10
бірдей базалық қағидаларды қолданады.
Компьютерлік жүйенің компоненттері (сөздің кең мағынасында) –
құрылғылар,
операциялық жүйе, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру,
олардың
қолданушылары – адамдар жəне желідегі басқа компьютерлер.
Қазіргі заманғы компьютерлік жүйе орталық процессордан, ішкі жəне тұрақты сақтау
құрылғыларынан (жады), енгізу, шығару жəне байланыс құрылғыларынан тұрады.
Қазіргі компьютерлердің алты негізгі компоненттерін атауға болады. Орталық
процессор деректерді өңдейді жəне компьютердегі
басқа құрылғыларды басқарады;
бірінші реттегі жады қазіргі уақытта іске қосылған бағдарламалар мен өңделетін
деректерді сақтайды;екінші реттегі жады кейінгі қолдануға арналған бағдарламалар мен
деректерді сақтайды; енгізу құрылғылары деректер мен нұсқауларды компьютерде өңдеуге
ыңғайлы пішінге түрлендіреді; шығару құрылғылары компьютердің
өңдеген ақпаратын
адамның қабылдауына ыңғайлы пішінде бейнелейді;
коммуникациялық құрылғылар
жергілікті жəне ғаламдық желілердегі деректерді қабылдауды жəне беруді басқарады.
Компьютерлік жүйелерде екілік санақ жүйесі қолданылады, яғни компьютердегі барлық
сандар нөлдер мен бірліктердің көмегімен көрсетіледі, сондықтан компьютер тек цифрлы
формадағы ақпаратты өңдей алады. Сандық, мəтіндік, графикалық ақпаратты сандық түрге
түрлендіру үшін,
кодтауды қолдануымыз қажет. Кодтау – бұлбір типті басқа типтегі
деректер арқылы түрлендіру. Компьютерлік жүйелерде екілік кодтау жүйесі қолданылады,
ол екілік сандар (binary digit қысқартылған түрде bit) деп аталатын 1 жəне 0
таңбалар
тізбегімен берілген деректердің көрсетілуіне негізделген.
Сонымен, компьютердегі ақпарат бірлігі – бір бит деп аталады, яғни екілік разряд (бір
бит) 0 немесе 1 мəнін қабылдай алады. Тізбектелген сегіз бит байтты құрады. бір байтта
бір таңбаның мəнін 256 мүмкіндікпен кодтауға болады (256 = 28). ақпараттың үлкен
өлшемі – килобайт (кбайт), ол 1024 байтқа тең (1024 = 210). Одан да үлкен деректер
бірліктері: магабайт, гигабайт, терабайт (1 мбайт – 1024 кбайт; 1 гбайт = 1024 мбайт; 1
тбайт = 1025 гбайт) қолданылады.
1-сурет.
Alice есімі екілік сандардың жиынтығы ретінде ұсынылған
Ондық жүйедегі əрбір сан екілік санмен немесе керісінше бейнеленуі мүмкін. бұл
түрлендіру қалай жүзеге асырылғанын қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: