Білім беру бағдарламасындағы «Педагогика»



бет1/8
Дата17.10.2023
өлшемі47.77 Kb.
#480900
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
№ 2 лекция

Ф-ӘД-001/026



ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ




ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ


6B01510 - География, 6B01512-География-тарих, 6B01562-Химия-биология, 6B01615-Тарих мамандығындағы/ білім беру бағдарламасындағы
«Педагогика» пәні бойынша
лекция жинағы

Түркістан 2022


Дәріс №2


Педагогиканың ғылыми әдіснамасы мен әдістері.


Дәріс жоспары:
1. Педагогиканың әдіснамасы және оның деңгейлері.
2. Педагогикалық зерттеулердің зерттеу әдістері: эмпирикалық және теориялық әдістер.
3. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің қөрылымы


Дәріс мақсаты мен міндеттері: студенттерге педагогиканың әдіснамасы және зерттеу әдістері туралы мәлімет беру, олардың ғылыми мәдениетін қалыптастыру

ПОН 1- Педагогикалық процесті зерттеу дағдыларын қалыптастырады.
ПОН 2- Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін талдайды;


Дәріс мазмұны:
2.1. Педагогиканың әдіснамасы ұғымына түсінік
Сіздер өткен тақырыпта педагогика ғылымының зерттеу пәні, объектісімен таныстыңыздар. Және педагогика философия, психология, физиология сиықты ғылымдармен байланысты екендігін түсіндіңіздер. Бұл тақырып өткен тақытыптардың жалғасы.
Әдіснама (методология) (грек сөзі methodos – зерттеу жолы немесе таным, теория, оқу және logos – сөз ұғым). Бірнше мағына береді. Олар: 1) теориялық және практикалық іс-әрекетті көру және принциптер жүйесі мен ұйымдастыру тәсілі; 2) ғылыми таным әдісі туралы ілім; 3) қандай-да бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы.
Педагогиканың әдіснамасы зерттеу объектісі мен пәнінің ерекшеліктеріне байланысты зерттеуді ұйымдастыруды және оның принциптерін таңдауды қамтиды.
Педагогика пәні педагогикалық процесті зерттейтінін білесіңдер. Педагогикалық процесс оқушыны мақсатты дамытуды көздейтін мұғалімның оқушыға бағытталған әрекеті. Педагогикалық процесс: білім беру, оқыту, тәрбиелеу және дамытуды қамтидын тұтас жүйе. Біз оны педагогиканың негізгі ұғымдары: «білім беру», «оқыту», «тәрбиелеу» деп қарастырған едік. Осы ұғымдардың өзара байланысын, ондағы баланың ақыл ойы мен іс әрекетіне ықпал ететін объективті және субъективті (мұғалім, оқушы т.б.) жақтарын, ондағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді педагогикалық құбылыс деп атаймыз.
Педагогика ғылымының әдіснамасы- бұл ғылыми педагогикалық құбылыстар мен ұғымдарды тануға көмек теседі. Педагогиканың әдіснамасы ғылыми зерттеудің формасы, әдістері, принциптері туралы ілім ретінде және педагогикалық құбылыстарды бейнелейтін білімдерді іздестіру мен оған әр түрлі аспектіден келу жүйесі. Педагогиканы зерттеу осы педагогикалық құбылыстардың мәнін ашумен байланысты. Ал педагогикалық құбылыстың мәнін – педагогиканың әдіснамасына сүйеніп танимыз.
Теориялық білім педагогиканың шынайы құбылыстардың әдіснамасының негізі болады, сонымен қатар әдістеме арқылы іске асырылады. Ал, теория – таным процесінің нәтижесі, әдіснама танымға жетудің жолы. Таным теориясы таным іс-әрекетінің тұтас процесін, мазмұнын қарастырады.
Педагогиканың әдіснамасы – педагогиканың теориялық негіздерін танудың жолы. Ол теорияларға: оқыту, дамыту, тұлға, іс-әрекет, таным теориясы және тұтас педагогикалық процесс теориясы жатады. Әдіснамасы осы теориялардың объективті мәнін анықтауға, шындыққа жанасымдылығын анықтауға көмек теседі.
Қандай ғылым саласы болмасын ең алдымен философиялық ілімге сүйенеді. Ғылымды философиялық, аксиологиялық түсіну философия ғылымың мазмұнына кіреді, сондай-ақ ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына негіз болады. Дегенмен маманның ғылыми-зерттеу мәдениетіне, әдіснамалық тұжырымына тек философия және оның гносеологиялық негіздері ғана ықпал етпейтіні белгілі. Зерттеушінің ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы оның әдіснамалық тұжырымдамасын құрайды, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық ғылымдарға және олардың тарихына сүйенеді. Яғни, әдіснамалық тұжырымдамалар психологиялық-педагогикалық теориялар негізінде құрылады. Сондықтан педагогиканың әдіснамасы жоғарыда аталған теориялардың мән мағынасын ашуға көмектеседі.
Осы теорияларға қысқаша тоқталып өтеміз: оқыту теориясы (дидактика) оқытудың заңдылықтарын зерттейді, даму тұлғаның санысы мен ақыл ойының және физиологиялық дамуын зерттесе, тұлға адамның әлеуметтік, қоғамдық мәнін айқындайды, іс әрекет дегеніміз адамның болмысқа, қоршаған ортаға саналы қарым қатынасын білдіреді. Бұл теориялардың барлығы педагогикалық құбылыстармен байланысты.
Педагогиканың әдіснамасы құбылыстар мен заңдылықтары танудың диалекткалық принциптеріне сүйенеді. Яғни, болмысты танудың философиялық негізіне сәйкес болғандықтан педагогика философиямен байланысты.
Педагогика әдіснаманың үш деңгейі бар: 1.Философиялық, 2.Жалпы ғылыми, 3. Жеке ғылыми, 4.Нақты ғылыми болып бөлінеді.
Жоғарыда атап өткеніміздей философия әдіснама ретінде ғылыми зерттеуде «адам», «қоғам», «табиғат», «сана» дамуының жалпы заңдарын білуіге, әлемнің тұтастығын анықтауға негіз болады. Жалпы ғылыми әдіснама зерттеудің кейбір жалпы заңдары мен ұстанымдарын меңгеруге көмектессе, нақты ғылыми әдіснама, жеке ғылыми пәнге қатысты заңдылықтар мен ұстанымдарды меңгеруге көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет