Білім беру бағдарламасы: Жалпы медицина Курсы: 3 Пән коды және атауы: pf 3214 «Патологиялық физиология» Кредит саны: 6



бет12/21
Дата27.09.2023
өлшемі119.87 Kb.
#478841
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Силлаьус 2023 ОМ каз

«Жүйке жүйесінің» модулі»
Миға қан құйылу және ми артериаларының бітеліп қалуы кезіндегі мидың қанайналысының патофизиологиясы.. Сезімталдықтың бұзылысы.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:



  1. Жүйке жүйесінің функциясының бұзылыстарының этиологиясы және патогенезі.

  2. Ми қанайналысы бұзылыстарының этиологиясы және патогенезі.

  3. Ми ишемиясы және ми инфарктісінің дамуының патогенезі.

  4. Субарахноидальдық қан құйылуын тудыратын факторлар және оның патогенезі.

  5. Сезімталдық түсінігіне анықтама, оның құрылымы.

  6. Беткей сезімталдықтың өткізгіш жолдары, беткей сезімталдық жолдарының эксцентрлік орналасу заңы, анализатордың қыртыстық бөлімі

  7. Терең сезімталдықтың өткізгіш жолдары, анализатордың қыртыстық бөлімі. Сенсорлық бұзылыстардың түрлері (сандық және сапалық).

  8. Сезімталдық бұзылыстарының түрлері

№1 Тәжірибе. Экспериментальдық анестезия.


Декапитацияланған бақа төменгі жақ сүйек тұсынан штативке асылып ілінеді. Анестезияландыру үшін артқы аяқтарының біреуін бірнеше минутқа эфирге салып алады. Содан кейін артқы екі аяғында әлсіз күкіртті қышқыл ерітіндісіне батырып тітіркендіреді. Жауап қайыру реакцияларын салыстырып және соған сәйкес қорытынды жасаңыз. Бұл тәжірибеде сезімталдықтың бұзылыс механизі қандай. Тәжірибені жазып, қорытынды жасаңыз.

3

Ауызша сұрау, тест тапсырмаларын орындау (Ouiziz платформасында), тәжірибелерді ауызша талдау, ситуациялық есептерді шешу және талдау

15

Құрысулық жағдай, оның түрлері мен механизмі. Эпилепсия дамуындағы пайда болу факторлары және патогенезі. Менингиттің патогенетикалық механизмдері Когнитивті қызметтердің бұзылысы. Вегетативті жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстары. Невроздар.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:



  1. Жүйке жүйесінің функциясының бұзылыстарының этиологиясы және патогенезі.

  2. Жүйке жүйесінің қозғалыстық бұзылыстары,оның түрлері (параличтер, парездер).

  3. Құрысу жағдайының этиологиясы және түрлері.

  4. Құрысу жағдайының патогенезі.

  5. Бас мидың нейрональдық бесенділігі эпилепсияның негізгі патогенетикалық факторы.

  6. Нейроинфекция туралы түсінік. Менингиттер. Минингиттер жіктелуі

  7. Менингиальдық қабықшалардың инфицирленуінің патогенезі және клиникалық көріністері.

  8. Когнитивті функциялардың бұзылыстары (таным, ес, ойлау).

  9. Жоғары жүйке әрекеті бұзылысының түрлері және олардың түрлері.

  10. Жоғары жүйке әрекеті патологиясының негізгі даму механизмдері.

  11. Невроздар, жалпы түсінік, этиологиясы және жіктелісі.

  12. Невроздарды эксперименттік модельдеу

№1 Тәжірибе. Экспериментальдық эпилепсия.


Ақ егеуқұйрыққа құрсақ ішіне 2 мл жылытылған камфорлы майды енгізеді. Жануардың бастапқы жағдайын және тәжірибе бойы оның жағдайы мен іс қимыл, қозғалысын бақылап отырады Әсіресе ОНЖ бұзылысын анықтайтын бұзылыстарға көп көңіл аудару керек. Нәтижелерді талдап жазып, қорытынды жасаңыз

3

Ауызша сұрау, тест тапсырмаларын орындау (Ouiziz платформасында), тәжірибелерді ауызша талдау, ситуациялық есептерді шешу және талдау






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет