Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01602-Тарих, 6В01511-Георгафия-тарих Пән циклы атауы және коды

бет3/4
Дата09.12.2019
өлшемі152.38 Kb.
#447673
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
6. Силлабус Археология ДОТ каз (3)

Тақырыбы №7. Скиф, сак тайпаларының мәдениеттері

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары.

  1. Ерте Темір дәуірі, жалпы шолу.

  2. Скиф-сібір әлемі.

  3. Савромат-сарматтар археологиясы.

  4. Сақтардың археологиялық ескерткіштері

Дәріс тезисі*

Б.з.б. І – мыңжылдықта Евразияның аридті зонасында мал шаруашылығының көшпелі формасы қалыптасып, темір металлургиясы кеңінен тарала бастады. Шаруашылықтың жаңа формасының қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етті. Олар: табиғи – климаттық жағдай, мал ұстау әдісінің жетілуі, аридтік зонаның жағдайына бейімделген малдың жаңа түрлерін қолға үйрету.

Көшпелі қауымдардың қалыптасқан кезеңінен бастап, дамыған кезеңі және ерте орта ғасырларға дейінгі аралық (б.з.б. Ү ғ. дейін) ерте темір дәуірі немесе ерте көшпелілер кезеңі деп аталады. Көшпелі мал шаруашылығын зерттеушілер көшпеліліктің шығуы үрдісі мен эволюциясының бір қалыпты еместігін және күрделілігіне назар аударды.

Б.з.б. І мыңжылдықта тұрғындарының бір бөлігінің көшпелі мал шаруашылығына көшуі жаңа археологиялық мәдениеттердің қалыптасуымен сипатталады. Осы темір металдың адамзат өміріне енуі тастарды шаруашылықтан ығыстыра бастады. Бұл металдың басты ерекшелігі: төзімділігі, қаттылығы, өзге формаларға бейімделу қасиеттері болуы. Темір металдың енуімен жер өңдеу құралдары жаңа формаға енді. Тіпті, темір дәуірінің ерте кезеңінде кішігірім тесемен жер өңдеу шаруашылығы беріктігі мықты металдың енуімен кең көлемдегі жерді игеру шаруашылығымен алмастырыла бастады. Сонымен қатар темір дәуірінде жартылай көшпелі және көшпелі шаруашылық Батыс, Орталық және Орта Азия жерлерінде Қара теңіздің солтүстігінде Еділ бойында, Арал маңында, Оңтүстік Сібірде, Солтүстік және Шығыс Африкада кең көлемде қолданыла бастады. Металдың енуімен қолөнерде де үлкен өзгерістер болды. Бұл жерде металдың өзі қолөнердің дамуына үлкен дем болды. Құрал-саймандар мен қатар тұрмыстық бұйымдар, әскери қару-жарақтар және олардың формалары жетіле түсті. Бұл кезде доңғалақты арбалар мен сауыт саймандар пайда болды. Егер тоқымашылық, сүйекті өңдеу, құмыра жасау тағы басқа машықтарды қоғамдағы әрбір жан жасай алса, ал металды өңдеу кез-келген адамдардың қолынан келе бермейді. Ол үшін арнайы мамандану, машықтану қажет. Сол себепті де металдардың енуі адамзат өміріндегі үлкен өзгеріс әкелуімен сипатталады.

Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасында ерте темір дәуірінде қазіргі Украина, Орал бойы Қазақстан және Оңтүстік Сібірде Дунайдан батыста Байкалға, одан әрі Ордосқа дейін, шығыста Ордостың алқабы аралығында скиф-сібір әлемінің мәдениеті қалыптасты. Бұл мәдениетті қалыптасуына скифтер, савроматтар және сақ тайпалары атсалысты. Әр алуан территорияларда орналасқандығына қарамастан бұл халықтың мәдениетінде өзара бірегейлік және бірлік байқалды. Алғашқы кезде ұқсастық заттардың үш тобы - қару жарақтары, ат әбзелдерінің бөлшектері және өнер шығармашылығы бойынша белгіленді. Евразияның далалық белдеуі ертедегі европейдтік тұрғындардың мекен еткен жері болатын. Ежелгі үнді ирандықтарда б.з.б. ІІ мыңжылдығында андроновтық және қима қауымдастығы қалыптасып, олар біраз аумақты қамтыды, кейін олардың орнында скиф-сібір әлемі орнықты.

Евразия даласының ертедегі халықтары – скифтер, сақтар ертедегі гректер мен парсылардың құлиеленушілік қоғамдарынан жырақта бола алмады. Қара теңіз жағалауында грек полистерінің құрылуы, грек-македондықтардың шығысқа саяхаты – осы тарихи оқиғалар скиф-сібір әлемінің шоғырлану үрдістерінің тез жүруін, ерте құлиеленушілік қоғамдарға қарсы тұра аларлықтай саяси біріккен ерте мемлекеттік типінде құрылуына және әлеуметтік қатынастардың дамуына жағдай жасады.

Скиф-сібір әлемінің негізгі мәдениеттері: скиф, савромат, сақтар мәдениеті, таулы Алтайдағы пазырық мәдениеті, Туванның тагар және уюк мәдениеттері және скифтер дәуіріндегі Ордос мәдениеттері.

Б.з.б. ҮІІ-ІІІ ғ, Батыс Қазақстан территориясын савроматтар, кейін сармат тайпалары мекендейді. Зерттеушілердің пікірінше скифтер мен савроматтардың тікелей ата бабалары андронов және қима мәдениетін қалдырушы халықтардан тараған. «Савроматтар» ұғымы Авестада, грек тарихшыларының еңбектерінде «сайрим» деген атаулармен кездеседі және «сақ», «скиф», «түркі» ұғымлары тәрізді белгілі бір тайпа немесе тайпалық бірлестіктер ретінде аталады. Савроматтардың археологиялық ескерткіштерін М.К. Қадырбаев, М.Г. Мошкова, Г.А.Кушаевтар зерттеді, қазіргі таңда А.А.Бисембаев, С.Ю. Гуцалов, Ж.А. Смайловтар қазба жұмыстарын жүргізуде. Бесоба, Мамай, т.б. қорымдары, Жайықтың сол жағалауындағы қорымдар мен жерлеу орындары. Қырықоба ІІ, Лебедевка ІІ қорымдары, жерлеу ғұрпы. Сынтас, Нагорный қорымдары. Сипатты белгілері. Савроматтар керамикасы. Сармат мәдениеттері.

Темір дәуірі Қазақстанда археологиялық кезеңдерге бөлгенде сақ дәуіріне сәйкес келгендіктен, мұнда сақ мәдениетінің әр түрлі кезеңіне жататын ондаған обалар қазылды. Олар Қарғалы – 1, Қарашоқы, Жуантөбе – 1, Қадырбай – 3, Алтынемел – 1, Қызылауыз – 3 және басқалары. Б.з.б. І мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды болжамдардың бірі бойынша тиграхауда–сақтарына баланатын сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған. Ескерткіштері: Бесшатыр. Есік обасы. Алтын-Емел. Қадырбай -Қарғалы - 1. Түгіскен. Ұйғарақ. Орта Азия мен Қазақстанның этно-мәдени сақ қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы саналады. Сақ өркениеті – Орталық және Алдыңғы Азияның мәдениеті мен өнері жетістіктерінің бірегей синтезі. Оба қорымдары мен петроглифтер топографиясы және олардың көп болуы ерте кезде Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық игергенін көрсетеді.

Жалпы, сақ тайпаларының ескерткіштері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудан басқа Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан жерлерінде, Арал маңында қазылып аршылды және әлі де зерттелуде.

Темір дәуірі Қазақстанда археологиялық кезеңдерге бөлгенде сақ дәуіріне сәйкес келгендіктен, мұнда сақ мәдениетінің әр түрлі кезеңіне жататын ондаған обалар қазылды. Олар Қарғалы – 1, Қарашоқы, Жуантөбе – 1, Қадырбай – 3, Алтынемел – 1, Қызылауыз – 3 және басқалары. Б.з.б. І мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды болжамдардың бірі бойынша тиграхауда–сақтарына баланатын сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған. Ескерткіштері: Бесшатыр. Есік обасы. Алтын-Емел. Қадырбай -Қарғалы - 1. Түгіскен. Ұйғарақ. Орта Азия мен Қазақстанның этно-мәдени сақ қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы саналады. Сақ өркениеті – Орталық және Алдыңғы Азияның мәдениеті мен өнері жетістіктерінің бірегей синтезі. Оба қорымдары мен петроглифтер топографиясы және олардың көп болуы ерте кезде Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық игергенін көрсетеді. . Оба қорымдары мен петроглифтер топографиясы және олардың көп болуы ерте кезде Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық игергенін көрсетеді.

Әдебиет.

  1. Авдусин Д.А. Археология СССР. М., 1977.

  2. Авдусин Д.А. Полевая археология. СССР. М., 1980

  3. Акишев К.А. Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. А. 2011

  4. Байпаков К.М., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А, 1993.

  5. Галперина Г.А., Доброва Е.В. Популярная история археологии. М., 2012.

  6. Генинг В.Ф. Предмет и объект науки в археологии. Киев. 2014.

  7. Гинзбург В.В. Палеоантропология Средней Азии М., 2010

Өткізу форматы: (дәстүрлі дәріс, лекция дискуссия, лекция тоқтаулармен, лекция-әңгіме).
Тақырыбы №8. Сарматтардың мәдениеті

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары.

  1. Ерте сармат дәуірі

  2. Орта сармат дәуірі

  3. Кейінгі сармат дәуірі

Тақырыбы №9. Ғұндардың археологиялық ескерткіштері

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары.

  1. Ғұндар археологиясы.

  2. Үйсіндердің археологиялық ескерткіштері.

  3. Қаңлылар археологиясы.

Дәріс тезисі*

Ғұндар тарихи әдебиеттерде «хунну» немесе «сюнну» деген атпен белгілі. Археологиялық қазбалардан табылған заттық деректер ежелгі ғұндар мен қазақтардың байланысы барлығынан хабар береді. Монғол ғалымы С. Доржы жазған «Солтүстік ғұндар» атты кітаптың І – тарауында «Солтүстік ғұндардың молалары» туралы тоқталып, Ноян тауындағы ғұн моласынан табылған жүннен істелген бұйымдарды, ою - өрнек кестелерді баяндайды. Бұл моладан шыққан оюлар мен кестелерде әр түрлі дөңгелек, үшкіл пішінді геометриялық ою - өрнектер бар екен, бұларды талдай келіп Доржы былай дейді: «Бұл кестелер мен өрнектер және олардың құрылымы қазіргі қазақ арасында қолданылып жүрген сырмақтардағы ою - өрнектерді еске түсіреді»

Сонымен, ежелгі замандағы ғұндар батысқа қоныс аударудан бұрын ежелгі қазақ тайпаларымен тығыз байланысты болған. Олар бір мезгіл үйсін, қаңлы, тағы басқа тайпаларды билеген. Солтүстік ғұндар батысқа қоныс аударғанда үйсін, қаңлы, алан жерлеріне келіп, одан соң шығыс Европаға қарай ауған. Осы кезде ғұндардың бір бөлегі осы өңірлерде қалып, үйсін, қаңлы, алан ұлыстарымен тоғысып, оларға сіңісіп кеткен. Ү – ғасырда Еділ мен Днепр аралығындағы ғұн одағы ыдырағаннан кейін, бұлардың бір бөлегі қайта толқып, қазақ даласына келіп, олардың кейінгі ұрпақтары оғыз, қыпшақ, қарлұқ атанып кеткен. Бұл тайпалардың бір бөлегі қазақ халқының құрамына қосылып, қазақ халқын қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Соның үшін ежелгі ғұндарды қазақ халқын құраған қайнардың бірі деуге болады.

Ғұн қабірлерін қазған кезде керамикалар – құмыралар, көзелер, саптыаяқтар табылды. Бұл қыш–құмырашылықтың дамығандығын көрсетеді. Сонымен бірге ғұндардың жауынгер халық болғандығының дәлелдейтін садақ, жебелер табылды. Садақтар екі үлгіде жасалған. Ертедегі садақ ағаштан иіліп, адырнасы тарамыстан жасаған, садақтың жағы сүйек қаптырмалармен қапталды (барлығы –7). Садақтың ұзындығы 70-80 см. болған. Жебеге үш қырлы темір ұш салынған. Екінші түрі үлкен әрі ауырлау болды. Қазбалардан табылған алтыннан жасалған бұйымдар, шетелдік қымбат тауарлары ғұн қоғамындағы әлеуметтік жіктердің болғандығына дәлел.

Ежелгі үйсіндердің материалдық мәдениеті жеткілікті толық зерттелмеген. Жетісудағы, негізіне алғанда Іле аңғарындағы қоныстар мен қорымдары қазу айқын да әсерлі материалдарды береді. Ертедегі үйсіндердің олар қоныстанған бүкіл кең байтақ аумақтағы қабірлерге орнатылған ескерткіштері екі үлгідегі үйілген обалар және жалпақ қоршаулар түріндегі құрылыстар, әдетте, құрылыстардың екі үлгісі де бір қорымдардың құрамынан кездеседі. Кейде қоршаулар жеке қорым құрайды. Бір ғана қоршаулардан тұратын оқшауланған қорымдарды оп-оңай санап шығуға болады. Шығыс Жетісуда олар: Қалқан-2, Үңгірқора-2, Бесшатыр-4, Ақшоқы-3, Ақтасты-5. Олар жазық далаларда, өзен аңғарларында сары топырақтан немесе өзеннің малта тастарынан, тау етектерінде тақ араластырылған топыпақтардан, қиыршық тастардан тұрғызылған. Үйсіндердің негізгі археологиялық мәдениеті 3 кезеңге бөлінеді: І – Қаратал кезеңі (б.з.б. ІІІ-І ғғ.), ескерткіштері: Қапшағай, Өтеген, Қызыл Еспе, Талғар, Теңлік, Берікқара т.б. қорымдары. Жерлегенде жер шұңқырға қазылып оның беті бөренелермен жабылды. Мәйітті шалқасынан жатқызып басын батысқа немесе оңтүстік батысқа қаратты. Олардың қасына саздан жасалған құмыралар және басқа да ыдыстар қойылды. Сонымен бірге қойдың сүйектері, жамбас, сегізкөз мүшелерін қойған. Әшекей бұйымдар қоладан және темірден жасалған. Бұл кезеңде жерлеу құрылыстарының, қойылған заттардың түрлері мен дәстүрі бойынша ұқсастықтар сақтар мәдениетінің сақталғандығын байқатады. Сонымен қатар жаңа сипаттағы ескерткіштер де кездеседі. Қорымдардағы обалар солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле орналасқан. ІІ – «Жетісу» кезеңі (б.з. І-ІІІ ғ.) Ескерткіштері: Талғар-1,3, Бастау-2,3 Өтеген 2,3, Тайғақ І, Алтынемел-1,3,4, Ақтас-7 т.б. Обалар жүйесіз орналасқан. Дөңгелек қаланғаны көрініп тұратын үйінділер мен ағашпен жабылған обалар азайып, бүйірінде ұңғымасы бар шұңқыр пайда болады, яғни қабірдің бір жақ қабырғасынан ұңғыма лақыт қазылып, мәйітті сол лақытқа қойған. Ыдыстардың тереңдігі азаяды, саз бен ағаштан жасалған ыдыстар көбейеді. Темірден, қоладан жасалған ыдыстар, асыл тас пен әшекейлер де жиі кездеседі. ІІІ кезең– Іле кезеңі (б.з. ІІІ–Ү ғғ.) Жерлеу орындарында тас үйінділердің болуымен ерекшеленеді. Қапшағай ІІ, Аралтөбе, Үңгір қора–2, Қалқантөбе қорымдары. Жерлеу орындары тізбексіз және жүйесіз орналасқан. Үйінді үстіне дөңгелете тас қаланған обалардың орнына тастан қаланған шеңбер жоғарғы жағынан топырақпен көміледі. Қабірдің екі түрі – жерден қазылған және ұңғылап қазылған лақыт түрінде кездеседі. Ыдыстардың түбі жайпақ, қабырғалары жұқа. Тастан жасалған дәнүккіштер табылған. Тянь-Шань тауларында Ақтас Қорайлы өзенінің бойында орналасқан. Ақтастан 5 тұрғын үй және шаруашылық құрылыстары аршылды. Қырғыстанның Ыстықкөл жағасынан Сарыбұлын қонысы ашылды. Құмыралар, ыдыстардың түрлері, тастан жасалған кетпен дәнүккіш, сонымен қатар қоладан жасалған әшекей және қару-жарақтар табылды.

Қаңлылардың археологиялық ескерткіштерін 3 мәдениетке бөледі: Қауыншы мәдениеті – Ташкент жазирасында, Отырар - Қаратау – Талас аңғарында, Жетіасар – Қуаңдария және Жаңадарияға дейінгі аралықты қамтиды. Қауыншы мәдениеті ең жақсы зерттелген ескерткіш. Ол Шардараға жақын Ақтөбе қонысынан табылды. Ақтөбе қонысы Сырдарияның сол жағалауында орналасқан. Қала қонысы үш дуалдан, Сырдария жағы қазылған ормен жабылған. Отырар – Қаратау мәдениеті Отырар алқабында шоғырланған. Арыстың сол жақ жағалауында 100 км. жерде Толпақ төбенің қалдығы жатыр, Шаш төбе, Ахай төбе, Ситман төбе, шөлді Пұшықмардан. Ең ірісі – Көкмардан. Ол негізгі және маңайындағы төмпешіктерден тұрады. Төбенің көлемі 2 га. асады. Ең биік жері 15 м. дейін жетеді. Көкмардан қала орталығы болған. Қала орны тек шағын бөлік ретінде ашылды. Үйлері әдетте 1 бөлмелі, 2 бөлме сирек кездеседі. Есіктері үйдің бір бұрышына жақын орналасқан. Бөлмеде адамдар жатқан сәкілер орналасқан, бұрышында сумен азық-түлікке арналған ыдыстар қойылған. Күріш, арпа, бидай, асбұршақтар сақталған. Дәнүккіштер тастан жасалған. Тұрғын үйлер материалдық байлығымен ерекшеленеді. Қазба барысында ғибадатхана міндеттерін атқаратын үйлер де табылды. Қаңлылардың археологиялық ескерткіштерін 3 мәдениетке бөледі: Қауыншы мәдениеті – Ташкент жазирасында, Отырар - Қаратау – Талас аңғарында, Жетіасар – Қуаңдария және Жаңадарияға дейінгі аралықты қамтиды. Қауыншы мәдениеті ең жақсы зерттелген ескерткіш. Ол Шардараға жақын Ақтөбе қонысынан табылды. Ақтөбе қонысы Сырдарияның сол жағалауында орналасқан. Қала қонысы үш дуалдан, Сырдария жағы қазылған ормен жабылған. Отырар – Қаратау мәдениеті Отырар алқабында шоғырланған. Арыстың сол жақ жағалауында 100 км. жерде Толпақ төбенің қалдығы жатыр, Шаш төбе, Ахай төбе, Ситман төбе, шөлді Пұшықмардан. Ең ірісі – Көкмардан. Ол негізгі және маңайындағы төмпешіктерден тұрады.

Тақырыбы №10. Үйсін және Қаңлы археологиялық ескерткіш

Тақырыбы №11. Ортағасырлардағы көшпелілердің ескерткіштері. Көне түркілер мәдениеті.

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары.

    1. Көне түрктер ескерткіштері.

    2. Түргештер ескерткіштері.

    3. Қарлықтар оғыздар ескерткіштері

Дәріс тезисі*

Нарративті деректер бойынша, оның ішінде қытай хронологиялары түріктер ерте кезден-ақ өлікпен бірге өзінің қолданған заттарын, аттарымен бірге өртеп, күлін көрге көмген деп келтіреді. Молаға құлпытас қойып, оған марқұмның бейнесін және ол қатысқан күрес туралы бейнелеген. Егер ол ұрыста 1 адам өлтірсе, 1 тас қоятын болған. Оларда тас саны 100-ден 1000-ға дейін жеткен. Мұндай табынушылық құбылыстар белгілі түріктерде болған қарапайым қоғам мүшесін жерлеуде қоршауға жай тастарды қолданған. Қытай деректерінде кейін түріктер көрші теле тайпаларымен қарым қатынастары нәтижесінде бұрынғы мәйітті өртеу дәстүрін ұмытып, енді өлген адамды өзінің қолданған заттарымен қорған астына жерлейтін болған.

VI-VII ғ. II жартысында Алтайдан атымен бірге көмілген мәйіт табылады. Күдіргі қорғаны- осы типтегі ең алғашқы қорған болып табылады. Онда 575-577 ғғ. жататын монеталар табылған, сондықтан осы қорғаннан табылған заттар комплексті түрде «Күдіргі тиыны» деп аталады.

VII-VIII ғғ. түріктердің ескерткіштері тас қорғандар мен қоршаулар болып келеді. Жерлеу орнының диаметрі 12 м., биіктігі 1,5м. болатын тас үйіндісінен немесе топырақпен көмілген болып келеді және оған бір адамнан жерленген. Мәйіт шалқасынан жатқызылып және басын солтүстікке, солтүстік-шығысқа қаратып қойған. Жанына екі, тіпті үш ат қосып көмген, ал баланы жерлегенде аттың орнына қойды көмген. Бетін ағашпен жауып қоятын болған. Қоршаудың шығыс жағында тас баған түріндегі балбал тастар жиі кездеседі. Тас қоршаудың бес түрі:

1) қосымша құрылыстары жоқ;

  1. шығыс жағында плита немесе үлкен домалақ тастар қойылған қоршау;

  2. балбал тастары бар, адам бейнеленген қоршаулар;

  3. басты плита адам тәрізді тек сұлбасы салынған;

  4. басты плита мен адам фигурасы бар қоршаулар. Бұл қоршау блоктар түріктердің храмы ролін атқарған.

Қарлүқ ескерткіштері негізінен аз зерттелген. Бірнеше қорғандар мен бірнеше қалашықтар анықталған. Жерлеу ғұрпы бойынша мәйітті шалқасынан, созылған күйінде, ал басын шығысқа қаратып жерлеген. Бетін жоғары қойып, бүк түсіріп оң жамбасымен жатқызу да жиі кездеседі. ІХ-Х ғғ. қарлүқтардың таулы жазықтарында отырықшылық жиілей түскен. Бұл туралы сол кездегі араб жазба ескерткіштері және тұрғындардың заттары растап, мәлімет береді. Мысалы: Сырық, Жол, Харран-Жуван. Отырықшы қоныстар бірте-бірте жер игеруге қолайлы ірі феодальдық толтырылған.

Оғыздар мен печенегтердің материалдық мәдениеті бәрінен бұрын Ресей территориясында жақсы зерттелген. Ал Қазақстан жерінде бұл тайпаларға қатысты ескерткіштер Батыс Қазақстан мен Сырдария бойында табылды, бірақ олар оңтүстік орыс ескерткіштерімен салыстырғанда өте аз болып келеді. Оғыздар мен қыпшақтардың материалдық мәдениеті мен жерлеу ғұрпы өте ұқсас, сондықтан да археологияда екі этностың материалдық мәдениетін бір бүтін ретінде қарастырылады. Қыпшақтардың Волга мен Орал далаларында орналасуы туралы екі пікір:1) УІІІ.ғ.;2) ІХ.ғ.;

Нарративті деректер бойынша, оның ішінде қытай хронологиялары түріктер ерте кезден-ақ өлікпен бірге өзінің қолданған заттарын, аттарымен бірге өртеп, күлін көрге көмген деп келтіреді. Молаға құлпытас қойып, оған марқұмның бейнесін және ол қатысқан күрес туралы бейнелеген. Егер ол ұрыста 1 адам өлтірсе, 1 тас қоятын болған. Оларда тас саны 100-ден 1000-ға дейін жеткен. Мұндай табынушылық құбылыстар белгілі түріктерде болған қарапайым қоғам мүшесін жерлеуде қоршауға жай тастарды қолданған. Қытай деректерінде кейін түріктер көрші теле тайпаларымен қарым қатынастары нәтижесінде бұрынғы мәйітті өртеу дәстүрін ұмытып, енді өлген адамды өзінің қолданған заттарымен қорған астына жерлейтін болған.

VI-VII ғ. II жартысында Алтайдан атымен бірге көмілген мәйіт табылады. Күдіргі қорғаны- осы типтегі ең алғашқы қорған болып табылады. Онда 575-577 ғғ. жататын монеталар табылған, сондықтан осы қорғаннан табылған заттар комплексті түрде «Күдіргі тиыны» деп аталады.

VII-VIII ғғ. түріктердің ескерткіштері тас қорғандар мен қоршаулар болып келеді. Жерлеу орнының диаметрі 12 м., биіктігі 1,5м. болатын тас үйіндісінен немесе топырақпен көмілген болып келеді және оған бір адамнан жерленген. Мәйіт шалқасынан жатқызылып және басын солтүстікке, солтүстік-шығысқа қаратып қойған. Жанына екі, тіпті үш ат қосып көмген, ал баланы жерлегенде аттың орнына қойды көмген. Бетін ағашпен жауып қоятын болған. Қоршаудың шығыс жағында тас баған түріндегі балбал тастар жиі кездеседі. Тас қоршаудың бес түрі:

1) қосымша құрылыстары жоқ;

  1. шығыс жағында плита немесе үлкен домалақ тастар қойылған қоршау;

  2. балбал тастары бар, адам бейнеленген қоршаулар;

  3. басты плита адам тәрізді тек сұлбасы салынған;

  4. басты плита мен адам фигурасы бар қоршаулар. Бұл қоршау блоктар түріктердің храмы ролін атқарған.

Қарлүқ ескерткіштері негізінен аз зерттелген. Бірнеше қорғандар мен бірнеше қалашықтар анықталған. Жерлеу ғұрпы бойынша мәйітті шалқасынан, созылған күйінде, ал басын шығысқа қаратып жерлеген. Бетін жоғары қойып, бүк түсіріп оң жамбасымен жатқызу да жиі кездеседі. ІХ-Х ғғ. қарлүқтардың таулы жазықтарында отырықшылық жиілей түскен. Бұл туралы сол кездегі араб жазба ескерткіштері және тұрғындардың заттары растап, мәлімет береді. Мысалы: Сырық, Жол, Харран-Жуван. Отырықшы қоныстар бірте-бірте жер игеруге қолайлы ірі феодальдық толтырылған.

Оғыздар мен печенегтердің материалдық мәдениеті бәрінен бұрын Ресей территориясында жақсы зерттелген. Ал Қазақстан жерінде бұл тайпаларға қатысты ескерткіштер Батыс Қазақстан мен Сырдария бойында табылды, бірақ олар оңтүстік орыс ескерткіштерімен салыстырғанда өте аз болып келеді. Оғыздар мен қыпшақтардың материалдық мәдениеті мен жерлеу ғұрпы өте ұқсас, сондықтан да археологияда екі этностың материалдық мәдениетін бір бүтін ретінде қарастырылады. Қыпшақтардың Волга мен Орал далаларында орналасуы туралы екі пікір:1) УІІІ.ғ.;2) ІХ.ғ.; Оғыздар мен печенегтердің материалдық мәдениеті бәрінен бұрын Ресей территориясында жақсы зерттелген. Ал Қазақстан жерінде бұл тайпаларға қатысты ескерткіштер Батыс Қазақстан мен Сырдария бойында табылды, бірақ олар оңтүстік орыс ескерткіштерімен салыстырғанда өте аз болып келеді. Оғыздар мен қыпшақтардың материалдық мәдениеті мен жерлеу ғұрпы өте ұқсас, сондықтан да археологияда екі этностың материалдық мәдениетін бір бүтін ретінде қарастырылады. Қыпшақтардың Волга мен Орал далаларында орналасуы туралы екі пікір:1) УІІІ.ғ.;2) ІХ.ғ.;

Әдебиет.

  1. Авдусин Д.А. Археология СССР. М., 1977.

  2. Авдусин Д.А. Полевая археология. СССР. М., 1980

  3. Акишев К.А. Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. А. 2011

  4. Байпаков К.М., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А, 1993.

  5. Галперина Г.А., Доброва Е.В. Популярная история археологии. М., 2012.

  6. Генинг В.Ф. Предмет и объект науки в археологии. Киев. 2014.

  7. Гинзбург В.В. Палеоантропология Средней Азии М., 2010

Өткізу форматы: (дәстүрлі дәріс, лекция дискуссия, лекция тоқтаулармен, лекция-әңгіме).
Тақырыбы №12. Ортағасырлардағы көшпелілердің ескерткіштері. Қимақтар мен қыпшақтар.

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары.

    1. Қимақтар ескерткіштері

    2. Қыпшақтар ескерткіштері

Дәріс тезисі*

Сросткин мәдениетін Обь пен Ертіс аралығынан және Байкалда, Барабин жерлерінен алғаш М.П.Грязнов ашқан. Оны ұйғыр, қимақ мәдениеттерімен байланыстырды. Ол мәдениет негізінен VIII-ХІІ ғғ. ғасырларды қамтиды. Сросткин мәдениеті 3 кезеңге бөлінеді. Олар өзара ерекшеліктері арқылы ажыратылады: I - кезеңге VIII-ІХ ғғ. аралығы жатады. Мұндағы жерлеу ғұрпында өлік атымен бірге көмілген және мәйіт басы батысқа, солтүстік-батысқа қаратылған; II - кезең ІХ-Х ғғ. арасын қамтиды, мәйіттің басы солтүстік-шығысқа бағыттталған. Ер адам молаларынан қылыш, садақ пен жебе салынған қорамсап, ат әбзелдері табылса, әйел молаларынан еңбек құралдары мен әшекей бұйымдары шықты; III - кезең XI - XII ғғ. Мұнда жаңа түріктік сипатты белгілермен толығады. Тайпаларының құрамдас болуы мәдениеттің әр түрлі болуына әсер етті. Зерттеуші М.П. Грязнов мұндай ескерткіштердің төрт локальды типін көрсетсе, кейін А.А.Гаврилов екі типін қосты. Мәдениетті зерттеу әлі де жалғасуда

Қимақтар мен қыпшақтардың археологиялық мәселелері. Қимақтар. Бұл халықтың атауы мұсылман авторларына белгілі болған мемлекеттің атына (қимақтар мемлекеті, қимақтар елі) айналған. Бірлестіктің негізін Батыс түрік қағанаты құрамына енген түркі тілді яньмо тайпасы қалаған деген де топшылау бар. Келесі бір зерттеушілер қимақтар атауын шығыстан келген кумоси тайпасымен байланыстырады. Қимақтар туралы мағлұматтар шығыстанушы Б.Е.Көмековтың еңбектерінде арнайы қарастырылған. Қимақтар арасынан бұрын олардың бір тайпасы болған қыпшақ халқы (Еуропада коман, орыс жылнамаларында половцы аталған) келіп шықты. Соңғы жылдары бірқатар шығыстанушы-мамандар (Б.Еженханұлы) қыпшақтар б.з. ІІІ ғасырларындағы дереккөздерінде пайда бола бастаған деген пайымдау да айтып жүр.

Қыпшақтар түркі халықтарының – қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түрікмен, татар, башқұрт, алтай және Солтүстік Кавказдың кейбір халықтарының ұлт ретінде қалыптасуына қатысқан. Қыпшақ этникалық бөлшектері османлы түрік, мысыр, венгр құрамына да енген. Қыпшақтар тарихы, олардың мәдениетінің ерте кезеңдері Қазақстанмен тығыз байланысты. Қимақтардың (йемек, кимек) Қазақстандағы Ертіс бойында алғаш рет пайда болуы VІІ ғасыр орта кезінде орын алған болуы ықтимал, алайда олардың ІХ ғасыр ортасына дейін өмір сүргендігі жайлы мәліметтер әлі мардымсыз болып отыр.

ІХ ғасырда қимақ федерациясы қалыптасады, оның құрамына деректерде «қимақтарға қарағанда, жабайы. Патшасын қимақтар тағайындайды» деген қыпшақтар да болды. Келтірілген материалдар қимақ-қыпшақ бірлестігі тарихындағы (федерацияның қалыптасуы) екінші кезеңді – ІХ ғасырдың ортасы мен екінші жартысына жатқызуға мүмкіндік береді.

Үшінші кезең қимақ-қыпшақ тайпаларының кең аймаққа таралуымен, Еуразияның үлкен өңірлерін игеруімен байланысты, бұл өз кезегінде Х-ХІІІ ғасырларда олар құрған белгілі бір мәдени қауымдастықтың қалыптасуына алып келді.

Ертіс өңіріндегі қимақтардың археологиялық ескерткіштері. Шығыс Қазақстан (Ертістің жоғарғы ағысы) аумағындағы біздің заманымыздың І-мыңжылдығы соңына жататын бірқатар ескерткіштердің қимақтарға жататындығын осы сауалмен айналысқан зерттеушілердің (С.С.Черников, Ф.Х.Арсланова, Е.И.Агеева, А.Г.Максимова, т.б.) барлығы құптайды. 1973 жылы Д.Г.Савинов Солтүстік Алтай мен Оңтүстік-Батыс Сібір маңындағы аудандарды қамтыған сросткин мәдениетінің ескерткіштерін қимақтармен салғастыруды ұсынды.

Қимақтарға жататын археологиялық мәдениеттің ерте кезеңі, қалыптасуы әзірге мардымсыз қарастырылған. Бұл кезеңге Шіліктіде (С.С.Черников) жылқы жерленген қазба (үңгімелі) қабірді, Подстепное ауылы маңындағы қираған қабірді жатқызуға болады. Подстепное қабірінен үсті тегіс қапсырма, ал Шілікті қабірінен үш қанатты жебе ұштары, садақтың ортаңғы жапсырмалары, айылбас, жүген мен түйіндерді шешуге арналған зат шыққан.

Қыпшақтардың археологиялық ескерткіштері. Қимақ-қыпшақ бірлестігіне кіргенге дейінгі және сол мемлекет құрамында болған кездегі қыпшақтардың ескерткіштері нақты анықталына қойған жоқ. Дегенмен Шығыс Қазақстан, Солтүстік және Батыс Алтай мен Батыс Сібірмен шектесіп жатқан өңірлердегі осы уақытқа жататын көптеген ескерткіштер арасында қыпшақтардың да қабірлері бар екендігі айдан анық; алайда нақты дифференциялайтын белгілердің болмауы қыпшақ мәдени кешенін бөліп көрсетуге шынайы мүмкіндік бермей отыр.

Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдегі қыпшақтардың археологиялық ескерткіштерін бөліп көрсетудің бір жолы шығысеуропалық көшпенділер мәдениетінен, яғни қыпшақ-половцы нысандарынан ұқсастықтарды іздестіру болып табылады. Алайда шығысеуропалық көшпенділер ескерткіштерімен ұқсастық, жекелеген сросткин (қыпшақ?) мәдениеті белгілерінің болуына қарамастан, тек оның этнодифференциялдық белгілерін жалпылама түрде ғана сипаттайды. Бұл сросткин мәдениетімен өте жақын кейбір Оңтүстік Орал маңындағы ескерткіштер кешеніне де қатысты.

Бір айта кететін жайт, қыпшақтар қимақ-қыпшақ этноәлеуметтік бірлестігінің құрамында болған кезде, жазба деректемелерге қарағанда біртұтас этносты құрамаған, олар тоғыз тайпадан тұрған. Сондықтан да олардың арасында түрлі мәдени дәстүрлердің болғандығын, яғни әркелкі жерлеу ғұрпы мен сан алуан заттық кешендердің таралғандығын топшылауға болады. Сондай-ақ басқа этникалық топтар арасында да қыпшақтардың өмір сүргендігі анық, бұл да өз кезегінде қыпшақтардың археологиялық мәдениетін бөліп көрсету мәселесін қиындата түседі.

Қыпшақтардың қорымдары мен жекелеген молалары Жетісу мен Орталық Қазақстаннан табылып, зерттелген.

Осындай қабірлердің бірі Тараз қаласы маңынан табылған. Диаметрі 9 м, биіктігі 0,4 м үйінді астынан ұзындығы 2,5 м, ені 1,15 м қабір шұңқыры аршылған. Шұңқыр ұзын жағымен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған. Басы солтүстік-батысқа бағытталған шалқасынан жатқан мүрде ағаш табытқа қойылған. Табыт шіріп кеткен. Бас сүйегінің жанынан күміс алқа табылған, иық тұсында күміс ыдыс тұрған. Осы жерден мата қалдықтары, қола және алтын тіліктер (пластиналар) табылған. Қола тілікке гүл суреті салынған. Мата кесігі мен тіліктер бас киімнің қалдығы сияқты. Белдіктен ортасында фантастикалық жануар бедерленген сегіз жапырақшалы сауыт түріндегі екі ірі қапсырмалар сақталған. Оған осы жерден табылған темір айылбас та жатады.

Әдебиет.

  1. Авдусин Д.А. Археология СССР. М., 1977.

  2. Авдусин Д.А. Полевая археология. СССР. М., 1980

  3. Акишев К.А. Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. А. 2011

  4. Байпаков К.М., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А, 1993.

  5. Галперина Г.А., Доброва Е.В. Популярная история археологии. М., 2012.

  6. Генинг В.Ф. Предмет и объект науки в археологии. Киев. 2014.

  7. Гинзбург В.В. Палеоантропология Средней Азии М., 2010

Өткізу форматы: (дәстүрлі дәріс, лекция дискуссия, лекция тоқтаулармен, лекция-әңгіме).

Тақырыбы №13. Ортағасырлардағы көшпелілердің ескерткіштері. Моңғол дәуірі.

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары.

  1. Моңғол дәуірінің ескерткіштері

  2. Алтын орданың ескерткіштері

Дәріс тезисі*

Батыс Қазақстандағы ортағасырлық көшпенділердің обалары мен қабірлерінде жүргізілген археологиялық ізденістер мұнда ҮІІІ-ІХ ғасырларға жататын ескерткіштердің аз екендігін көрсетіп берді. Ірі қорымдар да жоқ.

Оба үйінділері топырақтан көтерілді, таспен тұрғызылғандары өте сирек. Үйінділердің негізгі бөлігі 8 м-ден 15 м-ге дейін жетеді. Қабір шұңқырының кеңінен таралған тұрпаты кертпе мен үңгіп қазу болды.

Жерлеу ғұрпындағы маңызды мәселе жылқы сүйектерінің болуы еді. Анатомиялық тәртіппен қойылған қаңқа қалдықтары қазылған қабірлердің тең жарымынан шыққан. Жылқы сүйектері шұңқырдағы адам қаңқасы жанындағы мола кертпесінен, шұңқыр жабындысынан алынған.

Оба үйіндісінде немесе қабір түбіндегі малдың сүйектері астың немесе ақіреттің тағамның қалдықтары болып табылады.

Бұл уақытқа жататын жерлеу кешендері негізгі үш түрге бөлінеді: ат қосып жерленген қабір, жылқы қойылмаған қабір мен кенотаф.

Ер адамдардың қабірлерінен қару-жарақ, әйел адамдардың қабірінен сәндік заттар (тарақ, айна, әшекейлер) алынады.

Қару-жарағы (жебе ұштары, сауыт-сайман, т.б.) толық шыққан жауынгерлердің қабірлері аршылған (Шалқар-3, Қарасу-1). Ат сүйегі шықпаған ер адамның қабірлерінен белбеу мен жүген-ноқта алынады.

ІХ ғасыр екінші жартысында қабір шұңқырының жабындысына не болмаса табыт қақпағына «ат тұлыбын» қою жоралғысы тарала бастайды. Сонымен бірге бұл жоралғының біршама өзгерген тұрпаты шыға бастайды, бұл ретте бір немесе екі ат тұяғы қойылды.

Кенотафтар жоғала бастайды.

ХІІ-ХІV ғасырлар ескерткіштері. Оба үйінділерінің көлемі 4-18 м аралығында. Көпшілік ескерткіштер топырақпен көтерілген. Тас араласқан үйінді және үйінді астындағы шикі кірпіш қоршаулары сирек ұшырасады.

Тікбұрышты тұрпаттағы қабір шұңқыры жиі қолданылады. Кей жағдайларда оның қабырғалары түбіне қарай тарылуы немесе кеңеюі мүмкін. Кертпелі немесе қабырғаларында кертпесі бар қабір шұңқырлары мен үңгіп қазылған молалар да ұшырасады.

Жерленгендердің бағытталуы әрқилы, алайда оңтүстікке қарай бағыттау басым.

Жабанды қарапайым тұрпаттағы қабірлерден де, иықшалы молалардан да кездеседі. Тақтай табыттардың қалдықтары да байқалып қалады. Мүрдені ойылған ағаш діңгегінен жасалған діңгек-табытқа салу да жағдайы да ұшырасқан.

Қабірлерден ат әбзелдері (үзеңгі, жүген, ер қалдықтары), қару-жарақ (жебе ұштары, қылыш, қорамсақ пен олардың әшекейлері, қанжар, найза, сауыт); әшекейлер (сырға, сақина, моншақ, айна, «бокка»); тұрмыстық заттар (кресала, пышақ, қайшы, біз, тарақ, ыдыстар); айылбастар, косметикалық құралдар, тері боқша қалдықтары, қола қоңыраулар алынған.

Бай адамдардың қабірі сән-салтанатымен ерекшелінеді. Мәселен, Лебедевка қорымынан ортағасырлық кезеңнің обасы қазылған. Мүрде 2 м тереңдіктегі тақтай үстіне қойылған, басы батысқа бағытталған. Қабір саңлауларына тақтай қойылған.

Қаңқада көйлекке тігілген сауыт пластиналары сақталған. Көйлектің жеңі мен шеттеріне ұзынша тар пластинкалар тігілген. Басының деңгейінде, оң жақта темір дулыға тұрған. Дулығаның төменгі жиегіне темір сақина бекітілген, оған екі қатар тар ұзынша пластинкалар айналдырыла тағылған. Дулыға мен жауынгердің басы арасынан алтын жүзік табылған.

Оң қолының саусақтары тұсында қорамсақ жатқан. Қорамсақ ішіне сапты үшбұрышты темір жебе ұштары салынған. Сауыттың қасында миндаль тұрпатты алтын жалатынған екі күміс пластина жатқан, олардың біріне мүйізді екі таутеке мен аузында күнді тістеп тұрған арыстан бейнесі түсірілген. Басқа екі қапсырмаға жіп түріндегі өрнек бедерленген.

Сарбаздың аяқтарының арасында, тізесінің деңгейінде қоңырау пішінді күміс ыдыс тұрған. Шұңқырдың артқы қабырғасында, мүрденің аяғына таман аттың жүген-ноқталарының қалдықтары жатқандығы анықталған.

Оң қолының сүйектерінің тұсынан ұзын, қайқы темір қылыш (ұзындығы 95 см, жүзінің ені 4 см) пен істік алынған. Аяқ сүйектерінің қасынан сақиналы жүген мен айылбас аршылған.

№3 обадан ер адамның қаңқасы шыққан. Бұл обаның диаметрі 16 м, биіктігі 1,1 м. Жоғарыдағы молаға қарағанда бұдан аса айтарлықтай ештеңе шыға қоймаған. Алынған заттар: үзеңгі түрлері, белбеу айылбастары, оған сән беріп тұрған күміс шаршы жапсырма мен екі жүзік.

ХІІІ ғасырдың алғашқы жартысында моңғол шапқыншылығына байланысты түпкілікті өзгерістер болды.

Бұл кездері солтүстікке қарай бағытталған қабірлер саны ұлғая бастайды. Қабір құрал-саймандары арасында «бокка» бас киімі мен металл қаңылтырынан қиылған адам мүсіндері секілді заттар пайда болады.

Алтын Орда тұсындағы кезеңде жерлеу ғұрпы өзгере бастайды, шығыс бағыт батысқа және солтүстікке ауысады, қабір шұңқырының тұрпаты қарапайымдана түседі.

Жерлеу қабірінен әлемдегі ең нұрлы ислами дәстүрлер анық байқалады. Қалалар маңындағы бейіттерде мұсылмандық жосын-жоралғымен жерленген адамдар саны арта бастайды. Оң қолының саусақтары тұсында қорамсақ жатқан. Қорамсақ ішіне сапты үшбұрышты темір жебе ұштары салынған. Сауыттың қасында миндаль тұрпатты алтын жалатынған екі күміс пластина жатқан, олардың біріне мүйізді екі таутеке мен аузында күнді тістеп тұрған арыстан бейнесі түсірілген. Басқа екі қапсырмаға жіп түріндегі өрнек бедерленген.

Сарбаздың аяқтарының арасында, тізесінің деңгейінде қоңырау пішінді күміс ыдыс тұрған. Шұңқырдың артқы қабырғасында, мүрденің аяғына таман аттың жүген-ноқталарының қалдықтары жатқандығы анықталған.

Оң қолының сүйектерінің тұсынан ұзын, қайқы темір қылыш (ұзындығы 95 см, жүзінің ені 4 см) пен істік алынған. Аяқ сүйектерінің қасынан сақиналы жүген мен айылбас аршылған.

Жерлеу қабірінен әлемдегі ең нұрлы ислами дәстүрлер анық байқалады. Қалалар маңындағы бейіттерде мұсылмандық жосын-жоралғымен жерленген адамдар саны арта бастайды.

Әдебиет.

  1. Авдусин Д.А. Археология СССР. М., 1977.

  2. Авдусин Д.А. Полевая археология. СССР. М., 1980

  3. Акишев К.А. Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. А. 2011

  4. Байпаков К.М., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А, 1993.

  5. Галперина Г.А. Доброва Е.В. Популярная история археологии. М., 2012.

  6. Генинг В.Ф. Предмет и объект науки в археологии. Киев. 2014.

  7. Гинзбург В.В. Палеоантропология Средней Азии М., 2010

Өткізу форматы: (дәстүрлі дәріс, лекция дискуссия, лекция тоқтаулармен, лекция-әңгіме).

Тақырыбы №14. Ортағасырлық қалалар. VI – XV ғғ.

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары.

  1. Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалары.

  2. Жетісудің ортағасырлық қалалары.

Дәріс тезисі*

Қазақстанның орта ғасырдағықалалары.

Архелогиялық зерттеулерде ерте орта ғасырғақарағанда орта ғасырдың дамығанкезіндеотырықшылықмәдениет өркендеп, қалаларсаны көбейген.

Егер бұрын Оңтүстік қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейнгі кезде зерттеулер бойынша, олардың саны 37 қалаға жеткен. Жазба деректерде алғашқы кезенде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33-ке жетті.

Қалалар санының өсуі Шығыстың экономикалық, мәдени байланыстар жүйесіне қатысуға байланысты қалалар маңызының артқандығын көрсетеді. Екіншіден, қала манында жартылай көшпелі мал өсірушілердің отырықшылана бастауы қала санының өсуіне әсер тигізген.

Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жерлері – Арыс өзенінің Сырдариядағы қосылатын тұсындағы сағалары. Арыстың орта ағысында орталығы Осбаникент қаласы болған Кенже аймағы құрылса, ал өөзеннің сырдарияға құяр жерінде орталығы Отырар қаласы болған Фараб аймағы орын тепкен. Ал Шауғар аймағында

Қарнақ, Шур , Шағылжан қалалары болған. Сырдың орта ағысында – Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ , Жанкент, Асынас Жент, Баршынкент қалалары өмір сүрген.

Қалаллық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері – Жетісу аймағы. Әсірісе оңтүстүк-батыс Жетісудың орталығы Таразда да қала мәдениеті өркендеген. Бұл аймақта 36 қала жұрты табылды. Солтүстік-шығыс Жетісудан (орталығы – Лабан, Алматы, Талхир қалалары) 70 қала жұрты ашылған.

Қалалар тек саны жағынан ғана емес, көлемі, экономикалық жағынан да өсіп отырған. Оны негізінен үш топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары жатады. Ондай қалалар Испиджаб, Отырар, Сауран, тағы басқалар. Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар жатады. Мұндай қалалар Бурух, Хурлуг, тағы басқалар. Ал үшінші топқа көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар - Алмалық ,

Лавар, Қапал, Ақтам, Арасан, тағы басқалар жатқызылған. Мұнадай қалалар 1 және 2- топқа қарағанда өте көп кездеседі. Қалалар көлеміндерінің үлкен-кіші болуының өзі, олардың тұрғындарының санына ғана емес, ішкі құрұлыс жүйелеріне, қоғамдық сауда , діни орындардың орналасуына да байланысты.

X-XII ғасырлардағы қалалар дамуының өзіне тән бір ерекшелігі - бұл кезде отырықшылық мәдениеттің дамуы Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарына қарай жайыла бастауы. Мәселен , Ұлытау етегіндегі Басқамыр, Аяққамыр немесе Кеңгір өзенінің бойындағы Сарайлы, Торайлы қалаларының өмір сүруі қалалық мәдениеттің дамуын көрсетеді.

Қалақұрылысындағы өзгерістер. Қалаларғажүргізілген археологиялық Зерттеу жұмыстары олардың ішкі құрылыс жүйелерінен толық мағлұмат береді.

Дамыған ортағасырлық қалалар Отырар, Тараз, Талғар, Баба-Ата, Құйрықтөбеге кең көлемде жүргізілген қазаба жұмыстары, бұл қалалардың қоғамдық құрылыс орындары жобаларының қанадай дәрежеде болғандығын көрсетті. Көшелер онын екі жағына салынған үйлер, шаруаға қажетті бөлмелер, олардан аулақтау жерге шеберханалар аршылған. Шеберханалар – қыш-құмыралардың махалласы тұрғын үйлерден алыстау салынатын болған. Жазба және археалогиялых деректерді салыстырғанда, ертедегі орта ғасырдағы қыш құмырашылар махалласына қарағанда дамыған орта ғасырдағы құмырашылар шеберханалары екі-екі жарым есе ұлғайған. Бұған байланысты үйлер саны да өскен. Отырар қаласын қазған кезде сауда орны анықталған. Оған басты дәлел, бұл аумақта жүріс-тұрыс көп болғандықтан , көшеге қыш-құмыралардың сынағы төселген. Құмыршылардың шеберханасы қаланың оңтүстік жағында, биіктеу жерге салынған. Қолөнер шеберлері шоғырланған қала көшелелері сол негізгі кәсіп атымен (Зергерлер көшесі) аталған.

X-XII ғ. Қалаларыедағы басты бір жаналық – жаңадан салына бастаған қала құрылысының ерекше бір жүйесі – мұсылман дінінің енуі байланысты мешіттердің пайда болуы. Осы кездегі қалалардың құрылыс жүйесінің тағы бір жаңа түрі – шығыс моншасы. Отырар қаласының екі жерінен шығыс моншасының орны табылған. Мұндай моншалар Тараз, Йасы, тағы басқа қалалардан да белгілі болған. Тараз, Отырар моншаларына су қыш құбырлармен тартылған. Мұның өзі орта ғасыр мәдениетінің даму дәрежесін көрсетеді.

Зерттеу жұмыстары қалалардың бекінісітері жайлы да мәлімет береді. Отырар қаласының дуалы да мәлімет береді. Отырар қаласының дуалы табанының қалындығы 6,2 м болса, ол жоғарылаған сайын сүйірленіп, 1,5 м-ге дейн жұқарған. Қалалардың қорғаныс жүйелері олардың үлкен-кішілігіне байланысты әрқалай болған. Мәселен, Х ғасырдағы Баба-Ата қаласының шахристанының дуалы екі қатар етіп кірпіштен тұрғызылған. Дуалдың жиегіне кірпіштен кемер жасалған. Ол жерге қарауыл немесе қаланы немесе шабуылдан қорғаушылар тұрған.

Жетісу аймағындағы қалалардың қорғаныс жүйелері, ішкі құрылыс жүйесі де өзгеше болған. Жергілікті ру-тайпалардың отырықшылануына байланысты, Талғар қаласының ішіндегітұрған үйлердің жанында малға арналған қора-жайлар да салынған.

Сонымен, Х ғасырдан ХІІІ ғасырдың басына дейінгікезендеҚазақстандағы қалалардың құрылысжүйелерінде елеулі өзгерістер болды. Ол қаланың үшінші сыртқы бөлігінде қалыптасуы, махаллалар көлемнің ұлғаюы, қала құрлымындағы жаңа элементтер – мешіт, монша сияқты қоғамдық құрылыстар салынып, қорғаныс бекіністерінің неғұрлұм мықты бола түсуіне көрінеді.

Тұрғын үйлер. Х-ХІІ ғасырлар қалаларына жүргізілген қазба жұмысының кезінде аршылған үйлердің құрылыс жұйелері ерте орта ғасыр кезінде (VІ-ІХғасырлар) салынған үйлерге ұқсас екендігі байқалды. Бірақ Х ғасырдың тұрақ-жайларында бөлме сандары көбйе бастайды. Бөлменің еден дейіңгі тек кіреберіс алдындында ғана сақталды. Сәкілер бөлменің жартысын, тіпті үлкен бөлігін алып тұрады. Бөлмеге аузын есік жаққа қаратып тандыр ошақ орнатылды. Мұражасы тандырдың артқы жағынан тесіліп, түтін қабырғаның бойымен үйдін төбесі арқылы шығарылған. Ал тандырдың жанында төрт бұрышты 30х30 см, беті ашық ошақ болады. Оған қазап тұрған шоқ салып қояды. Ол үйге жылу беру үшін пайдаланылған. Үйдің төбесі бір немесе 3-тен 5-ке дейін белағаш қойылып немесе итарқа етіліп жабылған. Үйдің төбесінің жабылуы оның көлеміне байланысты болған.

Тандыр ошақтың оң жақ бұрыш қабырғасында ыдыс-аяқ қоятын ұя-тақта жасалады. Қабырғанын ортасында шырақ немесе әр түрлі ұсақ-түйек құрал-саймандар қоятын ойықтар болады. Ал ошақтың алдында күл түсетін шұңқырлары бар.

ХІ-ХІІ ғасыр тұрғын үйлері құрылысында да өзгерістер болған. Мәселен, Құйрықтөбе қаласын қазғанда қатар жасалған үш бөлмелі, бір-бірімен байланысты үйлер аршылған. Қазақтар ондай үйлерді “қоржын үй” деп атаған. Ондай үйлер қазақ қыстауларында көптеп кездеседі. Олардың сәкілері бөлмелердің тең жартысын алып жатады.

Әдебиет.

  1. Авдусин Д.А. Археология СССР. М., 1977.

  2. Авдусин Д.А. Полевая археология. СССР. М., 1980

  3. Акишев К.А. Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. А. 2011

  4. Байпаков К.М., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А, 1993.

  5. Галперина Г.А., Доброва Е.В. Популярная история археологии. М., 2012.

  6. Генинг В.Ф. Предмет и объект науки в археологии. Киев. 2014.

  7. Гинзбург В.В. Палеоантропология Средней Азии М., 2010

Өткізу форматы: (дәстүрлі дәріс, лекция дискуссия, лекция тоқтаулармен, лекция-әңгіме).

Тақырыбы №15. Ортағасырлық қалалар. XV – XVIII ғғ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет