Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет68/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

 
Электрондық пошта (ағылш. E-mail, email, electronic mail сөзінен қысқарт.) – бұл желі 


78 
пайдаланушылары арасында электрондық хабарламаларды жіберуге арналған құрал; ол 
желінің барлық абоненттеріне іскери жəне жеке қатынастарды жүргізу үшін олардың 
компьютерлерін қолдану мүмкіндігін ұсынады. Жіберуші - абоненттің мəтіндік файл 
түрінде құрған хаты қабылдаушы-абонентке жіберу үшін телефон желісіне (модемдердің 
көмегімен) жіберіледі. Бұл хат желінің тораптың пошталық машинасына түседі, ол 
қабылдаушының адресі бойынша хабарламаны жіберу бағытын анықтайды. Пошталық 
машиналар электрондық пошта жүйесіндегі хаттардың алмасуын қамтамасыз ететін, 
абоненттер арасындағы дəнекер болып табылады. Қабылдаушы - абонент өзінің пошталық 
машинасына (өзіне қолайлы уақытта) жүгіне отырып, алдыңғы қосылу уақытынан бастап 
жинақталған барлық хабарламаларды өзінің пошталық жəшігіне қабылдайды.
Жіберілген электрондық хат өзінің адресатына жету үшін, ол халықаралық 
стандарттарға сəйкес рəсімделуі жəне стандартталған пошталық электрондық адресі болуы 
қажет. Жіберудің жалпы қабылданған форматы тақырыптан жəне тікелей хабарламаның 
өзінен (қандай да бір бағдарламаны, мəтіндік немесе графикалық мəліметтерді құрайтын
файлды) тұрады.
Пошталық электрондық адресте абоненттің идентификаторын оның 
пошталық координаттарынан бөлу үшін, @ арнайы символ (компьютерлік жаргонда 
«айқұлақ» деп аталады) қолданылады. Интернет форматында пошталық электрондық 
адрес мынандай болады: info@ kurort-borovoe.kz.
 
ICQ
 
ICQ (ағылш.акроним I seek you – «мен сені іздеймін») – желі қолданушыларына нақты 
уақыт кезеңінде хабарламалармен алмасуға, сондай-ақ чатты ұйымдастыруға, файлдарды 
жіберуге жəне т.б. мүмкіндік беретін қызмет. Ең үлкен мессенджерге 20 жыл.
2012 жылдың аяғында ICQ 8 шықты, онда ұялы жəне қалалық нөмірлерге хабарласу 
мүмкіндігі, сондай-ақ Вконтакте жане Одноклассники əлеуметтік желілерімен бірлесу 
мүмкіндігі пайда болды. 2016 жылы ICQ-де, құрғаннан кейін ортақ лентада 24 сағаттың 
ішінде көруге болатын кішігірм бейнероликтерді немесе суреттер жинағын жасауға 
болады. ICQ-де мəтіндерді, өрнектерді жəне стикерлерді қоса алғанда, фотосуреттер мен 
бейнероликтерге түрлі эффектілер қосуға мүмкіндік беретін редактор пайда болды. 
Сонымен қатар, бағдарлама түсіру кезінде координаттарды талдайды жəне тақырыптық 
бейдждің нұсқасын өзі ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет