Білім беру бағдарламасы Пәннің коды Пәннің атауы Студенттің өзіндікжұмысы (БӨЖ)



бет16/18
Дата20.05.2022
өлшемі43.63 Kb.
#458042
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқау

ЗС13. Микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдылығын тексеру.
Жұмыстың мақсаты - антибиотиктердің микроорганизмдерге әсерін зерттеу.
Зертханалық жұмыстың міндеті- антибиотиктердің әсеріне микробтардың сезімталдылықтарын зерттеу әдістерімен танысу.
Антибиотктердің микроорганизмдерге әсері. Көптеген микроорганизмдер өздерінің тіршілігінің нәтижесінде басқа микроорганизмдерге немесе вирустарға қатысында, олардың өсуін тежейтін
немесе оларды өлтіретін жоғары физиологиялық белсенділікке ие арнайы өнімдер бөледі. Олар антибиотиктер деп аталады. Жалпы биологиялық уларға қарағанда антибиотиктер белгілі бір топ немесе түр микроорганизмдеріне ғана өздерінің әсерін тигізе алады. Микроорганизмдердің антибиотикалық қасиеттерін анықтайтын әдістер әр түрлі. Олардың көбісі агарланған ортаға антибиотиктердің сіңуі және тест-организм өспейтін ортада ашық аймақтар түзе алу қасиеттеріне негізделген. Антибиотикалық белсенділікті перпендикулярлы сызықтар және агарлы блоктар әдістерімен анықтайды.
Перпендикулярлы сызықтар әдісі. Қоректік ортаға Петри табақшаларына антибиотикалық заттардың өндірушілерін сызықпен егеді. Сызықты Петри табақшасының диаметрі бойынша жүргізіп егеді. өндіруші өсіп шыққан соң және агардың қалыңдығына өтетін антибиотикалық заттар түзілгеннен кейін оның сызығына перпендикулярлы тест-организмді Петри табақшасының жиегінен бастап егеді. Тест-организмді егу үшін стерилді құбыр суында дайындалған микроорганизмнің қою суспензиясын пайдаланады. Табақшаларды 28-300С термостатқа тест-организмнің өсу жылдамдығына байланысты 2-8 тәулікке орналастырады. Егер антибиотик тест- организмге әсер ететін болса, онда тест-организмнің өсуі өндірушінің сызығынан алшақ байқалады. Бұл қашықтық неғұрлым үлкен болған сайын, зерттелетін өндіруші түзетін антибиотикалық затқа тест-организм соғұрлым сезімтал болады.
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ

  1. Микроорганизмдерге антибиотиктердің әсерін анықтау

  2. микробтардың тежелу аймақтарын өлшеп, нәтижелерін алу.

14



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет