Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері



Акмеологияның негізгі ұғымдарымен таныстырады, олардың әлеуметтік педагог және өзін өзі тану мұғалімінің кәсіби қалыптасуы бағытындағы теориялық білімдерді меңгеруіне ықпал етеді. Өз уақытын тиімді ұйымдастырады, пайдаланады, өзінің әрекетінде жауапкершілікті сезінеді. Әлеуметтік педагогика және қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды түсіндіреді. Таңдаған мамандық саласында олардың әлеуетті мүмкіндіктерін бағалау дағдыларын қалыптастырады.

РА 4311 Педагог және әдіскер

Баланың табысқа жету үшін қажет ерекшеліктерні ынталандыру, өзін-өзі дамытуға, оны орналастыру арқылы дайындалған ортаға, және тиісті психологиялық баланың қажеттілігіне бар нақты логиканы құру, балаға өз қызметін тәрбие мен білім беру методикасын ұйымдастыру.



ON 9
ON 10
ON14
ON12

ZhAP 4312 Жалпы және әлеуметтік педагогика



Жалпы және әлеуметтік-педагогиканың жалпы мағынасын түсіндіру. Пәнді оқу барысында жалпы және әлеуметтік-педагогика ілімін тәжірибеде қолдана отырып, әлеуметтік процестердiң қазiргi таңда білуге және оны қажет уақытта тиімді қолдану. Халықтың әртүрлі топтарымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүргізудің ерекшеліктері ретінде қарастыру.

AP 4312 Әлеуметтік педагогика



Пәнді оқыту кезінде студенттер ұлттық даралық жайлы, адам, қоғам ұйым, мекеме, жалпы қоғамда алатын орны туралы түсінікке теориялық негіздерін студентердің тоқталып толық түсініктерді меңгереді. Педагогикалық құбылыстардың әдіснамалық заңдылықтар мен принциптерінің түсінігін қалыптастыру.Студенттердің пән бойынша ойларының даму этнопедагогика тарихын дұрыс қолдана білуге дағдыланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет