Орталық процессор – бұл компьютерлік жүйенің командаларын (instructions)
орындайтын құрылғы. заманауи компьютерлерде, əдетте, бұл көп ядролы болып
табылады, яғни құрамында ортақ жадта параллель жұмыс істеітін процессордың 2-ден 32-
ге дейін (көшірмесі) ядросы бар, немесе орталық жəне графикалық процессордан тұратын
гибридті болады. Əрбір ядро өнімділігі 3-3,2 ггц тең. бұл жағдайда өнімділік деп
процессордың тактілік жиілігі (ядроның) – машинаның бір қарапайым команданы
орындау уақыты алынады. Дегенмен, жүйенің жалпы өнімділігін анықтайтын басқа да
маңызды факторлар бар, оларға жадтың тактілік жиілігі жəне жүйелік шина жатады. Шын
мəнінде, жүйенің жалпы өнімділігін жүйенің ең баяу бөліктері (əдетте бұл жүйелік шина)
арқылы бағалауға болады. Бұл сипаттамаларды компьютерді таңдағанда жəне сатып
алғанда ескеру керек.
Жедел (негізгі) жад немесе жады – өңделетін деректерді сақтайтын құрылғы. жад
көлемі 1-16 гигабайт немесе одан көп; аз көлемдегі жадты қолдану ұсынылмайды, себебі
бұл жүйе жұмысын айтарлықтай баяулатады. жадының тактілік жиілігі 667 мгц – 1,5 ггц.
Жүйелік шина – бұл компьютердің барлық модульдері жалғанған жəне олар арқылы
сигналдармен алмасатын құрылғы. Шинаның тактілік жиілігі – 1-1.5 ггц (бұл шын мəнінде
жүйенің белгілі бір өнімділігі).
Əдетте PCI (Peripheral Component Interconnect) шинасы қолданылады. Оған
процессор, жады, дискілер, принтер, модем жəне басқа сыртқы құрылғылар қосылуы
мүмкін.
Порттар – сыртқы құрылғыларды компьютерге қосу үшін жалғағыштары бар
құрылғылар. Əрбір порттың өз контроллері (жəнеөз драйверлері) бар.
Ең жиі қолданылатын порт – USB (Universal Serial Bus), əдеттегі шамамен 1 см өлшемді
жалпақ жалғағыштары бар. Құрылғылардың көпшілігі USB порттарына қосыла алады,
жəне оларды іске қосу үшін компьютер мен құрылғыны ажырату қажет емес. USB-ң жаңа
стандартты – 4, ол жаңадан іске қосылуда, өнімділікті секунына кемінде 40 гбайтты
қамтамасыз етеді. USB портына пернетақтаны, мауысты, принтерді, сканерлерді, сыртқы
қатты дискілерді, флэш-дискілерді жəне антеннадан теледидар сигналын қабылдау жəне
компьютердегі теледидар кескінін көрсету үшін қолданылатын TV-тюнерді – қосуға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |