Ботай мәдениеті.
Қазақстан жерiндегi ең жақсы зерттелген энеолиттiк ботай мәдениетi ескерткiштерiнiң негiзгi шоғырланған тобы Көкшетау облысында орналасқан. Олар б. э. д. III-II мыңжылдықтардағы жылқышы тайпалардың ескерткiштерi.
Ботай мәдениетi көршiлес орналасқан неолиттiк мәдениеттер атбасар мен маханжардың негiзiнде қалыптасқан. Осы мәдениеттiң басты қонысында жүргiзiлген ұзақ жылдық зерттеулер Ботайлықтардың жылқыны алғаш қолға үйреткен тайпалар екендiгiн дәлелдейтiн материалдар бердi. Олардың мал өсiрумен қатар жер жыртып, егiн егумен айналысқандығы да анықталған. Мәдениеттiң басты ескерткiшi Ботай қонысынан табылған тастан жасалған пышақ, қанжарлар, найза, жебенiң ұштарымен қатар зубр, бұғы, қарақұйрық, киiк, аю, қарсақ, қоян секiлдi т.б. аңдардың сүектерi ботайлықтарда аңшылық кәсiптiң де осал болмағандығын бiлдiредi.
Ботай мәдениетiнiң материалдары Алтайдағы Афанасев, Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарым мәдениеттерiмен ұқсас.
Энеолит дәуiрi мәдениеттерi ескерткiштерi Маңғыстау өңiрiнде Шебер, Жыңғылды, Қошқар-Ата ескерткiштерiнен белгiлi.
Қазақстан жерiндегi энеолиттiк мәдениеттер ескерткiштерiнiң аз зерттелуiне қарамай қолда бар материалдар негiзiнде сол дәуiрдегi тайпалардың қоғамдық –экономикалық және материалдық мәдениетiнiң дамуында үлкен жетiстiктер болды деп айта аламыз.
Ботай мәдениеті: Көкшетау облсындағы бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған.Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның (Жайық-Ертіс өзендері аралығының) далалық энеолитін сипаттайды және мерзімі б.з.б ІІІ-ІІ мыңжылдықтармен белгіленеді. Демек ол бір мың жыл болған.
Ботай мәдениетінің қалыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін құраған тайпалар қатысты. Оның қалыптасу барысында Шығыс Каспаий маңы өңірімен Оңтүстік Оралдың сырттай ықпал жасағаны жөнінде мәліметтер бар. Ботай мәдениетін В.В.Зайберт ашты. В.Н. Логвин С. Қалиева оның батыстық нұсқасын терсек мәдениетін бөліп көрсетті. Терсек мәдениетінде басқа мәдениеттің ықпалы айқын аңғарылады және оның кейбір ескерткіштері б.з.б ІҮ мыңжылдықпен белгіленетін алдыңғы энеолит дәуіріне жатуы ықтимал. Бірқатар қоныстар: Қостанай және Торғай облыстарында – Бестамақ, Тщұздыкөл, Либановка, Құмкешу, Қожай, Дұзбай-3, Көкшетау облысында Ботай, Красный-Яр Васильков-4 қоныстары ашылды барлығы 20 дан астам қоныс белгілі. Қоныстар әдетте шағын дала өзендері Торғайдың Терісаққанның жоғарғы тобылдың Обағагнның Шағалалының Иманбұрлықтың биік жағаларындағы алаптарды алып жатыр. Олардың көлемі кейбіреуінде 15 га жетеді. Сипаттау үшін ең көп ақпарат беретіні Ботай қонысы болзып табылады. Ол шамамен 200 жылды – б.з.б ХХІҮ-ХХІІ ғысырларды қамтиды. Қазіргі бетінде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Қазу барысында олардың қонысы тіршілік еткен соңғы кезеңде салынғаны аяқталды. Мұндай томаға тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30 дейін жетеді. Олардың ішінен белгілі бір жүйені байқауға болады. Ені – 4-8 м болртын ал ұзындығы 50м дейін жететін паралель көшелердің екі жағына кейде 15-16 үйден салынған.
Тұрғын былайша жазылған. Тереңдігі 1м дейін және көлемі 20 шаршы метрден 70 шаршы метрге дейін жететін 4-8 бұрыш түрінде шұңқыр қазылған. Қазу кезінде шығарылған балшық шұңғыр қазылған. Қазу кезінде шығарылғанбалшық шұңқыр жиектеріне биіктігі 1 метрдей дуал етіп үйілген. Осылайша салынған қабырғаларға төбесі тарыла беретін шеген түрінде бағаналар қаланған. Жасаған күмбез бұтақтармен және шым қабаттарымен жабылып бұл орайда ортасынан түтін шығатын тесік қалдырылған. Кіретін есік қабырғада ойық түрінде қалдырылып оның сыртында шағын шағын дәліз болған. Ішінде ортадағы шұңқырда ошақ орналасқан. Ошақ пен есік арасы – шаруашылыққа арналған орын төрде ұйықтауға арналған жер. әдетте қабырғаның бүйір жағынан азық – түлік сақтау үшін шұңқыр қазылады. Тобылдағы құмдауыт топырақта құрылыс сипаты біршама өзгеше: қабырғаларының ағаштан салынуы ықтимал.
өндіріс шаруашылық саймандар алуан түрлі тастардан сазбалшықтан сүйектен жасалды. Құрал саймандар тұрғындардың шаруашылық укладының күрделі екендігін көрсетеді. Жүгеннің сүйек элементтері кісенге арналған ілгектер жылқының қолға үйрете бастағанын дәлелдейі. Тас тоқпақтар пышақтар қанжарлар боластар жебелердің сүңгілердің найзалардың үштары аң аулаумен байланысты құралдар.
Орасан зор мөлшердегі остеологиялық материалдардың басым көпшілігі жылқы сүйектері. Мәселен ботай қонысында 70000 жылқының сүйегі табылды. Сондай-ақ зубрдың турдың бұланның еліктің аюдың иттің түлкінің қарсақтың түйенің құндыздың суырдың қянның қабанның құстардың сүйектері бар.
Жерлеу ғұрпы мен бірқатар симболдық заттар тотемизмнің бабаларға табынуын көрсетеді.
Бірақ далалық энеолит қауымының өз ішінде де мәдениет бір мезгілде қалыптасқан жоқ және даму мен өзара ықпал етудің түрлі деңгейінде болған.
Тегінде Еділ бойын және Жайық Ертіс өзендерінің аралығындағы мал шаруашылығы қалыптасқан екі орталықты атап өтуге болады.
Маңғыстау тарихындағы энеолит көп жағынан алғанда шартты болып табылады. Жалпы жұрт қабылдаған қабылдаған кезеңдерге сәйкес келеді. Бұл аумақ үшін б.з.б Ү мыңжылдықтың аяғымен ІҮ ғ басына да байырғы тұрғындардың көршілермен интенцивті байланыстары немесе солтүстік пен оңтүстік – шығыстан мәдениеті өзгеше екі толқынның жергілікті ортаға құйылып қосылуы тән. Бірінші толқын Еділ – Жайық бойының энеолиттік хвалын мәдениетіне жататын шебір үлгілес ес.керткіштермен көрсетілген. Бозащы түбегінде Маңғыстау түбегінің орталық және жағалау бөлігінде тұрақтар мен жекелеген олжалар табылды. Ең елеулі тұрақ Бозащыда көшпелі құм өңіріндегі Шебер елді мекенінің маңынан табылды.
Ыдыстар саз балшықтан қолдан жасалған. Ыдыстар түбі дөңгелек конус тәрізді етіп жұмыатқа сияқты ,жабық түрде істелген. Ыдысқа ішкі жағында қыры бар жаға сияқты салмақты жиек жасалған. өрнектеу үшін негізінен тарақ сияқты қалып пайдаылған.
Шебір халқы теңіз моллюскаларының қабықтарынан жасалған ірі моншақтармен диаметрі 3-6 мм болатын цилиндр тәрізді ұсақ моншақ сияқты жаңа әшекейлер туғызды. Соңғылары теңіз қабыршақтарының қабығынан жасалған.
Терсек мәдениеті.
Энеолит дәуірінің соңғы кезеңдерінде Торғай өңірін мекендеген тайпалардың мәдениеті ( б.з.б 3 мыңжылдықтың басы) . алғаш рет 1940ж -50жА.А Формозов зерттеулерінде «терсек тұрақтары» , «терсек қарағай мәдениеті» жайлы айтылады. Бұл мәдениеттің неғұрлым толығырақ мінездемесі 1980-90жж С.Қалиева В.Н Логвин зерттеулері барысында қалыптасты. Ескерткіштерінің негізгі тобы Торғай алабын қамтуымен қатар, біразы солт. Және солт.шығысқа да тараған. Зерттеу барысында оңт.шығыс шекаралары анықталмаған. Есіл алабындағы энеолиттік ботай мәдениетімен екі арада анықтауды қажет ететін мәселелері бар. Негізгі ескерткіштер түріне жататын тұрақтары көбіне үлкен өзендер емес, көктемде ғана ағысы бар ұсақ жылғалар көлдер мен бұлақтар жағаларында орналасқан. 1980ж жылдардың ортасына қарай белгілі болған 30 жуық ескерткіштердің ішінде біршама жақсы зерттелгендері Соленое озеро -1, Дүзбай -3, Бесбармақ, Құмкешу-1, Қожай -1, Қайынды-3, Евгеневка-2, Тоқанай- 2, сияқты тұрақтардан алынған деректер. 436 м жері қазылған Солоное озеро -1 тұрағынан аумағы шамамен 6*6 м болатын бір үй орны анықталды. Еденінің тереңдігі 0,8 м 16 діңгек шұңқыры бар. Есігі солтүстік батыстан шығарылған бұл баспана табаны дөңгелектеу келген ағаш күрке кейпінде тұрғызылған болуы мүмкін. Солт батыс бұрышта тас жаңқалар мен т.б құралдар шикізаттар да бұл түс шебердің отырған үйі болса керек. Үйдің оңт. Сыртында ашылған диам. 1 м тереңдігі 0,8 м ұра шұңқырдан мал сүйектері тас құралдардың сынықтары көптеп табылған. Т . м шақпақтас индустриясына оның ішінде бұл бағыттың ең алдымен жаңқалы құралдар қолданылған түріне негізделген қоғам. Пластиналы құралдар өте аз жоқтың қасы. Төңіректегі тұтас мәдениеттер арасында оларды жіктеуде осы ерекшелік маңызды орын алды. өте көп мөлшерде табылған жаңқаларға біршама шағын көлемдер тән көбіне бұл құралдардың өлшемі 30мм ден аспайды. Жаңқалардың ең көбі қырғыштар, мұндай бұйымдар қолда бар құралдардың тең жартысын береді. Басқадай құралдар арасында сегментті қырғыштар қырнауыштарекі жақты өңделген ұштықтар ( садақ найза шолақ, дротик ұштары ) пышақтар, шапқылар, балталар бар. Заттай деректердің 20 пайызын құрайтын қыш ыдыс бөлшектері мұнда түбі дөңес үшкірлеу тұрқы біршама ұзынша тегіс не дөңес келген ернеуі сыртқа қайырылған көзелер басым екенін көрсетті. Балшық қамырды дайындау барысында пайдаланылған қоспа элементтердің дені құм. Тісті қалыппен басылған негізгі ою түрлеріне горизонталь ирек сызықтар көлбеулете түсірілген таңбалардың горизонталь ирек сызықтар көлбеулете түсірілген таңбалардың горизонталь жолақтары теңбүйірлі үшбұрыштар ромбылы торлар. «басқыштар» тән. Қазбаларда табылған жануарлар сүйектерінің арасында әсіресе жылқы түлігін көп өсірген болуы мүмкін. Негізгі ескерткіштер түріне жататын тұрақтары көбіне үлкен өзендер емес, көктемде ғана ағысы бар ұсақ жылғалар көлдер мен бұлақтар жағаларында орналасқан. 1980ж жылдардың ортасына қарай белгілі болған 30 жуық ескерткіштердің ішінде біршама жақсы зерттелгендері Соленое озеро -1, Дүзбай -3, Бесбармақ, Құмкешу-1, Қожай -1, Қайынды-3, Евгеневка-2, Тоқанай- 2, сияқты тұрақтардан алынған деректер. 436 м жері қазылған Солоное озеро -1 тұрағынан аумағы шамамен 6*6 м болатын бір үй орны анықталды. Еденінің тереңдігі 0,8 м 16 діңгек шұңқыры бар. Есігі солтүстік батыстан шығарылған бұл баспана табаны дөңгелектеу келген ағаш күрке кейпінде тұрғызылған болуы мүмкін. Солт батыс бұрышта тас жаңқалар мен т.б құралдар шикізаттар да бұл түс шебердің отырған үйі болса керек. Үйдің оңт. Сыртында ашылған диам. 1 м тереңдігі 0,8 м ұра шұңқырдан мал сүйектері тас құралдардың сынықтары көптеп табылған. Т . м шақпақтас индустриясына оның ішінде бұл бағыттың ең алдымен жаңқалы құралдар қолданылған түріне негізделген қоғам. Пластиналы құралдар өте аз жоқтың қасы. Төңіректегі тұтас мәдениеттер арасында оларды жіктеуде осы ерекшелік маңызды орын алды. өте көп мөлшерде табылған жаңқаларға біршама шағын көлемдер тән көбіне бұл құралдардың өлшемі 30мм ден аспайды. Жаңқалардың ең көбі қырғыштар, мұндай бұйымдар қолда бар құралдардың тең жартысын береді. Басқадай құралдар арасында сегментті қырғыштар қырнауыштарекі жақты өңделген ұштықтар ( садақ найза шолақ, дротик ұштары ) пышақтар, шапқылар, балталар бар. Заттай деректердің 20 пайызын құрайтын қыш ыдыс бөлшектері мұнда түбі дөңес үшкірлеу тұрқы біршама ұзынша тегіс не дөңес келген ернеуі сыртқа қайырылған көзелер басым екенін көрсетті. Балшық қамырды дайындау барысында пайдаланылған қоспа элементтердің дені құм.
Әдебиет.
Авдусин Д.А. Археология СССР. М., 1977.
Авдусин Д.А. Полевая археология. СССР. М., 1980
Акишев К.А. Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. А. 2011
Байпаков К.М., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А, 1993.
Галперина Г.А., Доброва Е.В. Популярная история археологии. М., 2012.
Генинг В.Ф. Предмет и объект науки в археологии. Киев. 2014.
Гинзбург В.В. Палеоантропология Средней Азии М., 2010
Өткізу форматы: (дәстүрлі дәріс, лекция дискуссия, лекция тоқтаулармен, лекция-әңгіме).
Тақырыбы №5. Қола дәуірлері
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары.
Қола дәуіріне жалпы шолу, кезеңдері.
Андронов мәдениеті
Қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстан.
Қола дәуіріндегі Солтүстік және Орталық Қазақстан.
Қола дәуіріндегі Жетісу және Оңтүстік Қазақстан.
Дәріс тезисі*
Қола дәуірінің басты ерекшеліктері – мал шаруашылығы мен егіншілік экономикасының қалыптасуы және метал өңдеудің дамуы. Өндіруші шаруашылыққа көшу тайпалардың өмір сүру жағдайларын жақсарта отырып, олардың үлкен бірлестіктер құруына алып келді. Б.з.б.ІІ мыңжылдығы ортасында адамдар мыс пен қалайының қорытпасынан қола жасауды меңгерді. Мыспен салыстырғандағы қоланың негізгі артықшылықтары: қаттырақ болуы, балқу температурасының төмендігі, түсінің әдемі болуы. Қола еңбек құралдары мен қару жасайтын негізгі шикізат болды.
Б.з.б.ІІ жылдықтың басында Евразия тайпалары шаруашылығында мал шаруашылығы маңызды орын ала бастады. Б.з.б.ІІ жылдықтың соңы мен І мыңжылдықтың басында далалық өңір тұрғындардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне – көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Шаруашылықтағы бетбұрыстарға климаттық өзгерістер – салқылғалдың орнына жылылық пен құрғақшылық келуі де себепші болды. Тұрғындардың қоғамдық құрылысында жеке отбасылардың оқшаулану, отбасылық меншіктің нығаю үрдісі орнайды, мүлік теңсіздігі өседі.
Қола дәуірінде Қазақстан жерін «Андронов мәдениеті» деп аталған мәдениет қалдырған тұрғындар мекендеді. Археологиялық деректер бұл тайпалардың көпшілігі отырықшылық өмір сүргендігін көрсетеді. Андронов тайпаларының басқа тайпалардан айырмашылығы мынадай этнографиялық белгілер арқылы ажыратылады: жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнекпен әшекейленген саздан жасалған ыдыстар тобының болуы және металдан жасалған бұйымдар түрлерінің жиі кездесуі. Олардың зираттары екі үлгіде – тас қоршаулар мен оба үйінділері түрінде салынды. Тас қоршаулар тік бұрышты, сопақша, дөңгелек қалпында тұрғызылды. Андроновтықтар мәйітті өртеген және қазылған шұңқырға немесе тас тақталардан жасалған «жәшікке» жерлеген.
Андронов мәдениетінің шығуы мәселесі жөнінде бірнеше таласты пікірлер мен болжамдар бар. Оның негізгі себептерінің бірі – бұдан бұрынғы неолит пен энеолит дәуірінің ескерткіштерінің жеткілікті зерттелмеуін жатқызуға болады. Андроновтықтардың неолит және энеолит дәуіріндегі Қазақстанның солтүстік аумағы және Орал сырты мен Батыс Сібірдің іргелес аудандарын мекендеген тайпалардың табиғи дамуының негізінде қалыптасқандығы туралы пікірді көптеген зерттеушілер растайды. Сонымен бірге андрон тайпаларының этникалық шығу мәселесі туралы да түрлі пікірлер бар. Тарихи жазба ескерткіштер, ономастикалық, археологиялық деректерді зерттей отырып, ғалымдар андронов тайпаларын шығу тегін үнді-иран немесе арий текті тайпалар деп санайды. Соңғы кездері андроновтық тайпаларын түркілермен байланыстыратын пікірлер де пайда болды. Андронов мәдениетінің ескерткіштерін кезеңдерге бөлу мәселесіне көптеген зерттеушілер үлес қосты. Олардың қатарында С.А. Теплоухов, М.П. Грязнов, К.В. Сальников болды, ал Қазақстандағы андронов мәдениетін кезеңдерге бөлу мәселесімен археолог-ғалымдар Ә.Х. Марғұлан, К.А. Акишев, С.С.Черников, А.Г. Максимова, А.М. Оразбаевтар айналысты. Қазір ғылымда К.В. Сальниковтің кезеңдеуі негізінде қола дәуірін үшке бөледі: алдыңғы қола кезеңі - б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ.ғғ. ортаңғы қола - б.з.б. ХҮІ-ХІІ.ғғ., соңғы қола б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ. аралығы. Алдыңғы қола дәуіріндегі адамдардың негізгі кәсібінде үй маңында мал өсіру басым болған. Үй маңындағы мал бағу бірте-бірте жайлауда мал бағуға ұласты, яғни бір жайылымнан басқа жайылымға көшу қалыптасты. Мал түрлерінің ішінде қой, ешкі, жылқының үлесі көбейді. Соңғы қола дәуірінде мал өсіру шаруашылықтың негізгі саласына айналды және көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Қола дәуірінде мал шаруашылығымен қатар егіншілік кәсібі де дамып отырды. Сонымен бірге темір рудаларын өндірумен бірге тас және сүйектен еңбек құралдарын жасау да маңызды болды.
Орталық Қазақстан Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі болды. Мұнда андронов мәдениеті ескерткіштері бірнеше кезеңнен тұрады: алдыңғысы – Нұра кезеңі, ортаңғысы –Атасу кезеңі деп аталды. Соңғы қола дәуірінде б.з.б. Х –ҮІІІ ғ. Беғазы-Дәндібай мәдениетін құрады (Қарағанды қаласының маңындағы Дәндібай ауылы және солтүстык Балқаш өңіріндегі Беғазы қойнауы). Олар алғаш қазылған жердің атымен аталған. Нұра кезеңінің ескерткіштері: Бұғылы І, Ақсу Аюлы-1 қорымдары, Атасу кезеңінің қорымдары- Мыржық, Ақсай, Телжан, Қосағал және Үйтас қорымдары. Беғазы-Дәндібай мәдениеті үш кезеңнен тұрады: өтпелі, дамыған, соңғы.
Солтүстік және Батыс Қазақстан аумағын б.з.б. ІІ мыңжылдығында андроновтық (алакөлдік тайпалар) мекендеді. Қола дәуіріне жататын ескерткіштер Ақтөбе өңіріндегі Қарғалы, Қурайлы, Таңатерген, Тастыбұтақ елді мекендері маңындағы қорғандардан табылды. Солтүстік және Батыс Қазақстан аймағында алдыңғы қола дәуіріне қатысты ескерткіштері көп емес (Вишневка І, ҚарлығаІ) Ортаңғы қола кезеңінің соңына қарай Батыс Қазақстанға Еділ бойының қима мәдениетінің, Солтүстік Қазақстанға Орталық және Шығыс Қазақстанның андронов мәдениетінің ықпалы зор болды. Жерлеу орындары үйінді оба және тас қоршаулар түрінде қалыптасты. Өлікті жерлеу мен өртеу әдістері сақталды. Мәйітті өртеу үрдісі қорымнан алысырақ арнайы орындарда жүргізілді.
Шығыс Қазақстанның қолайлы табиғат жағдайы қола дәуірінің мәдениетінің дамуына ықпал етті. Қола дәуірі мұнда үш кезеңнен тұрды: алдыңғы, ортаңғы, соңғы. Бақташылық мал шаруашылығы және кетпенмен өндейтін егіншілік шаруашылықтың негізі түрі болды. Қыш ыдстар жасау ісі дамыды. Алдыңғы қола кезеңіне Железинка селосы маңындағы Пеньки -І, -2 тұрақтары, орта кезеңінің ескерткіштеріне - Қанай, Кіші Қойтас, Нұрманбет т.б. қоныстары, кейінгі кезеңге - Зевакино қорымы, Мало Красноярко селосы жанындағы қоныс пен қорым, Исмайлов қорымы т.б.жатады. Соңғы қола дәуірі басқа аймақтардағыдай көшпелі мал шаруашылығына көшумен сипатталады. Рудаларды өндіру, тас пен сүйекті ұқсату жалғасты.
Андронов тайпаларының Жетісуға қоныстануы, Қоныстары, қорымдары, жартастағы суреттер. Тас плиталардан салынған тұрғын жайлар. Асы, Талапты Тереңқара, Бұтақты І қоныстары, Тамғалы суреттері. Алматы аумағынан табылған қола дәуірінің ескерткіштері. «Каменск көмбесі», «Түрксіб көмбесі» деп аталған қазбалар. Оңтүстік Қазақстандағы Таутары қорымы. Жерлеу орындарына қойылған ескерткіш тастар. Жерлеу орындары көлемінің шағындылығымен және қарапайым құрылысымен сипатталады. Қуықты қорымы. Солтүстік Түгіскен кесенесі. Жерлеу құрылысы, табылған ыдыстардың түрлері, мал сүйектері, қару жарақтар, әшекей бұйымдар. Андронов тайпаларының Жетісуға қоныстануы, Қоныстары, қорымдары, жартастағы суреттер. Тас плиталардан салынған тұрғын жайлар. Асы, Талапты Тереңқара, Бұтақты І қоныстары, Тамғалы суреттері.
Әдебиет.
Авдусин Д.А. Археология СССР. М., 1977.
Авдусин Д.А. Полевая археология. СССР. М., 1980
Акишев К.А. Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. А. 2011
Байпаков К.М., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А, 1993.
Галперина Г.А., Доброва Е.В. Популярная история археологии. М., 2012.
Генинг В.Ф. Предмет и объект науки в археологии. Киев. 2014.
Гинзбург В.В. Палеоантропология Средней Азии М., 2010
Өткізу форматы: (дәстүрлі дәріс, лекция дискуссия, лекция тоқтаулармен, лекция-әңгіме).
Тақырыбы №6. Ерте темір дәуірінің ескерткіштері
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары.
Ерте Темір дәуірі, жалпы шолу.
Скиф-сібір әлемі.
Савромат-сарматтар археологиясы.
Сақтардың археологиялық ескерткіштері
Дәріс тезисі*
Б.з.б. І – мыңжылдықта Евразияның аридті зонасында мал шаруашылығының көшпелі формасы қалыптасып, темір металлургиясы кеңінен тарала бастады. Шаруашылықтың жаңа формасының қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етті. Олар: табиғи – климаттық жағдай, мал ұстау әдісінің жетілуі, аридтік зонаның жағдайына бейімделген малдың жаңа түрлерін қолға үйрету.
Көшпелі қауымдардың қалыптасқан кезеңінен бастап, дамыған кезеңі және ерте орта ғасырларға дейінгі аралық (б.з.б. Ү ғ. дейін) ерте темір дәуірі немесе ерте көшпелілер кезеңі деп аталады. Көшпелі мал шаруашылығын зерттеушілер көшпеліліктің шығуы үрдісі мен эволюциясының бір қалыпты еместігін және күрделілігіне назар аударды.
Б.з.б. І мыңжылдықта тұрғындарының бір бөлігінің көшпелі мал шаруашылығына көшуі жаңа археологиялық мәдениеттердің қалыптасуымен сипатталады. Осы темір металдың адамзат өміріне енуі тастарды шаруашылықтан ығыстыра бастады. Бұл металдың басты ерекшелігі: төзімділігі, қаттылығы, өзге формаларға бейімделу қасиеттері болуы. Темір металдың енуімен жер өңдеу құралдары жаңа формаға енді. Тіпті, темір дәуірінің ерте кезеңінде кішігірім тесемен жер өңдеу шаруашылығы беріктігі мықты металдың енуімен кең көлемдегі жерді игеру шаруашылығымен алмастырыла бастады. Сонымен қатар темір дәуірінде жартылай көшпелі және көшпелі шаруашылық Батыс, Орталық және Орта Азия жерлерінде Қара теңіздің солтүстігінде Еділ бойында, Арал маңында, Оңтүстік Сібірде, Солтүстік және Шығыс Африкада кең көлемде қолданыла бастады. Металдың енуімен қолөнерде де үлкен өзгерістер болды. Бұл жерде металдың өзі қолөнердің дамуына үлкен дем болды. Құрал-саймандар мен қатар тұрмыстық бұйымдар, әскери қару-жарақтар және олардың формалары жетіле түсті. Бұл кезде доңғалақты арбалар мен сауыт саймандар пайда болды. Егер тоқымашылық, сүйекті өңдеу, құмыра жасау тағы басқа машықтарды қоғамдағы әрбір жан жасай алса, ал металды өңдеу кез-келген адамдардың қолынан келе бермейді. Ол үшін арнайы мамандану, машықтану қажет. Сол себепті де металдардың енуі адамзат өміріндегі үлкен өзгеріс әкелуімен сипатталады.
Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасында ерте темір дәуірінде қазіргі Украина, Орал бойы Қазақстан және Оңтүстік Сібірде Дунайдан батыста Байкалға, одан әрі Ордосқа дейін, шығыста Ордостың алқабы аралығында скиф-сібір әлемінің мәдениеті қалыптасты. Бұл мәдениетті қалыптасуына скифтер, савроматтар және сақ тайпалары атсалысты. Әр алуан территорияларда орналасқандығына қарамастан бұл халықтың мәдениетінде өзара бірегейлік және бірлік байқалды. Алғашқы кезде ұқсастық заттардың үш тобы - қару жарақтары, ат әбзелдерінің бөлшектері және өнер шығармашылығы бойынша белгіленді. Евразияның далалық белдеуі ертедегі европейдтік тұрғындардың мекен еткен жері болатын. Ежелгі үнді ирандықтарда б.з.б. ІІ мыңжылдығында андроновтық және қима қауымдастығы қалыптасып, олар біраз аумақты қамтыды, кейін олардың орнында скиф-сібір әлемі орнықты.
Евразия даласының ертедегі халықтары – скифтер, сақтар ертедегі гректер мен парсылардың құлиеленушілік қоғамдарынан жырақта бола алмады. Қара теңіз жағалауында грек полистерінің құрылуы, грек-македондықтардың шығысқа саяхаты – осы тарихи оқиғалар скиф-сібір әлемінің шоғырлану үрдістерінің тез жүруін, ерте құлиеленушілік қоғамдарға қарсы тұра аларлықтай саяси біріккен ерте мемлекеттік типінде құрылуына және әлеуметтік қатынастардың дамуына жағдай жасады.
Скиф-сібір әлемінің негізгі мәдениеттері: скиф, савромат, сақтар мәдениеті, таулы Алтайдағы пазырық мәдениеті, Туванның тагар және уюк мәдениеттері және скифтер дәуіріндегі Ордос мәдениеттері.
Б.з.б. ҮІІ-ІІІ ғ, Батыс Қазақстан территориясын савроматтар, кейін сармат тайпалары мекендейді. Зерттеушілердің пікірінше скифтер мен савроматтардың тікелей ата бабалары андронов және қима мәдениетін қалдырушы халықтардан тараған. «Савроматтар» ұғымы Авестада, грек тарихшыларының еңбектерінде «сайрим» деген атаулармен кездеседі және «сақ», «скиф», «түркі» ұғымлары тәрізді белгілі бір тайпа немесе тайпалық бірлестіктер ретінде аталады. Савроматтардың археологиялық ескерткіштерін М.К. Қадырбаев, М.Г. Мошкова, Г.А.Кушаевтар зерттеді, қазіргі таңда А.А.Бисембаев, С.Ю. Гуцалов, Ж.А. Смайловтар қазба жұмыстарын жүргізуде. Бесоба, Мамай, т.б. қорымдары, Жайықтың сол жағалауындағы қорымдар мен жерлеу орындары. Қырықоба ІІ, Лебедевка ІІ қорымдары, жерлеу ғұрпы. Сынтас, Нагорный қорымдары. Сипатты белгілері. Савроматтар керамикасы. Сармат мәдениеттері.
Темір дәуірі Қазақстанда археологиялық кезеңдерге бөлгенде сақ дәуіріне сәйкес келгендіктен, мұнда сақ мәдениетінің әр түрлі кезеңіне жататын ондаған обалар қазылды. Олар Қарғалы – 1, Қарашоқы, Жуантөбе – 1, Қадырбай – 3, Алтынемел – 1, Қызылауыз – 3 және басқалары. Б.з.б. І мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды болжамдардың бірі бойынша тиграхауда–сақтарына баланатын сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған. Ескерткіштері: Бесшатыр. Есік обасы. Алтын-Емел. Қадырбай -Қарғалы - 1. Түгіскен. Ұйғарақ. Орта Азия мен Қазақстанның этно-мәдени сақ қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы саналады. Сақ өркениеті – Орталық және Алдыңғы Азияның мәдениеті мен өнері жетістіктерінің бірегей синтезі. Оба қорымдары мен петроглифтер топографиясы және олардың көп болуы ерте кезде Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық игергенін көрсетеді.
Жалпы, сақ тайпаларының ескерткіштері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудан басқа Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан жерлерінде, Арал маңында қазылып аршылды және әлі де зерттелуде.
Темір дәуірі Қазақстанда археологиялық кезеңдерге бөлгенде сақ дәуіріне сәйкес келгендіктен, мұнда сақ мәдениетінің әр түрлі кезеңіне жататын ондаған обалар қазылды. Олар Қарғалы – 1, Қарашоқы, Жуантөбе – 1, Қадырбай – 3, Алтынемел – 1, Қызылауыз – 3 және басқалары. Б.з.б. І мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды болжамдардың бірі бойынша тиграхауда–сақтарына баланатын сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған. Ескерткіштері: Бесшатыр. Есік обасы. Алтын-Емел. Қадырбай -Қарғалы - 1. Түгіскен. Ұйғарақ. Орта Азия мен Қазақстанның этно-мәдени сақ қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы саналады. Сақ өркениеті – Орталық және Алдыңғы Азияның мәдениеті мен өнері жетістіктерінің бірегей синтезі. Оба қорымдары мен петроглифтер топографиясы және олардың көп болуы ерте кезде Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық игергенін көрсетеді. . Оба қорымдары мен петроглифтер топографиясы және олардың көп болуы ерте кезде Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық игергенін көрсетеді.
Әдебиет.
Авдусин Д.А. Археология СССР. М., 1977.
Авдусин Д.А. Полевая археология. СССР. М., 1980
Акишев К.А. Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. А. 2011
Байпаков К.М., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А, 1993.
Галперина Г.А., Доброва Е.В. Популярная история археологии. М., 2012.
Генинг В.Ф. Предмет и объект науки в археологии. Киев. 2014.
Гинзбург В.В. Палеоантропология Средней Азии М., 2010
Өткізу форматы: (дәстүрлі дәріс, лекция дискуссия, лекция тоқтаулармен, лекция-әңгіме).
Достарыңызбен бөлісу: |