Білім беру бағдарламасы Пәннің коды Пәннің атауы Студенттің өзіндікжұмысы (БӨЖ)



бет13/18
Дата20.05.2022
өлшемі43.63 Kb.
#458042
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқау

ЗС 9. Микрорганизм клеткаларын сандық анықтау. Горяев камераларында клеткаларды санау.
Жұмыстың мақсаты - қоректік орталарға егу әдісі бойынша микроорганизмдерді сандық анықтау.
Зертханалық жұмыстың міндеті- микрорганизмдерді қатты қоректік орталарға отырғызу әдістерін игеріп, үйрену.
Табиғи субстраттардағы немесе қоректік орталардағы микроорганизмдердің өсуін клеткаларының санының немесе көлем бірлігіндегі биомассаның өзгеруі арқылы айтуға болады. Бұл көрсеткіштерді анықтау әдістері тікелей (микроскоппен клеткаларды санау, өлшеу) немесе жанама болуы мүмкін. Жанама әдістер микроорганизмдер биомассасына немесе санына тәуелді болатын параметрлерін өлшеуге негізделеді. Әдісті таңдау зерттеу мақсатына, қоректік орта немесе субстраттың қасиетіне, сонымен қатар микроорганизмдердің морфологиясына және өсу ерекшеліктеріне байланысты болады. Себебі, бір клеткалы микроорганизмдердің санын анықтау үшін қолданылатын әдістер көп клеткалылар үшін қолданылмайды.
Микроорганизмдер клеткаларының санын анықтау. Әр түрлі субстраттардағы микроорганизмдердің жалпы санын, микроорганизмдер түрлері мен жеке топтарының өкілдерінің санын анықтау үшін түрлі әдістер қолданылады. Бұл әдістерге: микроскоп арқылы клеткаларды тікелей санау (санақ камераларында, бекітілген, боялған жұғындыда, мембраналық фильтрлерде), қатты қоректік орталарға егу арқылы санау және бөліп алу (Кох әдісі) және сұйық орталарға отырғызу (шекті сұйылту әдісі) сияқты әдістер жатады. Қатты және сұйық орталарға егу әдісімен тіршілік етуге қабілетті микроорганизм клеткалары ғана есепке алынады.
Микроскоп астында клеткаларды тікелей санау әдісі арқылы субстраттағы микроорганизмдердің толық санын есептеуге болады. Алайда бұл әдіспен тірі және тіршілігін жойған клеткалар анықталатындықтан санау нәтижелері дәл болмауы мүмкін.
Санақ камерасында клеткаларды санау. Бұл әдіс ірі нысандар - ашытқыларды, бір клеткалы балдырларды, кейбір ірі бактерияларды санау үшін ұсынылады. Мысал ретінде Горяев-Томның санақ камерасын алуға болады. сырт қарағанда торша қалың заттық шыны тәрізді. Шынының ортасы 0,1мм тереңдікті ойықтан тұрады., оның түбіне торша орнатылған. Камера тереңдігі (0,1 мм), үлкен және кіші торша квадраттарының ауданы (сәйкесінше 1/25 және 1/400 мм2) заттық шыныда көрсетілген.
Камераны толтыру және клеткаларды санау. Камерамен жұмыс істеу кезінде оны толтырудың ережелерін сақтау қажет. Торшамен тереңдеген жерді арнайы жабынды шынымен жабады, сәл жабыстырып, интеренференция суреті (Ньютон сақиналары) пайда болғанша жабынды шыныны қарама қарсы жаққа қозғалтады. Алдын ала камераны зерттелетін микроорганизм суспензиясымен толтырады. Толтырылған камераны микроскоп үстеліне орналастырады.
Клеткаларды санауды камераны толтырғаннан кейін 2-3 мин кейін бастайды. Себебі клеткалардың тұнуы және микроскоптау кезінде бір жазықтыққа орналасуы керек. Қозғалғыш клеткаларды алдын ала қыздыру арқылы өлтіріп алады.
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ

  1. микроорганизм клеткаларынан суспензия дайындау

  2. екі түрлі тәсілмен микроорганизм клеткаларының санын анықтау.

  3. зерттеу нәтижелерін өңдеп қорытындылау.

10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет