Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет61/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Шифрлау
 
Шифрлау – құрамының мағынасын ашу үшін сəйкес шифрлау кілті бар тек 
пайдаланушының ғана оқылатын шифрланған мəтінге мəліметтерді түрлендіру үшін 
қолданылатын əдіс. Шифрлау, мəліметтер қорғаудың жоғарғы деңгейі қажет болған кезде
– сенімсіз дереккөздердегі мəліметтер сақтау кезінде немесе байланыстың қорғалмаған 
каналдары бойынша мəліметтерді жіберу кезінде қолданылады.
Шифрлауды кодтаудан айыра білу керек. Кодтау да ақпаратты түрлендіреді, бірақ 
сақтау жəне жіберу ыңғайлылығы үшін, құпиялық негізгі міндет болып саналмайды. 
Кодтаудың негізгі тəсілдері – морзе əліпбиі жəне компьютерге сақтау үшін əріптерді екілік 
кодтау.
Қолданылатын кілттердің құрылымына байланысты, шифрлау əдістерінің ішінде 
симметриялық жəне асимметриялық шифрлауды бөліп қарастырады. Симметриялық 
шифрлау бөгде тұлғаларға алгоритмді шифрлау қолжетімдігін қарастырады, бірақ кілт 
(жіберуші мен қабылдаушы үшін бірдей) белгісіз болып қала береді. Асимметриялық 
шифрлауда бөгде тұлғаларға шифрлау алгоритмі мен ашық кілт белгілі болады, бірақ 
жабық кілтті тек қабылдаушы ғанабіледі.
Қазіргі кезде файлдарды компьютерде шифрлау бойынша ең қолайлы шешім – бұл 
жүйеде жеке диск ретінде көрінетін «контейнерді» құру. Бұл дискте кез келген ақпаратты 
сақтауға немесе көшіруге болады, онымен кез келген бағдарламада жұмыс істеуге болады, 
оның флешкадан немесе винчестерден еш айырмашылығы жоқ, жəне сонысымен қолайлы. 
Негізінде контейнер компьютердің винчестеріндегі жеке үлкен файл болып табылады, оған 


72 
арнацы бағдарлама арқылыкіруге болады, мысалы Kaspersky Crystal (2- сурет). Осы ерекше 
дискке сақталатын кез келген файл бірден шифрланады жəне жалпы файл-контейнерге 
жазылатын болады. 
2-сурет. Crystal шифрлау бағдарламасының интерфейсі
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет