Білім беру бағдарламасы бойынша 2-ші кешендік мемлекеттік емтихан сұрақтары 3-ші пән «Генетика»


Генетика мен селекцияның дамуына үлес қосқан Қазақстан ғалымдарының еңбектерін көрсетіңіз және олардың мазмұнына қысқаша тоқталыңыз



бет4/23
Дата03.09.2023
өлшемі94.55 Kb.
#476435
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Генетика гос

Генетика мен селекцияның дамуына үлес қосқан Қазақстан ғалымдарының еңбектерін көрсетіңіз және олардың мазмұнына қысқаша тоқталыңыз.

Генетика мен селекциянын дамуына Казакстан галымдарынын
да коскан улесі бар. Алшак будандастыру, мутагенез, полинлоидия, гетерозис т.б. мәселелерді камтитын генетикалык зерттеулер
жургізілуде. Астык дакылдарын, техникалык дакылдар мен баска да дакылдарды тур ішіндік және тур аралык будандастыру нэтижесінде бидайдын, арпанын, көксагыздын, жугері мен кант кызылшасьнын мол онімді гибридтері мен сорттары (К. Мынбаев, В. П. Кузьмин, А. , М. Раббасов, F. 3. Бияшев, Н. А. Удольская т.б.) шыгарыды.
Микроорганизмдер генетикасы, онын ішінде актиномицеттер табигатына мутагендік факторлардын тигізетін эсерлері зерттеліп, олардын антибиотиктерді кеп тузетін мутантты формалары алынды (М.Х.Шыгаева,К.А.Телемісова). Алшак будандастыру эдісімен жабайы аркарды пайдаланып, койдын аркар-меринос тукымы альнды (Н. С. Бутарин, Ә. E. Есенжолов, А. Ы. Жандеркин). Біркатар мол онімді мал тукымдары, мысалы, казактын биязы жунді койы, Онтустік-казакстан жене бескарагай мериносы, казактын акбас сиыры, алатау сиыры, костанай жылкысы т.б. (М. А. Ермеков,О. Е. Еламанов, В. А. Бальмонт, д. Н.Пак, К.У. Медеубеков) шыгарылды.
Ауыл шаруашышыты дакылдары мен мал осірудегі генетикалык селекциялык жумыстар биохимиялык
жене цитологиялық зерттеулермен катар жургізілді (Т. Б. Дарканбаев, Л. К Кылышев, Т. М. Мэсенов, А. М. Мырзамадиев, Ә.Т. Тапмухамедав, А.Т. Омарбаев т.б.)
Казакстанда тұнгыш рет М.Ә.Айтхожиннін баскаруымен молекулалык биология жоне ген инженериясы саласында кептеген

  1. Генотиптік және фенотиптік өзгергіштікке салыстырмалы түрде сипаттама беріңіз.

Өзгергіштік - организм мен сыртқы ортаның қарым-қатынасын көрсететін күрделі процесс; тірі организмдердің өсіп-дамуы барысында өзін қоршаған орта әсеріне байланысты жаңа белгі-қасиеттер түзуі немесе өзінде бұрыннан бар белгі-қасиеттерін жоғалтуы
Өзгергіштіктің өзінің екі түрі болады: генотиптік және фенотиптік:
Генотиптік өзгергіштік.
Организмнің белгілері мен қасиеттерінің өзгеруі геннің немесе клеткадағы генетикалық аппараттың басқа да элементтерінің өзгеруіне байланысты болуы мүмкін. Мұндай өзгергіштікті мутация деп атайды. Кейбір жыныс клеткаларында пайда болатын мутация келесі ұрпақтарда да сақталады. Мысалы, гомозиготалы ақ үй қояндарынан қара түсті ұрпақтардың пайда болуы немесе қылтанақты бидайлардан қылтанақсыз формалардың шығуын алуға болады.
Генотиптік өзгергіштік кейде гендердің арасында болатын әртүрлі комбинацияларға да байланысты болады. Яғни гендер бір - бірімен орын алмастырғанда жаңа белгілер мен қасиеттер пайда болуы мүмкін. Мұндай өзгергіштікті комбинативтік өзгергіштік деп атайды. Мутациялық және комбинативтік өзгергіштік тек қана генотиптің өзгеруіне байланысты болады, және ұрпаққа беріледі. Сондықтан оларды генотиптік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік деп атайды. 1. фенотиптік өзгергіштік.
Организмнің жеке дамуы барысында оның орфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және басқа да ерекшеліктерінің өзгеретіндігі байқалады. Мұндай өзгергіштікті фенотиптік өзгергіштік деп атайды. Фенотиптік өзгергіштіктің генотпитік өзгергіштіктен негізгі бір айырмашылығы организм генотипінің өзгермейтіндігінде және ол тұқым қуаламайды. Сондықтан мұндай өзгергіштікті тұқым қуаламайтын өзгергіштік деп те атайды. Қандай болмасын белгі немесе қасиет дамып қалыптасуы үшін оған тиісті сыртқы орта жағдайлары қажет. Оны мынадай нұсқамен көрсетуге болады: Сыртқы орта жағдайлары
Генотип (гендердің жиынтығы)
фенотип (дамып қалыптасқан белгілер мен қасиеттер) Мысал келтірейік. Егер белгілі бір өзіне тән фенотипі бар хлорелла балдырын жарық ортада өсіретін болсақ одан түзілген колониялар жасыл түсті бодады. Ал сондай хлорелланы қараңғы жерде өсірсе, ол бозғылт түске айналады. Егер оны қайтадан жарық ортаға апарса жасыл түс қайта қалпына келеді. Яғни бұл мысалдан екі түрлі жағдайдың екеуінде де хлорофилдің түзілу мүмкіндігінің бар екендігін, бірақ ол үшін сыртқы орта жағдайы - жарықтың қажет екендігін көреміз.
Сөйтіп, генотптің өзгеруіне байланыссыз тек сыртқы ортаның әсерінен болатын өзгергіштікті модификациялық өзгергіштік деп атайды. Мұндай өзгергіштік жоғарыда көрсетілген фенотиптік немесе тұқым қуаламайтын өзгергіштікке жатады



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет