Білім беру бағдарламасы үшін лекциялар жинағы шымкент, 202 ж. Мазмұны кіріспе. Стандарттау ұғымына жалпы түсінік


Дәріс№ 2. Курстың заңнамалық негізі



бет2/19
Дата14.10.2022
өлшемі361 Kb.
#462698
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Сертификаттау ЛЕКЦИЯ

Дәріс№ 2. Курстың заңнамалық негізі


Дәрістің жоспары:
1. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы.
2. Техникалық реттеудің мақсаттары мен принциптері.
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.
Өнім, көрсетілетін қызмет, процестер техникалық реттеу объектілері болып табылады.
Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.
Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:
1) өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттерді алдын алу;
4) саудадағы техникалық кедергілерді жою;
5) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Техникалық реттеу:
1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;
2) бірыңғай терминологияны, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгілеу ережелерін қолдану;
3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетімді болуы, техникалық реттеу процестеріне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді, мемлекет пен мүдделі тараптар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету;
4) отандық және импортталатын өнімге, көрсетілетін қызметке және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімдеріне қойылатын талаптардың бірдей болуы;
5) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды әзірлеу кезінде ғылым мен техника жетістіктерін, халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;
6) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейіне және ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігі;
7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзірлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігі;
8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерікті түрде таңдау;
9) сәйкестікті растаудың, бірыңғай жүйесі мен ережелері;
10) бір органның аккредиттеу және сәйкестікті растау жөніндегі өкілеттіктерді қоса атқаруын болдырмау;
11) бір мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау мен қадағалау және сәйкестікті растау функцияларының үйлеспеушілігі;
12)сәйкестікті растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсіздігі;
13) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестіктің шектелуін болдырмау принциптеріне негізделеді.
Өздік бақылауға арналған сұрақтар:
1. «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы қашан қабылданды?
2. Техникалық реттеудің мақсаттары мен принциптерін атаңыз.
3. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы қандай?
4. Стандарттау саласына байланысты уәкілетті органның функциялары неде?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет