Білім беру бағдарламасының (ларының) білім алушыларына арналған gpzja 6308Ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет30/82
Дата18.11.2023
өлшемі2.5 Mb.
#483594
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82
umkd

СЕМИНАРЛАР 
 
1-семинар. «Педагогикалық мәселелер сипаттамасы және білім 
берудің көкейкесті мәселелерін анықтау». 
Зерттеу проблемасын таңдау және оны негіздеу өте күрделі мәселе. 
Дж.Бернал стратегиялық бағыттағы теорияны анықтау, оны іске асырудан күрделі 
дейді. 
Зерттеу проблемасы қайшылық ретінде: зерттеу мәселесінің табиғаты 
күрделі, сондықтан зерттейтін танымдық проблема ескі білімді жаңа білімге 
алмастыруы тиіс, ал жаңа өзінің кемелденген қалпына әлі жете қоймағандықтан, осы 
қайшылық танымды дамытып, жаңа ғылыми нәтиже әкеледі. 
Зерттеу проблемасы ғылым мен практика арасындағы қайшылықты көрсетеді. 
Оның табиғаты диалектикалық таным заңдылығы арқылы түсіндіріледі. Ғылыми 
танымның дамуы қалыптасқан теория мен қазіргі практика арасындағы қайшылықты 
көрсетеді. 
Ғылыми білімнің дамуы барысында қайшылықты тенденция пайда болады: 
біріншіден - ескі түсінікті жаңа болжам негізінде өзгертіп, екіншіден - бұрынғы 
теорияның іргелі негіздерін сақтап қалу қажет. Жаңа мен ескінің арасындағы 
қайшылықты, ескіні қажетсіз деп тусінуге болмайды. Педагогикалық зерттеулер - 
оқыту мен тәрбиенің жаңа тиімді мақсаттарын жүзеге асыруды көздеуі шарт. Жаңа 
өзінен-өзі пайда болмайды, ол ескінің орнында пайда болады. 
Зерттеу проблемасының шынайылығы: зерттеушінің ашқан белгісіз 
жаңалығы шын мәнінде жаңа ма? Зерттеушінің тұспалы бойынша зерттелген 
ауқымдағы ғылымға белгісіз заңдылық шын мәнінде бар ма? Зерттеуші ғылым мен 
практиканың қажеттілігін шешуді көздеу керектігін шын мәнінде түсіне ме? 
Міне, осы өлшемдер ескерілсе ғана, проблеманың мәні мен оның 
шынайылығы анықталады. 
Зерттеу жүргізу үшін педагогикалық процесті біртұтас көре білу керек. 
Тарихилық және қисындылықтың қарым-қатынасы: кез келген зерттелетін 
проблеманың мәні, оның тарихи дамуымен тығыз байланысты. Тарихилық пен 
қисындылық принципі барлық психологиялық және педагогикалық зерттеулерге тән. 
Проблеманы таңдап, оны негіздеуде тарихилық пен қисындылық принциптерді 
дұрыс қолдана білу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет