«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан



бет1/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің оқу-әдістемелік кешені

Мамандығ0201000

Пән: Мемлекет және құқық теориясының негіздері

пәнінен

1 ТАҚЫРЫП Мемлекет және құқық теориясы оқу пәні және әдістері.

Түйінді сөздер: мемлекет,құқық, заң.

Негізгі сұрақтар: Мемлекет жəне құқық теориясының пəнінің ерекшеліктері. Мемлекет жəне құқык теориясының əдістері. Мемлекет жəне құқық теориясының атқаратын қызметі. Заң ғылымының жүйесі

Мемлекет жəне құқық теориясының пəнінің ерекшеліктері Əр ғылымның немесе оку пəнінің өзіндік зерттейтін, оқытатын пəні болады. Ғылымның немесе оку пəнінің заты – ол зерттейтін мəселелердің жиынтығы.

Мемлекет жəне құқық теориясының (МҚТ) пəні – бұл мемлекет пен құкықтьң пайда болуының, дамуының жəне қызмет атқаруының жалпы заңдылыктары, олардың мəні, кұрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институттары. Сонымен катар МҚТ қазіргі мемлекеттік құқықтық болмыстарды да қарастырады жəне жалпы кұқықтық түсініктерді зерттейді.

Мемлекет пен құқықты басқа құрылымдардан бөліп қарауға, сондай-ақ əлеуметтік құбылыстар жүйесіндегі олардың орнын анықтауға, сөйтіп, мемлекет пен құқықтық мəнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқық өте тығыз байланысты. Құқықсыз мемлекет өмір де сүре алмайды, қызмет те істей алмайды. Сондыктан мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықгары да ұқсас. Мемлекет пен құқық теориясының пəнін

былай кестелеуге болады. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні - өте күрделі ұғым. Осы пəнді толық зерттеу үшін төмендегі сұрақтарға аса көңіл бөлу қажет:

1. мемлекет жəне құқықтың мəні.

2. кез келген типті жəне кез келген жүйедегі мемлекет жəне құқықтың жалпы сипаттары.

3. мемлекет жəне құқық пайда болуының жалпы заңдылықтары.

4. мемлекет жəне құқықтың типтері мен формалары (нысандары).

5. мемлекет жəне құқықтың дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, принциптері, механизмдері.

6. мемлекет жəне құқықтың бір-бірімен жəне басқа қоғамдық құбылыстарымен байланыс етудің жалпы заңдылықтары.

Заң ғылымдары арасында мемлекет жəне құқық теориясы ерекше орын алады. Мемлекет жəне кұқык теориясының ерекшеліктері мыналардан тұрады:

– біріншіден, қоғамдық ғылым, өйткені оның пəні мемлекет жəне құқық, бұлар қоғамдық құбылыстар болып табылады. Бұл ғылым (мемлекет жəне құқық теориясы) басқа ғылымдардың біразынан (табиғат зерттеу, техникалык тəрізділерден) осы айырмашылықтары аркылы ерекшеленеді;

– екіншіден, саясат пен заңдарды зерттейтін ғылым, мұндай зерттеулерде мемлекеттің саясат пен билікке жататын немесе ғылыммен тікелей байланысты қызметтік іс-əрекеттерін карастырады. Міне, осындай сипатты айырмашылығына байланысты мемлекет жəне құкық теориясы мемлекеттік-кұқықтық қондырманы тікелей зерттемейтін басқалай да қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді;

– үшіншіден, ғылым мемлекет пен құқықтың негізгі жəне жалпылық заңдылыктарын, жалпыламалык сипаттарын зерттейтін жалпытеориялық ғылым болып табылады. Осы айырмашылығы арқылы арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді;

– төртіншіден, методологиялық сипатындағы ғылым. Мемлекеттік- кұқықтық қондырманың жалпы зандылықтарын баяндап түсіндіргенде мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеудің амал-тəсілдерін, жолдарын қарастырып, олардың əдістемелік мəселелерін де шешеді.

– бесіншіден, заң ғылымдарының бəріне тəн тұғырнамалық сипаты бар ғылым. Өйткені барлық заң ғылымы пəндеріне тән құбылыстарды зерттейді.

Сонымен мемлекет жəне қүқык теориясын – мемлекет пен құқықтың негізгі жəне жалпы зандылыктарының, олардың мəні мен тағайынының фактілерге негізделген дамуын қорытындылаған білімдер жүйесі дейміз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет