Білім беру бағдарламасы үшін лекциялар жинағы шымкент, 202 ж. Мазмұны кіріспе. Стандарттау ұғымына жалпы түсінік


Дәріс № 15. Стандарттау, метрология және сертификаттау салаларындағы мемлекеттік метрологиялық қадағалау мен метрологиялық бақылау



бет19/19
Дата14.10.2022
өлшемі361 Kb.
#462698
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Сертификаттау ЛЕКЦИЯ

Дәріс № 15. Стандарттау, метрология және сертификаттау салаларындағы мемлекеттік метрологиялық қадағалау мен метрологиялық бақылау


Дәрістің жоспары:
1. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау.
2. Метрологиялық бақылау.
3. Метрологиялық ережелер мен нормалар бұзылғаны үшін жауапкершілік.
Метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау жүргізіледі.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өлшем құралдарын шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерін қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөніндегі жүзеге асыратын қызметі.
Метрологиялық бақылау – мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау тексеру түрінде жүзеге асырылады. Тексерулер: жоспарлы (периодтық), жоспардан тыс (кезектен тыс) және қарымта тексеру деген түрлерге бөлінеді.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау кезінде:
- жоспарлы тексерулер кемінде үш жылда бір рет тесерулер жүргізу графигіне сәйкес жүзеге асырылы керек;
- жоспардан тыс тексерулер мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық ережелер мен нормалардың бұзылғаны туралы ұсыныстар бойынша жүргізіледі;
- қарымта тексерулер өкімдердің орындалуын бақылау мақсатында жүргізіледі.
Метрологиялық бақылалуды жүзеге асырғанда тексерулерді жүргізу тәртібін мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері тағайындайды.
Метрологиялық ережелер мен нормалар бұзылғаны үшін жауапкершілік
Бұзушылық табылған кезде жеке және заңды тұлғаларға, ескерту және басқа төмендегі шаралар қолданылуы мүмкін:
- лицензияның күшін уақытша тоқтату;
- аккретитациялау аттестатын алты айға дейін қайта шақырып алу;
- кінәлілерді қылмыстық жауапқа тарту үшін материалдарды сотқа беру.
Заңнаманы бұзушылық үшін төмендегі мөлшерде айып салынады:
- азаматтарға - 5-10 айлық есептік көрсеткішке дейін;
- қызметік тұлғаларға – 50-100 айлық есептік көрсеткішке дейін;
- заңды тұлғаларға – 200 айлық есептік көрсеткішке дейін.
Жоғарыда көрсетілген айыптар бұзушылықтың мына түрлері үшін салынады:
- мемлекеттік санаудан немесе метрологиялық аттестациялаудан өтпеген, сондай-ақ салыстырып тексерілмеген және жөнделмеген өлшеу құралдарын айналымға шығарғаны үшін;
- тиісті рұқсатсыз өлшеу құралын шығару, салыстырып тексеру, жөндеу, сату және жалдауға бергені үшін, сондай ақ стандарттық үлгілерді метрологиялық аттестациялаудан өткізу үшін;
- мемлекеттік қадағалауға жататын, бірақ сол мемлекеттік қадағалаудан өтпеген өлшеулерді орындау әдістемелерін қолданғаны үшін;
- өлшеу құралдарын пайдалану ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін;
- стандарттар және техникалық шарттардың талаптарының орындалуын, сертификаттау ережелерінің және метрологиялық ережелердің сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырушы органдардың ұйғарымдарын орындамағаны үшін.
Өздік бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды кім жүргізеді?

  2. Метрологиялық бақылауды не үшін жүргізеді?

  3. Метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады?

  4. Заңнаманы бұзғаны үшін қандай айыптар салынады?

  5. Қандай бұзушылықтар үшін айыптар салынады?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2. Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет