Білім беру бағдарламасы: Жалпы медицина Курсы: 3 Пән коды және атауы: pf 3214 «Патологиялық физиология» Кредит саны: 6



бет9/21
Дата27.09.2023
өлшемі119.87 Kb.
#478841
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Силлаьус 2023 ОМ каз

«Қан жасалу жүйесінің» модулі.
Анемиялық синдромда – қан патологиясы кезіндегі физиологиялық қызметтердің бұзылыстары. Анемияның патогенетикалық жіктелуі. Анемия кезіндегі қан көрінісі.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:



  1. Анемия туралы түсінік.

  2. Анемияның жіктелісі.

  3. Постгеморрагиялық, гемолитикалық, темір жетіспейтін, В12 дәрумен жетіспейтін, миелотоксикалық және апластикалық анемияларға салыстырмалы сипаттама (этиология, патогенез, қан түзілу ерекшеліктері және шеткі қан құрамы).

  4. Анемиялар кезіндегі компенсаторлық және қалпына келтіру процесстері, ағза қызметінің бұзылыстары. Анемияларды патогенетикалық емдеу принциптері.

  5. Балалардағы анемиялар, түрлері және себептері.

  6. Жаңа туған нәрестелердің гемолитикалық ауруы.

4

Шағын топтарда жұмыс жасау, TBL, ситуациялық есептерді шешу, гемограммаларды талдау, Google және Padlet платформаларында тест және тапсырма орындау

8

Лейкоцитоз және лейкопенияның этиологиясы және патогенезі.
Әр түрлі лейкоздар кезіндегі қан жасалуының және перифериялық қанның клеткалық құрамының патофизиологиялық ерекшеліктері.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:



  1. Лейкоцитоздар, оның түрлері.

  2. Әр түрлі лейкоцитоздардың сипаттамасы.

  3. Ядролық ығысу туралы түсінік, ығысу индексі, оның ауру барысына болжам жасауда маңызы.

  4. Лейкопениялар: олардың түрлері; этиологиясы, патогенезі.

  5. Лейкоцитоз және лейкопения анықтаудың практикалық маңызы.

  6. Гемабластоздар: жалпы сипаттама және түрлері

  7. Лейкоз анықтамасы және жалпы сипаттама

  8. Лейкоздардың жіктелісі

  9. Жедел және созылмалы лейкоздардың гематологиялық және цитохимиялық ерекшеліктеріне салыстырмалы сипаттама

  10. Лейкоздардың даму себептері.

  11. Балалардағы лейкоз, этиологиясы және даму механизмі

№ 1 тәжірибе. Лейкоцитарлық формуланы санау


Лейкоцитарлық формуланы санау /машинка көмегімен/. Препарат дайындап, қанды әйнекке жаққанда, лейкоциттер бірқалыпты жатпайды, нейтрофилдер мен моноциттер жағындының шеттерінде бойлай орналасса, лимфоциттер ортасында көбірек кездеседі. Сондықтан лейкоциттерді санағанда санау орнын төрт рет ауыстырады. Әр жерден 25-тен барлығы 100 лейкоцит саналады. Қалай санау керектігін оқытушы түсіндіреді. Тәжірибе мәліметтерін процентпен белгілеп, лейкоцитарлық формула шығарады
№ 1 тәжірибе. Лейкозбен ауыратын науқастың қан жағындысының микроскопиялық көрінісін оқу.
Өзіндік жұмысқа 2 жағынды беріледі:
А) жедел және созылмалы лимфолейкозбен ауыратын науқастың шеткі қан жағындысы.(лейкемиялық нұсқа)
В) жедел және созылмалы миелолейкозбен ауыратын науқастың шеткі қан жағындысы.(лейкемиялық нұсқа)
Лейкоцитарлық формуланы есептеу жүргізіледі.
Келесі сұрақтарға жауап бере отырып, нәтиже және қорытынды жасалады.
1. Анықталған лейкоцитарлық формула негізінде қан жүйесінің қандай бұзылысы екенін білеміз.
2. Берілген науқаста лейкоздың қай түрі анықталды?
3. Қандай гематологиялық көрсеткіштер негізінде қорытынды жасауға болады?

4

Ауызша сұрау, тест тапсырмаларын орындау (Ouiziz платформасында), тәжірибелерді ауызша талдау, ситуациялық есептерді шешу және талдау, гемограмма талдау

9

Гемостаз бұзылысы. ШТҰ смндромы.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:



  1. Қаның ұю жүйесі туралы түсінік. Ұю механизмдері, қан ұюына қатысатын факторлар.

  2. Қан ұюының шапшаңдауы ( гиперкоагуляция). Қан ұюының баяулауы (гипокоагуляция).

  3. Эритроциттердің тұну жылдамдығы, осмостық тұрақтылығы, олардың бұзылу механизмдері.

  4. Геморрагиялық диатездер: түрлері, себептері және патогенезі

  5. Тромбоцитопениялар және тромбоцитопатиялар: түрлері, себептері

  6. ШТІҰ синдромының этиологиясы

  7. ШТІҰ синдромының сатылары және патогенезі

№ 1 тәжірибе. Эритроциттердің тұну жылдамдығы.


Алдыңғы тәжірибеден қалған қанды Панченко құралының капиллярына жоғарғы белгісіне дейін толтырады. Капиллярды штативке тігінен бекітіп бір сағатқа қалдырады. Уақыт өткен соң эритроциттердің тұну
жылдамдығын анықтайды.(мм/сағ.) Сау және сәуле ауруына ұшыраған жануарлардың қанының эритроциттер тұну жылдамдығын салыстырып, қорытындылайды.

4

Ауызша сұрау, тест тапсырмаларын орындау (Ouiziz платформасында), тәжірибелерді ауызша талдау, ситуациялық есептерді шешу және талдау

10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет