Білім беру бағдарламасы бойынша Семинар орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық


- семинар. Техникалық құжаттамаларды стандарттау



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата19.10.2023
өлшемі311.38 Kb.
#481140
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Семинар сабақтары ССДЗА

10- семинар. Техникалық құжаттамаларды стандарттау 
Сабақтың мақсаты: КҚБЖ және ТҚБЖ стандарттар жүйелерімен жұмыс істеуде 
тәжірибелік дағдыларға ие болу. 
Мазмұны: 
1 Кәсіпорындардың және ұйымдардың жалпы жіктеуішін оқып меңгеру 
2 Оқытушының тапсырмасы бойынша бір саладағы кәсіпорындардың сәйкестендіру 
кодтарын анықтау 
Әдістемелік ұсыныстар: 
Техникалық құжаттамалар – бұйымдардың немесе жабдықтардың өмірлік циклының 
негізгі сипаттамаларын сипаттайтын құжаттар жиыны. Техникалық құжаттамалар 
адамдардың өндірістік қызметін регламенттейді және бір уақытта, адамзаттың басқару 
әдісінде, алдыңғы қатарлы технологияда, техникалық даму саласында жеткен жетістіктерін 
анықтап көрсетеді. Техникалық құжаттамаларды нысандарға сәйкес, олар конструкторлық 
құжаттамалардың 
бірыңғай 
жүйесі 
(нысаны 

конструкция), 
технологиялық 
құжаттамалардың бірыңғай жүйесі (нысаны технология) болып бөлінеді. 
Бақылау сұрақтары: 
1 Қандай құжаттамалар техникалық құжаттамаларға жатады? 
2 Қандай көрсеткіш бойынша техникалық құжаттаманы жүйелерге бөледі? 
3 КҚБЖ стандарттардың класын қалай белгілейді? 
11-семинар. Нормативтік құжаттамаларға нормабақылау 
Сабақтың мақсаты: Нормативтік құжаттамалардың сапасын бағалау бойынша 
тәжірибелік дағдыларды меңгеру 
Мазмұны: 
1 МЕСТ 2.111-68 стандартын меңгеру 
2 Нормативтік құжаттамалардың сапасына бағалау жүргізу 
Әдістемелік ұсыныстар: 


КҚБЖ стандарттар кешені 1971 жылдан бекітіліп енгізілді. МЕСТ 2.111-68 «КҚБЖ. 
Нормабақылау» ұйымдық-әдістемеге қатысты бұл стандарт келесіні бекітті: бақылау 
нормасының мақсаты мен тапсырмасын, мазмұнын, бақылау нормасының жүргізу тәртібін
және бақылау нормасының ескертулерін өңдеуді, сонымен қатар бақылау нормасының
міндеттерін, құқығын және жауаптылығын. 
Нормабақылаудың 
негізгі мақсаты – техникалық құжаттамаларда әзірленген 
нормативтік техникалық құжаттардың талаптарының кез-келгенін орындалмау немесе 
бұзылғаны жөнінде ескерту және оны тоқтату болып табылады. Нормабақылаудың мақсаты 
және қарастыратын мәселелері келесіні бағытталуы керек: әзірленген бұйымдардың 
нормативтік-техникалық құжаттарда бекітілген нормалары мен талаптарын қадағалау; КҚБЖ 
стандартының талабымен сәйкесінше конструкторлы құжаттардың орындалу дұрыстығы
әзірленіп жатқан бұйымдарға стандарттаудың жоғары деңгейіне жету. 
Қателіктердің жіктелуі. Нормабақылауда табылған жұмысшылармен жіберілетін 
көптүрлі техникалық құжаттамалардағы қателіктерді, олардың мәндері мен сипатталуы 
бойынша келесідей категорияларға жіктеуге болады: 
1 Ары қарай нормабақылауды жүргізбей қайтарылатын құжаттамаларда табылған 
қателіктер 
2 Түзетілмейтін жарамдылықты шақыратын қателіктер 
3 Түзетілетін жарамдылықты шақыратын қателіктер 
4 Өндірісте кешіктіруді шақыратын қателіктер 
5 Құжаттамаларда сәйкесінше түзетулерді жүргізуге және өзгерту жөніндегі хабарламаның 
шығарылуын талап ететін қателіктер 
Қателіктердің 
жіктелуін техникалық құжаттамалардың сапасын бағалау және 
орындаушылар еңбегін бағалау үшін қолданады. Сипаттамалары мен мазмұнына қарай 
қателіктердің әрбір категориясы сәйкесінше балдармен бағаланады. 
Бақылау сұрақтары: 
1 Нормабақылаудың нысандарын атаңыз? 
2 Нормабақылауда көрсетілетін құжаттар тізімі жөнінде не білесіз? 
3 Нормабақылаудың мазмұны мен жүргізу тәртібін сипаттаңыз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет