Сәулет өнерінің туындыларының ішінде Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі ерекше орын алады. Аталмыш ғимарат Әмір Темір дәурінің сәулет өнерінің алғашқы туындыларының біріне жататыны белгілі. Түркістан қаласына жақындаған кезде ең бірінші болып көрінетін Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Биіктігі жағынан оған тең келетін сол заманғы ғимараттар өте аз болып табылады. Осы қасиет оның негізгі бір ерекшелігіне жататынын атап өту қажет. Келуші туристердің саны қаламызда осы көркем сәулет өнерінің арқасында өсуде. Кіру бағасы өте қол жетімді және сырттан келген туристер үшінде арнайы бағалар ұсынылады.
|
Кесененің айналасында қайырымдылық сұрап отыратын адамдар санының тым жоғары болуы. Осы нәтежиесінде туристердің үрейі пайда болып қалуы белгілі. Сувенир бағаларының тауарларына сай болмауында, яғни жоғары болуы және айналаларында бір-бірімен бәсекеге түсу жағдайларының орын алулары. Себебі, барлық сатушылардың тауарлары көбіне бірдей. Осы тұрғыда ешқандай да артықшылықтары болмау нәтежиесінен, келушілердіңде қызығушылықтары да артпайды.
|