Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет64/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Web-сайт
 
Web-сайт (ағылшынша site – «бөлім») – бір серверде сақталатын жəне сілтемелер 
арасында өзара байланысқан web-беттердің жиыны. Сілтемелер арасында өзара 
байланысқан жəне əр түрлі серверлерде сақталатын Web-сайттардың жиынын Web-портал 
деп атайды.
Құрамы бойынша сайт дербес логикалық бірлік, мағынасыбойынша құжаттар мен 
графикалық суреттердің өзара арасында байланысқан кешен болып табылады. Өз домені 
жоқ жəне кез келген жеке (homepage) деп атайды.
Құрамы тұрақты болатын статистикалық беттер жəне келушінің əрекетіне əсер ететін 
динамикалық беттер болуы мүмкін. Мысалы, жаңа заңның мəтінін оқуға болатын бет 
статистикалық болып табылады. Егер пайдаланушы чатты, форумды немесе тіпті іздеу 
бетін ашса, онда одан қандай да бір əрекетті талап ететін динамикалық бетте болады. 
Жалпы, веб-сайттардың көпшілігі динамикалық болып табылады, өйткені олар 
пайдаланушымен бірге өзара əрекет етеді. Дербес веб-ресурсы (блог), интернет-жобасы 
бар адам үшін – бұл өз ақпараттарымен бөлісу мүмкіндігі.
Коммерциялық ақпараттарды тарататын сайттар туралы айтсақ, онда бұл көбінесе əр 
түрлі ұйымдардың интернет-өкілдері болып табылатын ресурстар. Басқаша айтқанда, өзі 
туралы мəлімдегісі кел-ген компания веб-сайтты ашады, онда өзі жайлы ақпаратты, прайс- 
қағазды жариялайды, сондай-ақ компанияның реквизиттерін көрсетеді. Сонымен қатар, 
коммерциялық сайттарға интернет дүкендерді немесе каталогтарды да жатқызуға болады, 
онда əрбір қолданушы қызықтырған тауар туралы ғана емес біліп қана қоймайды, сондай-
ақ оны сатып ала алады. Негізінде, коммерциялық ресурстыңалпы ресурстан 
айрымашылығы, оның беттерін əрбір қолданушыны клиентке айналдыруға уəжделейтін 
ақпарат қана орналасады.
Сайтты өз қолыңызбен де құруға болады. Сайтты құрушы бағдарламалар да жеткілікті. 
Ең дұрысы кəсіби маманға жүгініп, web-ресурсты құруға тапсырыс берген жөн. 
Қазақстанда веб-сайттарды құрумен айналысатын компаниялардың саны көп. Олардың 


75 
міндетіне веб-сайттардың дизайны, скриптерді орнату мен күйге келтіру, мəліметтер 
қорына қосу жəне т.б. кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет